Үлгілік оқу жоспары



бет9/18
Дата26.08.2017
өлшемі4,39 Mb.
#28187
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


Ескерту:ЖБП– Жалпы білім беретін пәндер; ЖГП– Жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП- Әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтіксабақтар.

*Семестр бойынша бөлу оқыту формасына, мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына 33-қосымша


«0105000 - Бастауыш білім беру»мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің

үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклы және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (орта буын маманы)

Циклдің, пәннің индексі

Пәндердің, практикалардың атаулары және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар

Қалыптаса

тын құзыреттердің коды



ЖБП 00

Жалпы білім беретін пәндер

ӘЭП 00

Әлеуметтік –экономикалық пәндер

ӘЭП 01

Мәдениеттану:

Мәдениет теориясы Ежелгі дәуір мәдениеті

(Үндістан, Қытай, Месопотамия, Грекия, Рим).

Ортағасыр мәдениеті (Ортағасырлық Шығыс. Ортағасырлық Батыс).

Жаңа дәуір мәдениеті (ХҮІІ–Х ІХ ғ.ғ.) ХХ ғ. мәдениеті. Мәдениет және дін.


Білімдер:

  • алғашқы қауымдық мәдениет кезеңдері;

  • Ежелгі Үндістан, Қытай, Месопотамия, Грекия, Рим мәдениетінің негізгі кезеңдері;

  • Ортағасырлық Шығыс елдерінің ұлы ғалымдарының, ақындарының, Қайта өрлеу дәуірі ғұламаларының әлем мәдениетіне қосқан үлесі;

  • реализм, символизм, натурализм және импрессионизм бағыттарының ерекшеліктері;

  • ХХ ғ. мәдениеті;

Іскерліктер:

  • мәдениеттану пәнінің ғылым ретіндегі мәнін ашу;

  • Беғазы- Дәндібай мәдениеті ерекшеліктерін көрсету;

  • Ежелгі Үндістан, Вавилон, Ассирия, Иран, Ежелгі Грекия, Рим елдерінің ең ірі мәдени ошақтарының тарихи құндылығын талдау;

  • Ортағасырлық Батыс Европа және Қазақстанның сәулет өнерін, Қайта өрлеу дәуірі өкілдерінің еңбектерін сипаттау;

  • Ортағасырлық Шығыс поэзиясын сараптау;

  • ХҮІІ, ХҮІІІ-ХІХ ғ. ғ. өнер стильдерін салыстыру;

  • ХХ ғ. мәдениетін сипаттау;

  • мәдениет пен діннің арақатынасын ашу.

БҚ1,2,4,5,7,9


ӘЭП 02

Философия негіздері:

Философия пәні, оның қалыптасуы және даму тарихы.

Философия – теория мен методологияның бірлігі.

Әлеуметтік философия мәселелері.




Білімдер:

  • ғылыми-философиялық үрдістің қалыптасу;

  • материя ұғымы және оның негізгі формалары;

  • диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары;

  • қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сфералары;

Іскерліктер:

  • философияның басқа ғылымдар жүйесіндегі алатын орнын айыру;

  • философияның басты мәселесінің мәнін ашу;

  • философиялық ойдың даму тарихын сипаттау;

  • дүниенің болмысын және оның түрлерін сипаттау;

  • диалектиканы әрі жеке ғылым, әрі философияның таным үрдісінде қолданатын әдісі ретінде сипаттау;

  • философиядағы гносеологияның даму заңдылықтарын ашу;

  • қоғамның экономикалық базисі мен идеологиялық қондырмасын және олардың қарым-қатынасын сараптау;

  • ғылыми-техникалық революцияның адамзатқа әкелген табыстары мен зиянды жақтарын сараптау;

  • ғаламдық проблемаларды талдау.

БҚ1,2,4,5,7,9

ӘЭП 03

Саясаттану және әлеуметтану негіздері:

Саяси ой тарихы және қазіргі саяси мектептер.

Қазақстандағы қоғамдық ой. Саясат түсінігі. Саяси билік. Саяси жүйе. Мемлекет. Саяси партиялар. Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар. Саяси процестер және саяси өзгерістер. Әлеуметтану пәні, оның қоғамдағы орны мен рөлі.


Білімдер:

  • саясаттанудың ғылымның дербес пәні ретінде пайда болуы мен дамуы;

  • саясат объектісі мен субъектісін және атқаратын қызметтері;

  • саяси жүйе ұғымы, құрылымы, қызметі;

  • саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуы;

  • қоғам ұғымы, құрылымы, қызметі;

  • қоғамдық ойдың даму тарихы;

Іскерліктер:

  • ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі саяси ой тарихы кезеңдерін сипаттау;

  • Қазақстандағы саяси ахуалға өз көзқарасын білдіру;

  • саяси режимдердің (тотаритарлық, авторитарлық, демократиялық) мәнін ашу;

  • мемлекеттің пайда болуы, белгілері мен қызметтерін, себептерін ашу;

  • Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстары мен саяси партияларының қоғам өміріндегі атқарып жатқан іс - әрекеттерін бағалау;

  • саяси процестердің мәні мен құрылымын сипаттау;

  • социология ғылымының қалыптасу үрдісіне үлес қосқан ойшылдардың өмірі мен көзқарастарын сипаттау.

БҚ1,2,4,5,7,9

ӘЭП 04

Экономика негіздері:

Экономикалық теорияға кіріспе. Микроэкономика. Макроэкономика. Дүниежүзілік экономика.

Өтпелі экономиканың теориялық негіздері.



Білімдер:

  • экономикалық теория пәні, қоғамдағы экономиканың рөлі;

  • экономикалық ойдың даму тарихы және қазіргі бағыттары, мектептері;

  • тауар және қызметке сұраныс және ұсыныс түсінігінің айырмашылығы және бағаның тепе-теңдігі;

  • дүниежүзілік экономика дамуының бағыттары;

  • өтпелі кезеңде макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі;

Іскерліктер:

  • экономикаға ғылым ретінде толық анықтама беру;

  • экономикалық жүйенің типтері мен модельдерін талдау;

  • нарықтың мәнін, негізгі факторларын, қызметін және түрлерін түсіндіру;

  • биржаның қалыптасу себебін және қазіргі экономикадағы мәнін ашу;

  • экономикалық өсудің негізгі факторларын, деңгейлері мен түрлерін сипаттау;

  • қазіргі ғалам проблемаларының экономикалық аспектілерін түсіндіру;

  • қоғамның әлеуметтік- экономикалық даму жолдарын сипаттау;

  • нарықтық экономика теориясын талдау, бағалау.

БҚ1,2,4,5,7,9

ӘЭП 05

Құқық негіздері және еңбекті қорғау:

Құқық негіздері:

Мемлекет және құқық негiздерi. Конституциялық құқық негіздері. Азаматтық құқық, меншік құқығы, отбасы құқығы, әкімшілік құқық, қылмыс құқығы, еңбек құқығы негіздері. Экологиялық құқық негіздері. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік.



Еңбекті қорғау.

Еңбек туралы Заңның сақталуын мемлекеттік тексеру және қоғамдық бақылау. Білім беру ұйымдарындағы еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Еңбек заңдарының негіздері.

Білім беру мекемелеріне арналған санитарлық-техникалық талап негізі. Зақымдану. Бала зақымдануының алдын-алу жұмыстары.

Электр қауіпсіздігінің негізгі талаптары.

Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары.



Білімдер:

  • мемлекет пен құқықтың қалыптасуына әсер еткен қоғамдық тарихи жағдайлар;

  • ҚР Конституциясы, ҚР заңдары;

  • Қазақстандағы сайлау жүйесі, азаматтардың сайлауға қатысуы;

  • әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жазалар;

  • еңбек келісімшарты, ұжымдық шарт, еңбекақы, еңбек тәртібі;

  • қоғамды демократияландыру, құқықтық мемлекет құру ісі;

  • еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың түрлері мен формалары;

  • «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» Заңы;

  • жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым‑қатынас;

  • еңбекті қорғау жағдайын бақылау түрлері;

  • қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ететін бөлім ретінде еңбекті қорғауды басқару нысаны;

  • бөлме температурасының бекітілген және рұқсат етілетін санитарлық нормалары;

Іскерліктер:

  • мемлекеттің негізгі заңын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімін қалыптастыру;

  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалану;

  • құқық бұзушылық фактілерін талдау;

  • қылмыс заңына, қылмыс құрамына анықтама беру;

  • нормативтік-құқықтық актілерді қолдану;

  • құқықтық тәрбиелеу әдістерін таңдау мен дұрыс қолдану;

  • құқықтық құжаттар мазмұнын талдау.

  • санитарлық-гигиеналық, алды-алу, емдік, эргонометриялық шараларға салыстырмалық талдау жасау;

  • адамды электр тогынан қорғауға арналған құралдарды айыру;

  • төтенше жағдайда алғашқы көмек көрсету;

  • өндірістік қызметке байланысты сұрақтарды шешуде еңбекті қорғау бойынша білімдерін қолдану.

БҚ1,2,3,4,5, 6,7,9

ПҚ 1.6.9


ЖГП.00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП 01

Кәсіби орыс тілі:

Лексика-грамматикалық материал (2300 лексикалық бірлік)

Синтаксис. Тіл дамыту. Терминология. Кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздікпен).

Іскерлік құжаттар. Кәсіби құжаттар.

Кәсіби терминдер.

Кәсіби қарым – қатынас. Іс жүргізу.




Білімдер:

  • орыс тілі, қажетті лексикалық және грамматикалық минимум (2300 лексикалық бірлік);

  • тілдік нормалар;

  • фонетикалық, сөзжасамдық жүйе, морфологиялық, синтаксистік құрылым;

  • іскерлік құжаттар;

  • кәсіби терминдер;

Іскерліктер:

  • іскерлік қарым-қатынас (іскерлік әңгіме, кеңес т.б.) дағдыларын пайдалану;

  • түрлі жанрда жазбаша мәтін құрастыру;

  • өзін-өзі бақылау, грамматикалық және сөйлеу қателіктерін түзету.

БҚ1,2,4,5,7,9

ЖГП 02

Кәсіби шетел тілі:

Лексикалық-грамматикалық материал (2300 лексикалық бірліктер).

Мамандық бойынша кәсіптік тілдің негізі, кәсіптік лексика,

фразеологиялық құрылымдар және терминдер.

Кәсіптік қарым-қатынас.



Білімдер:

  • үйретілетін тіл;

  • мамандығы бойынша лексикалық сөз топтары, грамматикалық материал, сөйлем құрылымы, тақырыптық сөз топтары;

Іскерліктер:

  • іскерлік әңгімелесу;

  • диалог мазмұнын әңгіме түрінде жазбаша беру және керісінше әңгімені диалог түрінде беру;

  • берілу ретін сақтай отырып, іскерлік құжаттарды өңдеу;

  • Интернет жүйесін, факс жіберуді және электронды поштаны қолдану.

БҚ1,2,4,5,7,9

ЖГП 03

Өзін-өзі тану:

Жаңа қауымдастық. Ересектер ойын ойнай ма? Пікірлесе білу -баға жетпес байлық. Көкжиектің ар жағында не бар. Құндылық. Ғұмыр ұзақтығындай жол.



Білімдер:

  • «Өзін-өзі тану» пәнінің теориялық негіздері;

  • студенттің азаматтық мәртебесі;

  • рухани-адамгершілік құндылықтар:

  • өзін-өзі бақылай, бағалау;

  • өз жетістіктері мен кемшіліктері;

  • өмірлік ұстанымын қалыптастыру;

Іскерліктер:

  • адамның қарым-қатынастарын үйлесімді құру;

  • табиғи, әлеуметтік, әрекеттесу жүйесіндегі тепе-теңдік күйді сақтау;

  • өмірлік көзқарасын анықтауда, өмір жолын таңдауда өз бетінше шешім қабылдау.

БҚ1,2,4,5,7,8,9

ЖГП 04

Қазақстан тарихы:

Қазақстан тарихы (XV – XXI ғ. басы).

ХҮ-ХҮІІ ғ. ғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында.

ХҮІІІ-ХХ ғ. ғ. қазақ халқының патшалық Ресейдің езгісіне қарсы ұлт-азаттық күресі. Қазақстан 1917 ж. Қазан төнкерісі және азаматтық қарсыластық кезеңінде. “Алаш” партиясының тарихы. Қазақстан тоталитарлық кезеңде (ХХ ғ. 20-50 ж. ж. ). Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941-1945 ж. ж. ). Қазақстан авторитарлық кезеңде. Қазақстан қайта құру кезеңінде. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.


“Қазақстан-2030”- стратегиялық бағдарламасы. Қазақстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті және оның ғылыми еңбектері. Қазақстан және Еуразиялық қауымдастықтық құру үрдісі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты.

Білімдер:

  • қазақ мемлекеттілігінің тууы, дамуы қалыптасу ерекшеліктері;

  • Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы, отаршылдық саясаттың мәні;

  • Патшалық үкіметтің құлауы мен Қазақстанда Уақытша үкіметтің пайда болуы;

  • «Алаш» партиясының құрылуы және оның қайраткерлері туралы;

  • Азамат соғысы мен соғыс жылдарындағы экономикалық саясаттың халыққа тигізген ауыртпалығы;

  • Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысының шайқастары мен тылында көрсеткен ерліктері;

  • авторитаризм кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық даму ерекшеліктері;

  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу үрдісі;

  • ТМД елдерінің интеграцияландыру үрдісінің ерекшеліктері;

  • Қазақстандық Жастар Конгрессінің мақсат-міндеттері.

Іскерліктер:

  • XV – XXI ғ. басындағы саясатқа сипаттама және тарихи баға беру;

  • Қазақстанның Ресейге қосылу себептерін ашу;

  • Қайта құру кезіндегі экономика мен саясаттағы қарама-қайшылықтар мен проблемаларды сараптау;

  • Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үрдісін сипаттау;

  • Евразиялық Қоғамдастықты, оның Қазақстандағы Евразиялық Қоғамдастықты қалыптастырудағы ролін ашу;

  • жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбие берудегі Қазақстанның жастар ұйымдарының рөлін ашу.

БҚ1,2,4,5,7,9

ЖГП 05

Дене тәрбиесі:

Теориялық мәліметтер. Жеңіл атлетика. Гимнастика. Туризм. Шаңғы дайындығы. Жүзу. Спорттық ойындар. Қимылды ойындар. .




Білімдер:

  • қауіпсіздік техникасы ережелері;

  • спорт түрлері бойынша ережелер;

  • гимнастикалық жаттығуларды орындау, жүгіру, граната лақтыру, шаңғымен жүру, спорттық ойындар, қозғалмалы ойындар, туристің жеке жабдықтарын пайдалану техникасы;

Іскерліктер:

  • дене жаттығуларын дұрыс орындау;

  • волейбол, баскетбол ойнау, снарядта гимнастикалық жаттығулар орындау, шаңғымен жүру, туристік жорықтарға қатысу, компасты пайдалану, азимут пен жорық жолбағытын анықтау.

БҚ1,2,4,5,7,8,9


ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП 01

Психология:

Психология пәніне кіріспе.

Танымдық, эмоциональдық – еріктік процестер.

Жас ерекшелік психологиясының негіздері. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы.

Педагогикалық психологияның негіздері.


Білімдер:

  • психологияның мазмұны, міндеттері, әдістері, ми және психика, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері;

  • жеке адамның таным процестерінің: (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау және сөйлеу, қиял), эмоциональдық – еріктік процестердің ерекшеліктері;

  • жас ерекшелік психологиясының негіздері, мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы балалардың дамуындағы психологиялық ерекшеліктері;

  • мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы ерекшеліктері;

  • оқу – тәрбие процесінің педагогикалық негіздері;

  • мұғалім, гувернант, күтуші, мерекелік шаралар ұйымдастырушының педагогикалық қабілеттері мен жеке қасиеттері;

Іскерліктер:

  • жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін тану және зерттеу, мидың рефлекторлық іс-әрекетін талдау;

  • балалардың таным процестерінің ерекшеліктерін анықтау;

  • балалардың психикалық және анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін тани білу;

  • мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін пайдалану;

  • оқу процесінде білім алушылардың жеке тұлғасының ерекшеліктерін диагностикалау және ескеру.

БҚ1,2,4,5,7,9

КҚ

1.5.1,



1.6.1,

1.7.1,


3.1.1,

3.1.4-3.1.8,

3.2.1,

3.2.4-3.2.8,



3.3.1,

3.3.4- 3.3.8,

3.4.1,

3.4.4- 3.4.8




ЖКП 02

Педагогика:

Педагогиканың жалпы негіздері: педагогика пәні және міндеттері, зерттеу әдістері, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі, жеке тұлғаның даму факторлары, қалыптасуы.

Тәрбие теориясы: тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, тәрбие бағыттары.

Дидактика. Мектептану негіздері.




Білімдер:

  • педагогика пәні, негізгі ұғымдары, әдістері;

  • білім беру жүйесінің даму тарихы, кезеңдері;

  • тәрбиенің міндеттері, мазмұны, бағыттары;

  • сынып жетекшінің, гувернанттың, күтушінің, мерекелік шаралар ұйымдастырушының міндеттері, функциясы;

  • дидактикалық ұғымдарды оқыту түрлері, принциптері, әдістері, формалары;

  • педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік жұмысы;

  • мектепішілік бақылау әдістері, басшылық стилдері;

  • озат педагогикалық тәжірибе және инновация.

Іскерліктер:

  • педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану;

  • Қазақстан Республикасының білім туралы мемлекеттік құжаттарын өз жұмысында қолдану;

  • білім беру жүйесі туралы ақпараттарды жүйелеу;

  • балаға, білім алушыға, сыныпқа сипаттама беру;

  • тәрбие әдістерін, құралдарын, формаларын қолдану;

  • оқыту мазмұнын, әдістерін, формаларын оқыту принциптеріне сүйене отырып жоспарлау;

  • білім алушылардың және балалардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау және бағалау формаларын қолдану;

  • білім алушылармен өзара мақсатты әрекет ұйымдастыру.

БҚ1,2,3,4,5, 6,7,8,9

КҚ

1.5.2,



1.5.3,

1.5.5,


1.5.9,

1.6.2,


1.6.3,

1.6.5,


1.7.2,

1.7.3,


1.7.4,

1.7.6,


1.7.8,

3.1.1, 3.1.2,

3.1.4 - 3.1.12

3.2.1, 3.2.2,

3.2.4 - 3.2.12

3.3.1, 3.3.2,

3.3.4 - 3.3.12

3.4.1, 3.4.2,

3.4.4 - 3.4.12



ЖКП 03

Этнопедагогика:

Қазақ этнопедагогикасы: теориясы және ғылыми-әдістемелік негізі. Этнопедагогикалық идеялардың қысқаша тарихы. Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері: дене, еңбек, эстетикалық, ақыл-ой, елжандылық, экологиялық.

Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі. Білім беру жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасы.


Білімдер:

  • этнопедагогиканың пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері;

  • этнопедагогикалық идеялардың тарихы және қалыптасуы;

  • ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, елжандылық, экологиялық тәрбиенің мазмұны, құралдары.

Іскерліктер:

  • қазақ халқының тәрбиесі туралы ақпараттар жинау;

  • отандық педагогтардың этнопедагогикалық зерттеулерін оқу-тәрбие жұмысында қолдану;

  • ұлттық тәрбиені жоспарлау.

БҚ1,2,4,5,7,9

КҚ

1.5.2, 1.5.9,



1.6.2, 1.6.5,

1.7.2,


3.1.2, 3.1.4, 3.1.8, 3.1.11,

3.2.2, 3.2.4, 3.3.8, 3.2.11,

3.3.2, 3.3.4, 3.3.8, 3.3.11

3.4.2, 3.4.4, 3.4.8, 3.4.11




ЖКП 04

Тәрбие жұмысының әдістемесі:

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, тәрбиенің әдістері, формалары, сынып жетекшісінің іс - әрекеті, сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып сағаттарын жоспарлау және өткізу. Жеке тұлғаны қалыптастыру моделі. Білім алушыларға ұлттық тәрбие беруегі халықтық педагогика.





Білімдер:

  • мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, бағыттары;

  • тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары;

  • тәрбие жұмысын жоспарлау ерекшеліктері;

  • сынып жетекшісінің міндеттері және функциялары;

  • білім алушыларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолдану;

Іскерліктер:

  • тәрбие жұмысын жоспарлау және өткізу;

  • тәрбиенің алуан түрлі әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдану;

  • сыныптық, сыныптан тыс, мектептен тыс шаралардың алуан түрін қолдану;

  • сынып жетекші жұмысын жүзеге асыру;

  • ата-аналармен жұмыс жүргізу.

БҚ1,2,4,5,6, 7,8,9

КҚ

1.5.2, 1.5.9,



1.6.5, 1.6.6,

1.7.1, 1.7.2, 1.7.8,

3.1.2, 3.1.4, 3.1.8, 3.1.11,

3.2.2, 3.2.4, 3.3.8, 3.2.11,

3.3.2, 3.3.4, 3.3.8, 3.3.11

3.4.2, 3.4.4, 3.4.8, 3.4.11




ЖКП 05

Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі:

Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы. Зерттелетін мәселенің жағдайына талдау жасау. Зерттеу әдістері: бақылау, педагогикалық тәжірибе, педагогикалық эксперимент, сұрау әдістері.

Білім беру саласындағы алғашқы құжаттар: кітаптар, мақалалар, тезис-баяндамалар, энциклопедиялар, анықтамалық кітаптар, есептер мен диссертациялар, нормативті-техникалық құжаттар (стандарттар және т.б.), патенттер және басқа құқық қорғайтын құжаттар

Екіншілей құжаттар: аннотация, реферат және шолулар. Библиографиялық және реферативті басылымдар (реферативті журналдар).

Білім алушылардың зерттеу жұмыстарының логикасы және құрылымы, ғылыми жұмыстың нәтижелерін безендіру.


Білімдер:

  • студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары;

  • педагогикалық зерттеу әдістері (бақылау, сұрау әдістері, эксперимент);

  • зерттеудің логикасы және құрылымы;

  • педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу процесі;

Іскерліктер:

  • зерттеу мақсатын, міндеттерін қою;

  • бақылау жүргізу, сауалнама, шағын эксперимент өткізу;

  • педагогикалық тәжірибені зерттеудің әдіс-тәсілдері;

  • ғылыми жұмыс нәтижелерін безендіру.

БҚ1,2,4,7,9

КҚ

1.5.1,



1.6.1,

1.7.1,


3.1.1, 3.1.5, 3.1.12,

3.2.1, 3.2.5, 3.2.12,

3.3.1, 3.3.5, 3.3.12

3.4.1, 3.4.5, 3.4.12





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет