Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет6/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
Зейінді шәкірт 
Қырғыз Оспан ишанның Жобалдағы қызыл мешітінен бес-алты 
жасында арабша дәріс алған Құдайберген жаңаша мектепте өзгелерден озық 
тұрады. Жаңаша оқуға бейімділігін танытып, қабілетін көрсетеді. 
Құдайбергеннің ұлдары Ақырап және Есет Жұбановтар «Әке шаңырағының 
шырақшысы» атты естелігінде Оспан ишанның Жобалдағы қызыл мешіті 
туралы былайша сыр шертеді: «Темір-Орқаш болысының құм шоқылы, 
көлтабанды, қайың-терегі аралас өскен ағаш-талды Орқаш дейтін жағында 
ерте заманнан бір-екі ауыл көлемінде жатақ қырғыздар тұратын. Олар өз 
руларын Тата, Барақ, Естек, Рысқұл деп бөліп санағаны болмаса, салт-
санасы, тіл менғұрпы жағынан жергілікті қазақтардан еш айырмасы жоқ, 
этникалық жағынан әбден сіңісіп кеткенел болатын. Дегенмен, соларды 
сағалап, басқа жақтан келіп қоныстанып қалатын келімсек қырғыздар да 
болмай тұрмайтын. Сондай бір ретпен ағайынды Омар, Оспан деген екі адам 


14 
Орқаштағы қырғыздардың ортасынакеліп, Қотыртас деп аталатын тау 
жынысты бұйраттың Жобал деген тұмсығына қызыл қайрақ тастан мешіт 
үйінсалдырады» (6, 262). 
Болашақ ғалым бала кезінен көркем әдебиетке қатты еліккен. 
Мұсылманша оқып, шығыс тілдерін жақсы игеруі оның Фердоусидің 
«Шахнамасы», Сағдидің «Гүлстаны», Низамидің «Ләйлә-Мәжнүні» сияқты 
шығыстың классикалық шығармаларын түпнұсқасынан оқуына себін 
тигізеді.
Едәуір ұзақ жас жасап, соғыстан кейінгі жылдары дүние салған Ленин 
орденді қарт мұғалім Әбділдә Беркінов өзінің «Зейінді шәкірт еді ол» деген 
естелігінде: «1911 жылы Уфадағы медресе «Ғалияны» бітіріп қайтқаннан 
кейін білім нәріне шөлдеген қазақ жастарының көзін ашуды өзіме мақсат 
еттім. Сол кездегі бастаған сүйікті қызметіммен 1955 жылы қоштастым. Осы 
өткен 44 жыл жас буынды тәрбиелеу жұмысымда менің алдымнан көптеген 
дарынды жастар өтті. Міне, сол жастардың ішінде Құдайберген де болды... 
Ауыл ұстасы Сатыбалдыға қозылы қой беріп салдырған шым мектепке келіп-
кетіп жүрген санаулы жастардың ішінен ұяң мінезді қараша бала асқан 
зейінді, ұғымталдығымен сол кезде-ақ көзге түсті. Сол жылдардың өзінде 
Құдайберген орыс тіліне соншалықты құмар еді. Сондықтан болар ол 
Орқаштың бір кластық орыс мектебінің мұғалімі Әжіғалиев Құсайыннан 
сабақ алып жүрді. Осы кезден бастап Құдайберген Жұрында, Күйік 
қаласында, Орынборда оқып, білім шыңына қарай өрлей берді. Мен ұзақ 
ұстаздық өмірімнің бір жарқын беті Жұбановтарға қалам ұстатып қара 
танытқан кезім деп білемін. Кейінгі шәкірттеріме де осы қос ғұламаның 
қасиетті мінез-құлықтары, зеректігі жөнінде айтып, үлгіге ұстап отырдым. Ал 
Жұбановтарға ұстаздық еткенімді өзім мақтаныш етемін», – дейді (7, 301). 
Құдайберген Жұбановтың таңдамалы еңбектерінің бір томдық жинағына 
(8) кіріспе жазған академик I.Кеңесбаевтың бағалауынша, ғалымның батыс-
шығыс тілдерін еркін меңгеріп, полиглот-ғұлама болуының ең бірінші себебі 
– оның терең де тиянақты орта білім алуында жатса керек. Алғаш бес-алты 
жасар кезінде ауыл молдасына «барып «тілін сындырып», жеті-сегізге 
келгенде ауылдан 25-30 шақырымдай жердегі «Қотыртас» аталатын құм 
төбенің қырғыздар жақ бетіндегі Жобал деген тұмсығына салынған Оспан 
ишанның мешітінде үш жылдай оқыған, 14-15 жасында әкесінің 
мақұлдауымен 
Орынбордағы 
«Хұсайния» 
медресесін 
тамамдаған 
Құдайберген Жұбанов араб, парсы, шағатай тілдерін тыңғылықтап игеріп 
алған, яғни «мұсылманша» оқудың орта дәрежелі курсын мұқият аяқтаған. 
Құдайберген қай жерде, қандай оқу орнында оқыса да, үнемі алдыңғы 
қатарлы шәкірт болады, «үздік» дегеннен басқа баға алмайды. Ахмет 
Жұбанов өзінің ағасы жайлы бір әңгімесінде: «Біз Жұрындағы орыс 
мектебіне Құдайберген екеуміз бірге келіп түстік. Бізге орыс тілін оқытатын 
жергілікті шіркеудегі поптың қызы еді. Кейін естідік, ол астыртын 
революциялық ұйымдармен байланысы бар адам екен. Мен оның 
сабақтарынан көпшілігінде «жақсы» деген баға алатынмын. Құдайберген 


15 
болса, тек «үздік» бағамен оқыды. Жақсы оқыған шәкіртін ұстаз да жақсы 
көреді емес пе... Құдайбергеннің сабақ айтқанына риза болған мұғаліміміз 
оған әрдәйім «милый, мой милый!» деп тіл қататын», – деп сыр қозғайды. Бір 
ғажабы, Қ.Жұбанов өзі түскен ресми оқу орындарының бәрін уақытынан 
бұрын бітіріп отырған: бес жылдық Жұрын мектебінің төртінші-бесінші 
кластарын бір жылда, Електегі алты жылдық училищенің 5-6 класын бір 
жылда, «Хусайния» медресесін үш жылда тамамдап шыққан. Оның оқуға де-
ген зейінділігі мен ғаламат алғырлығы, міне, осы жайлардан айқын көрінеді. 
Сол кездері халық ағарту ісін прогреске жетелейтін жол деп ұққан 
жастар қазақ арасында бір шоғыр болып көріне бастады. Құдайбергеннің жас 
күніндегі жақын досы Жиенғали Тілепбергенов те қазақ зиялылары арасында 
осындай бағыт ұстанған болатын. Ж.Тілепбергенов Құдайбергеннен 
ересектеу болған, сол кезде ол Ғалия медресесінде оқыған. Бұл жастарға 
жоғары білім берген жақсы бір оқу орны саналған әрі сол кездегі Ақтөбе 
атырабынан зиялы қауымның шығуы мен жетілуіне зор ықпал еткен. 
Қ.Жұбановтың 1914 жылы Орынбордағы Хұсайния медресесіне оқуға 
барып түсуіне, бәлки, осы кісінің (Ж.Тілепбергеновтің) берген ақыл-кеңесі де 
себепші болуы мүмкін. Осында жүріп ол жалпы білім беретін пәндерді 
тереңірек үйреніп, орыс тілін жетік меңгере бастады және Ш.Х.Сарыбаев, 
Н.Манаев, Е.Жәрменов сынды абзал жолдастар тапты. Шамғали Сарыбаев 
кейін қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық курсын жазған әдістемеші 
ғалым атағына ие болды. Н.Манаев, Е.Жәрменов болса, халық ағарту 
саласында жемісті еңбек еткен белгілі қайраткерлер дәрежесіне көтерілді.
1917 жылы Жұрындағы екікластық орыс мектебін бітіргеннен кейін 
Құдайберген Орқаштағы біркластық орыс мектебінің мұғалімі Құсайын 
Ашығалиевтің кеңесімен Күйікқалаға (Илецк) барып, ондағы екікластық 
училищеге түсіп, білімін әрмен қарай жалғастырады. 
«Құдайбергеннің осы Күйікқала сапарына аттануының өзі бір қызық 
жағдай болып еді, – деп еске алады ол кісінің бірге туған інісі – өнер 
ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ахмет 
Қуанұлы Жұбанов. Со бір жылғы Қуанның отбасындағы қиыншылықтарға 
орай әкеміз Құдайбергенді оқуға жібермей, үй шаруасымен айналысасың деп 
ауылда қалдырған-ды. Бір күні әкеміз Құдайбергенді Жұрындағы теміржол 
стансасынан азық-түлік алып келуге жұмсаған еді, ағамыз теміржол 
стансасына жеткен бойда астындағы атын телеграф бағанына байлапты да, 
Күйікқала қайдасың деп келе жатқан бір пойызға мініпті де кетіп отырыпты. 
Стансаға барған ауылдың адамдары әкеміздің атын танып, бағаннан шешіп 
алып, үйге әкеп тапсырғанда Құдайбергеннің оқуға кетіп отырғанын бір-ақ 
білдік» (9). 
Сонымен, Оспан ишанның мешітінен Құран үйренуден бастап, 
Күйікқаладағы орыс училищесінен орта білім тәмамдаған Құдайбергеннің 
білім алу жолындағы қадамының алғашқы кезеңі осымен аяқталды десек те 
болады. 


16 
Шығыстың ғұламаларының шығармаларын жата-жастанып оқыған 
жасқа Орынбордағы, Күйікқаладағы кезең орыс тілін жетік білуге септігін 
тигізеді. Осының нәтижесінде орыс тіліндегі бай әдебиетпен танысуға 
мүмкіндік алады. Кейін қазақ, орыс тілдерінде бірдей жүйрік жазуына осы 
кезеңдегі алған ілім-білімнің әсері мол болды деуге толық негіз бар. 
Құдайберген Жұбановтың білім деңгейі сол кезең үшін жоғары сапалы 
болғандығын айтқан жөн. Бұл жөнінде академик І.Кеңесбаевтың былай 
дегені бар: «Қ.Жұбановтың алғашқы шәкірттік кезеңде алған білімдері 
кейіннен оның жақсы тіл маманы болуына негіз болды. Бұл жылдарда ол 
құрылысы басқа араб, парсы және орыс тілдерін тәжірибе жүзінде игеріп 
алады. Құдайберген Жұбанов он сегіз жасқа толмай жатып түркі, араб және 
парсы тілдерінде сөйлей де, жаза да білген» (8). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет