Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет9/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

 
Тұңғыш профессор 
 
1932 жылы аспирантураны аяқтап, жолдама алып Қ.Жұбанов Алматыға 
оралады. Ол мұнда Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы 


19 
қазақ педагогикалық институтының (ҚазПИ-дің) профессоры қызметіне 
тағайындалады. Сәл кейінірек, 1932 жылдың 1 қазанынан бастап 
директордың (ректордың) бұйрығымен қазақ тілі мен әдебиет зерттеулерін 
біртұтас шоғырландыру мақсатымен екі кафедра біріктіріледі де, оның 
меңгерушісі болып бекітіледі. Осы қызметке қоса, оған аспирантураға 
шәкірттер даярлайтын курстың бастығы міндеті жүктеледі. Ал 1934 жылдың 
қыркүйегінен бастап Қ.Жұбанов ҚазПИ-де тек кафедра меңгерушісі ғана 
емес, декан міндетін де бірге атқарады. 
ҚазПИ-де қызмет еткен жылдары беделді профессор Қ.Жұбанов Қазақ 
КСР Ағарту халық комиссариаты оқу-методикалық кеңесінің жетекшісі, 
КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалы Лингвистика секторының 
меңгерушісі секілді аса абыройлы жұмыстарды қоса атқарады. 1933 жылдың 
1 қыркүйегінен бастап ол Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы 
методика, программа, оқулықтар секторының бастығы болып қызмет етеді. 
Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш монографиялық зерттеу жазып, алғашқы мектеп 
оқулығы мен оқу бағдарламасын жасайды. Ғалым Қ.Жұбанов қазақ 
филологиясы кадрларын даярлап, түлетіп өсірудегі қызметі өз алдына ұшан-
теңіз. Республикамыздағы аты белгілі ірі-ірі ғалымдар өздерін Қ.Жұбановтың 
шәкіртімін дегенді мақтан тұтады.
1934 жылы тіл білімі салысындағы тұңғыш профессор атағына ие болған 
ғалым Халық ағарту саласындағы ерен еңбегі үшін 1935 жылы 
«Қазақстанның 15 жылдығы» атты құрметті белгімен наградталды. 1935 
жылы Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшелігіне сайланады, 
кәзіргіше айтқанда, парламент депутаты болады. 
Қайраткер қызметі – құжаттар тілімен
Қазіргі тарихнамада Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі Қазақстан 
мәдениет құрылысының белді қайраткерлерінің бірі ретінде негізінен 20-
жылдардың аумағында аталып жүр. 1963 жылы Қазақ ССР Ғылым 
Академиясы тарапынан жарық көрген «Қазақстан тарихында» мынадай 
сөздер бар: «Екінші бесжылдық жылдарында Қазақстандағы бірінші 
педагогикалық институт ірі оқу орындарынан саналып, маңызды мәдени 
ошақтардың біріне айналды. Мұнда әдебиет пен тіл білімінің, сондай-ақ, 
Қазақ ССР тарихының маңызды мәселелері қаралды. Институт профессоры 
Қ.Жұбанов жаңа қазақ орфографиясын жасауда үлкен жұмыстар атқарды. 
Сонымен қатар алғашқы оқулықтар, грамматика жөніндегі зерттеулер, 
диалектология, қазақ тілінің тарихы туралы мәселелердің бәрі Қ.Жұбановтан 
басталған болатын. 1936 жылы оның «Заметки о вспомагательных и сложных 
глаголах», «Из истории порядка слов в казахском предложении» атты 
еңбектері жарық көрді. 1937 жылы білікті, таланты мен творчестволық 
күшінің толысқан кезеңінде ол жазықсыз жаланың құрбаны болды» (11, 529-
531). 


20 
Сонымен қатар бұл кітапта республикамызда 1935-1936 жылдар 
арасында жалпы атауы 200-ге жуық мектеп оқулықтары мен оқу 
құралдарының жарық көргендігі, олардың таралымы 3 млн. данаға жеткендігі 
айтылады. Бұл кездері аударма оқулықтардан тыс түпнұсқа қазақ 
оқулықтарының да баспадан шыққандығын айта келіп, соның мысалы 
ретінде проф. С.Асфендияровтың V-VI сыныптарға арнап жазған «Қазақстан 
тарихының очеркі», проф. Қ.Жұбановтың V сыныпқа арнап жазған «Қазақ 
тілінің грамматикасы» оқулығы және С.Сейфуллин мен Ө.Тұрманжановтың 
V сыныпқа арнап жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты басылымдардың 
болғандығы мысалға келтіріледі. 
Ғалымның ес білгеннен кейінгі өмір жолы, үлкен ғылымның соңына 
түсіп, оқу білімге талпынуы қалай басталып, қандай бел-белестен өтті деген 
сұрақ оның өмірбаянын жинастырушы, ғалымдық талпыныстарын қызықтап, 
ізерлеуші адамдарға ой салады. Осы мақсатпен шұғылданудың нәтижесінде 
ғалымның ұлы Есет Құдайбергенұлы Жұбанов пен ғалым мұрасын 
зерттеушілердің бірі М.О.Миров мұрағат деректері негізінде Құдайберген 
Қуанұлының өмір тарихының кейбір беттерін толықтыратын тың деректер 
ұсынды. Мәселен, болашақ лингвист Қ.Жұбановтың 20-жылдардың орта 
шенінде Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде қызмет істей жүріп Мәскеу, 
Ленинград, Баку, Қазан, Ташкент қалаларындағы түркологияның көрнекті 
мамандарымен байланысып, түркі тілдерін зерттеуге өздігінен әзірленгендігі 
оның шығармашылық өмірбаянын жұртшылыққа таныстырған академиктер 
М.Әуезов пен І.Кеңесбаевтің және т.б. ғалым жайындағы естелік 
мақалаларында сөз етілгені көрсетіледі. Осы әңгімелердің растығын 
дәлелдейтін, тіпті, Қ.Жұбановтың ізденіс жолының нақты белгілерін 
нұсқайтын тың деректер кейінгі жылдары мұрағат сөрелерінен де табыла 
бастады. Мәселен, филология ғылымының докторы, профессор Мекемтас 
Мырзахметов Ташкендегі Орта Азия Мемлекеттік университетінің 
мұрағатынан 
бірсыпыра 
құжаттар 
тауып, 
олардың 
көшірмелерін 
Жұбановтану зертханасының қорына табыс еткен. Бұл құжаттардың жалпы 
көлемі машинка бетімен есептегенде он үш беттік тігінді. Алайда, 
М.Мырзахметовтың айтуынша, Ташкент мұрағатындағы түпнұсқада бұның 
жалпы мөлшері іс қағаздары тігілген толық бір папка шамасы болса керек. 
М.Мырзахметов соның ішінен іріктеп кейбір нұсқаларды ғана өз қолымен 
көшіріп алған. Тақырыптар бойынша бөліп атағанда қолда бар құжаттардың 
аттары мынадай: біріншісі – Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінің жанындағы 
жоғары оқу орындарына студенттер қабылдайтын іріктеу комиссиясына сол 
мекеменің инспекторы Қ.Жұбановтың өтініші. Онда арыз иесі өзінің 
инспектор міндетін атқаруға оқу білімі мен теориялық даярлығының 
жетімсіздігін ескере отырып, өзін Орта Азия Мемлекеттік университетінің 
шығыстану факультетіне педагогтік мамандық бойынша оқуға жіберуді 
сұрайды. Арыз 1926 жылы тамыз айының 8 күні жазылған. Келесі құжат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет