Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


«Бірде бәсең, бірде қатаң»



Pdf көрінісі
бет17/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
«Бірде бәсең, бірде қатаң» 
(Қ.Жұбановтың фонетика саласындағы еңбектері жайында) 
Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов туралы тілші-ғалым 
Ә.Жүнісбеков: «Қазақ тілінің дыбыс жүйесін түгел қамтып, оның жан-жақты 
ғылыми сипаттамасын берген ғалым қазақ тілінің фонетикасын пән ретінде 
қалыптастырған санаулы қайраткерлердің бірі болды», – (28, 193) деп жазуы 
тұңғыш профессордың қазақ фонетикасындағы орнын айқындап тұр. Ғалым 
жазған «Қазақ тілі грамматикасының» арнаулы фонетика бөлімі – осыған 
айқын дәлел. Бұл еңбекте 
дыбыс, дыбыстың саны мен сапасы, дауысты-
дауыссыздар, олардың артикуляциясы мен акустикасы, дыбыстау 


61 
аппараты, буын, сингармонизм, екпін
түгел сөз болады. Сөйтіп, еңбектің 
фонетика бөлімі бас-аяғы бүтін жүйелі тарауға айналған. 
Зерттеуші Н.Сәдуақас профессор Қ.Жұбановтың қазақ фонетикасы мен 
оның терминологиясына қатысты ғылыми мұраларына жан-жақты талдау 
жасап, ғалымның қазақ тілі дыбыстарының саны мен сапасы, олардың 
жіктелуі, буын, сингармонизм, фонетика терминдері жөнінде тұжырымдары 
мен пайымдауларын қарастырды. Зерттеуші ғалымның ғылыми мұрасына 
баға бере отырып, «Қ.Жұбановтан бұрынғы тілші ғалымдар фонетиканы 
дыбыс жайындағы ғылым деп түсінетінін, бірақ табиғаттағы (күн күркіреуі, 
арба сылдыры т.б.) адамнан тысқары, қоғамдық қажеттіліктен тумаған 
(түшкіру, қырылдау т.б.), қоғамдық (музыка т.б.) және бір тілде 
сөйлеушілерге түсінікті (малды шақыру, жел шақырғандағы ысқыру т.б.) 
дыбыстарды фонетика тексермейтінін айтып, адамның пікір алысып
сөйлеуге қызмет ететін тіл дыбыстарын ғана өзінің зерттеу объектісі ететінін 
ескертеді дейді. Ол ғалым: «
Фонетика – дыбыс тілі дыбыстарының тілдік 
қасиеттерін тексеретін ғылым
», – деп, проф. Қ.Жұбановтың қазақ 
лингвистикасында алғаш рет фонетиканың зерттеу объектісін көрсетіп 
бергендігін айтады (29). 
Қазақ фонетикасын зерттеуші А.Байтұрсынұлы, Ж.Досмұхамедов, 
Қ.Жұбанов ана тілінің дыбыс жүйесін көкірек көзімен түйсіну әдісін қолдана 
отырып, қазақы фонетика ғылымының негізін салды. Бұл жолда үшеуі де 
аянбай күресті. Мысалы, Қ.Жұбановша: «
Үндестік заңы ...дыбыстардың 
...ымыраласуы»
. Ол қазақ тілінің іргелі үндесім заңдылығын сақтауға 
атсалысты: «...
объявляние войны против сингармонизма, как часто 
поступают ученые мужи из ВЦКНА 
(Всесозный Центральный комитет 
нового (латинизированного) алфавита – Б.Хасанұлы)
, равносильно 
объявлению войны против агглютинативного строя так называемых урало-
алтайских языков
», – деді. 
Қазақ тілі дыбыстарының буын ішінде үндесіп барып сөз құрайтынын 
аңғарған Қ.Жұбанов «қазақ тілі – буыншыл тіл» деп соны жаңалық айтқан 
болатын. Ғалымның «Ауыл мұғалімі» журналының 1934 жылғы 2-нөмірінде 
жарық көрген «Буын жігін қалай табуға болады?» деген мақаласында буын 
жайындағы айтқан пікірлерінің маңызы артып, бүгінгі күні тілшілер 
ұстанатын қағидаға айналды деуге болады: «
Қазақ тілінің табиғатын дұрыс 
тану үшін буын жүйесін жете білу керек. Буынды жақсы білмесең, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет