Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


«Сөз материалының түр сипаты»



Pdf көрінісі
бет39/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
«Сөз материалының түр сипаты» 
(Қ.Жұбановтың морфология саласындағы еңбектері жайында) 
Грамматикалық ұғымдар мәселесі 
 
Профессор Қ.Жұбанов тіл білімі (Қ.Жұбанов «тіл ғылымы» деген 
терминді қолданады) салаларының ішінде, әсіресе, грамматикаға үлкен мән 
берген. Қ.Жұбановтың грамматикалық зерттеулеріне көз жүгіртсек, 
ғалымның бұл саланы: 1) дыбыс жүйесі (фонетика), 2) сөз тұрпаты жүйесі 
(морфология), 3) сөйлем жүйесі (синтаксис) деп бөліп қарастырғанын 
көреміз. Ғалым өзінің «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» грамматиканың 
жекелеген салалары туралы айтудан бұрын, жалпы «грамматика» терминінің 
мән мазмұнын, зерттеу объектісін, сонымен қатар оның құрамына нелер, 
қандай категориялар кіреді? деген мәселенің басын ашуды мақсат етеді. Бұл 
ретте әлемдік тіл білімінің тәжірибелерін, атап айтқанда, Марр, Шапиро, 
Пешковский, Петерсен, Фортунатов, Ф. де Соссюр т.б. ғалымдардың ой-
тұжырымдарына сүйене отырып, тілдің грамматика саласының құрамдас 
бөліктері туралы, яғни «грамматиканың қандай пәндерден құралатындығы 
жайлы» әлемдік тіл біліміндегі үш бағытты атап көрсетеді. Олар:
1) 
Грамматика морфология және синтаксис салаларынан тұрады деп 
танушылар.
Бұл бағытты ұстанушылар «форманы жүйелі түрде ұсынушы 
батыста Фердинанд де Соссюр, Ресейде академик Фортунатов болды, ал 
Петерсен, Пешковский – солардан өрбігендер». Қ.Жұбанов бұл бағытты 
ұстанушыларды «формашылдар» деп атайды;
2) 
Грамматикаға фонетика саласын да қосып атаушылар.
Қ.Жұбанов 
бұл бағыттың өкілі ретінде Богородицкийдің («үнді-европа тілдерінің 
ғалымы, грамматика мәселесінде психологизм ағымын қолдаушы») «Орыс 
тілінің жалпы курсы» деген кітабындағы: «Грамматика – тіл ілімінің бір 
тарауы. Ол үш тараудан (бөлімнен) құралады – фонетика, морфология, 
синтаксис», – деген пікірлерін келтіреді. Ғалым бұл бағытты ұстанушыларды 
«психологистер» деп атайды.
3) 
Грамматиканы үш пәннен (морфология, синтаксис және 
лексикология) құралады деп танушылар.
Ф. де Соссюр «формашыл» 
бағыттың негізін қалағанмен, грамматика салаларын атауда «тіл қалпының 
ішіне тілдің сөздігі де кіретін болғандықтан, лексикологияны да 
грамматиканың бір тарауы деп атайды.
Проф. Қ.Жұбанов әлемдік тіл біліміндегі грамматиканың құрамдас 
бөліктері туралы бағыттарды осылайша жіктеп көрсетіп қана қоймай
олардың әрқайсысына өзіндік пікір-көзқарастарын білдіріп отырады. 
Мәселен, Ф. де Соссюрдің сөз өзгерту құбылыстарын синтаксис 
құбылыстарынан бөлек қарағысы келген тұжырымдарына қарсы батыл пікір 
айтады: «
Ф. де Соссюр сөз өзгерту құбылыстарын синтаксис құбылысынан 
бөлек қарағысы келеді, бұл екеуін грамматиканың екі бөлімі дегісі келеді, 
демек, бұдан іс шықпайды, өйткені сөз өзгерту құбылыстары деген – 


86 
синтаксистің кәдесін өтеу үшін, бір сөзбен екінші сөзді байланыстыру үшін 
жұмсайтын тілдік амалдары ғана
» (8, 83).
Қ.Жұбановтың өзіндік көзқарасы, ойы бар, батыл, қайсар, өр мінезді 
ғалым екендігін танытатын тағы бір факті – Шапироның грамматиканың 
құрамдас бөліктері туралы ойларына сыни пікір білдіруі. Ғалымның өз 
сөзімен айтқанда: «
Шапиро – бірде мағынашыл, бірде формашыл. Шапиро 
грамматиканың құрамын формашылдарша түсіндіреді, оның қандай пән 
екендігіне келгенде, тілдің құрылысын қарайтын ғылым дейді, мұнысында 
фонетика болмай шығады; материалсыз құрылыс бола ма? 
Шапиро құрылыс теориясын Маррдан алған, бірақ нендей құрылыс 
екендігін өзі де түсінбеген, сондықтан дыбыстарды шығарып тастаған; 
грамматика морфология мен синтаксистен құралады, бұған дыбыс кірмейді 
деген қисыны ол формашылдардан алған

Шапироның пайымдаулары 
жоғарыдағы ағымдардың біреуінікі де емес, өзінікі де емес, қойыртпақ
» (8, 
83).
Қ.Жұбанов Маррдың грамматика туралы айтқан пікірлерін келтіре 
отырып, лексика грамматикаға кірмейді деген тұжырым жасаған. «
Олай 
дейтініміз – грамматика даяр нәрсені қарамайды, ал лексика – даяр 
материал. Тіл (өзіне керектің) даярын, даяр емесін біледі, сөз мүшелерін 
біледі, ал біз солардан құрап аламыз. Демек, лексика бұрыннан дербес сөз 
болып, даяр болып тұрған соң грамматикаға кірмейді. ...Грамматика сөз 
құраудың техникасын қарайды; сөз материалының түр сипатын қарайды
» 
(8, 90).
Қ.Жұбанов фонетиканы да грамматикамен тығыз байланысты сала деп 
таныған. Ғалым грамматиканың құрамына морфология мен синтаксисті ғана 
кіргізетін ғылыми бағыттарды біле тұра, «
фонетика дыбыстардың ұстасу 
амалын қарайды, демек, морфологияның міндетін қарайды, фонетика 
синтаксисті де қарайды
», – деп, өзінің «Қазақ тілі грамматикасының кейбір 
мәселелері» 
атты 
еңбегінде 
фонетиканы 
морфология, 
синтаксис 
мәселелерімен бірге қарастырған. Бұдан біз Қ.Жұбановтың жалпы 
грамматика мәселесіне екі тұрғыдан келгендігіне көз жеткіземіз, бірі тар 
ұғымда, грамматика – морфология және синтаксис салаларынан тұрады, кең 
ұғымда ол фонетиканы да қамтиды.
Қ.Жұбанов қандай да ғылыми пайымдауларын болсын шетел, орыс 
ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп жасаған. Сонымен қатар әлемдік тіл 
біліміндегі ғылыми тұжырымдарға сын көзбен қарай отырып, қазақ тілінің 
материалдары негізінде өзіндік қорытынды жасаған. 
Әлемдік тіл біліміндегі түрлі бағытта өрбіген ғылыми теорияларды 
қазақ тіліне елеп-екшеп әкелген. Олардың дұрыс-бұрысын саралап, нақты 
тілдік фактілерге сүйене отырып, тілдік құбылыстар табиғатын дәл таныған.
Қазіргі қазақ тіл білімінде де «грамматика» ұғымы Қ.Жұбанов ғылыми 
негізін қалаған бағытпен қалыптасты. Оған дәлел – академиялық 
грамматикалардың Қ.Жұбановтың ізімен кең ұғымда тіл білімінің фонетика 
саласын да қоса қамтуы. 1967 жылы жарық көрген академиялық грамматика 


87 
(32), сондай-ақ 2002 жылы жарық көрген «Қазақ грамматикасында» (33) 
фонетика саласына көлемді орын берілген.
Қ.Жұбанов «Грамматика нені қарайды, қандай пәндерден құралады» 
деген тақырыпта қазіргі тілдік жүйедегі жаңа ғылыми ұғымдар ретінде 
қарастырылып жүрген біраз дүниелерді атап кеткен. Солардың бірі – тілдегі 
синтагма, парадигма
ұғымдары. Ф. де Соссюрдің
синтагма реті, 
ассоциация реті 
деген ұғымдар туралы айтқан ой-пікірлерін талдап, 
«
синтагма – құрау дегенді білдіреді. ...Морфемдерден бастап, сөйлеуге 
дейінгі элементтердің тізбегі синтагма қатары болып табылады
», – деген 
тұжырым жасайды. Ал қазіргі грамматикалық категорияларға қатысты 
«парадигма» ұғымын 
«ассоциация қатары»
деп атайды (8, 87).
Қ.Жұбанов грамматика мәселелері туралы ой-пайымдауларында 
грамматикалық мағынаның сөз таптарымен арақатынасына да көңіл 
аударған. Сөз таптарының ортақ грамматикалық мағына арқылы 
топтастырылатынын дәл көрсеткен. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, 
«
Грамматика бұл терминнің мәнісі түрлі сөздердің жақын-алыстығын 
тергей, әр тобына белгілі форма тағатын, сөздер ауыл-үй қонғанда, оларға 
тиісті орын сайлап беретін ғылым саласы дегенді білдіреді. Сөздің 
грамматикалық мағынасы дегеніміз – сөз бен сөздің арасындағы осы 
жуықтықты көрсететін жағы. Сондықтан сөз бен аталған заттардың, 
құбылыстардың ұқсастығын осы грамматикадан білеміз. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет