Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет16/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
Ай сұлу, Күн сұлу, Таң жарық
Айжарық
композиттерінің кұрамындағы сөздердің орналасу тәртібіндей 
болған деп дәлелдейді», – деп жазады (24, 35-40) 
Профессор М.Серғалиев: «... әр оқыған сайын жаңа, тың ой туындап 
отыратын сияқты. ... Ғалым қазақ тіліндегі сөйлем құрайтын сөздердің орын 
тәртібіне егжей-тегжейлі тоқталады. Соның өзінде қазіргі тіл материалында 
емес, «архаистік сөз тіркестеріне» талдау жасайды. Одан да дәлірек айту 
керек болса, тіпті ғалымның жазып отырған осы ғасырымыздың 20-30-
жылдарындағы емес, дәл бүгінгі таңда кез келген қазақтың айтып жүрген, 
әдеби тілімізден берік орын алған кісі есімдерін (кейде хайуанат аттарын да 
келтіреді) құрайтын сөздердің бір-бірімен байланысы туралы ғылыми 
талғамын алға тартады», – (25, 24-28) деп еңбекке кеңінен талдау жасайды.


56 
Академик Р.Сыздықтың бұл еңбектің ғылыми құндылығын: «Ең 
алдымен, бұл тамаша этимологиялық (сөз төркінін) талдау үлгісі. Мұнда 
көптеген жұрнақтар мен түрбірлердің морфологиялық талдауы олардың 
фонетикалық құбылуын көрсетумен қатар жүргізіледі. Екіншіден, бұл жұмыс 
– салыстырмалы-тарихи әдістің таптырмас үлгісі; мұнда автор жалаң қазақ 
тілі емес, көптеген түркі тілдерін (көнелерін де, қазіргілерін де), сонымен 
қатар өзге системалы тілдерді, оның ішінде грузин, қытай монғол тілдерінен 
алынған фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Үшіншіден, мұнда негізгі 
тақырыптан тыс өзге бірқатар тың пікірлер айтылған. Оларды автор негізгі 
тақырыбын дәлелдеу үшін жол-жөнекей айтып отырады. ... Төртіншіден, 
Қ.Жұбановтың бұл еңбегі – қазақ ономастикасын (адам аттарын) сөз еткен 
тұңғыш ғылыми жұмыс. ... Бесіншіден, «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын 
тәртібі» деген еңбектің құндылығы – оның шын мәніндегі тұңғыш ғылыми 
сауатты зерттеу жұмысы екендігінде», – деп дәріптеуі түсініктеме беруді 
қажет ете қоймас (4). 
Проф. Қ.Жұбанов өзінің бұл еңбегін жазуда М.Қашқаридың «Диуани 
лұғатын» (Ыстамбұл басылымын), Әбу-Хаян Альгарнатаның «Kitab al-idrak 
Ii-Lisan al-Atrak» (бірінші Ыстамбұл басылымын), Ибн-Муханнаның «Kitabu 
halijatul 
lisaan 
ve 
halebe-tu-l-insaan» 
(Ыстамбұл басылымын және 
П.М.Мелиоранскийдің «Филолог-араб түрік тілі туралы» басылымын), 
Смирновтың «Кочубей Гюмюрджинский», Н.Ашмариннің «Подражание в 
языках Среднего Поволжья», Б.Л.Владимирцовтың «Монғол жазба және 
хакас халық тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» еңбектерін және 
Н.Поппе мен Б.Л.Владимирцовтың монғол тілі туралы және 1929 және 1930 
жылдары 
Ленинград 
қаласында 
оқыған 
басқа 
да 
еңбектерді 
пайдаланғандығын жазады. 
«Аталмыш іргелі еңбектегі ғалымның теориялық тұжырымдары тілдік 
фактілерді тарихи дамуы тұрғысынан сарапқа салып, диалектикалық сипатта 
қорытынды шығару әдістері әлі де талай тіл мамандарын тамсандырып, 
болашақ зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейтіндігі даусыз», – дей келе 
К.Кенжебаев пен Ә.Оралбай, –Еңбектің ең басты, діңгекті мәселесі – қазақ 
тілінің тарихи синтаксисі, оның ішіндегі сөйлемдегі сөздердің орын 
тәртібінің қалыптасып, дамуы барынша жаң-жақты қарастырылғандығымен 
тәнті етеді. Қайталанбас еңбекті тарихи синтаксисті зерттеушілер әлі талай 
қаузайтындығына сенім мол», – деп қорытады (5). 
Профессор Қ.Жұбановтың «Ауыл мұғалімі» журналының 1937 жылғы 
1-3 сандарында жарияланған синтаксиске қатысты «Жаңа грамматиканың 
жаңалықтары жайында» атты тағы бір еңбегі қазақ тіл біліміндегі шоқтығы 
биік дүниелердің бірі десек артық айтқандық болмас.
Академик Р.Сыздық «Ғалым-азамат» кітабында Қ.Жұбановтың көлемі 
бір баспа табақтай, мұрағаттан табылған «О построении речи в казахском 
языке» деген аяқталмаған мақаласы сөйлем ішіндегі сөздердің тіркесу 
қабілеттеріне, кейбір морфологиялық тұлғалардың синтаксистік қызметіне, 
сондай-ақ кейбір сөздердің мағынасы мен қолданылуына арналғандығын 


57 
айтады. Ғалымның айтуынша, бұл материал тезис болуы мүмкін, өйткені 
нөмірленген және әр алуан объектіні сөз еткен, өзі келте, бірақ өте қызық, 
ішінде өзіне дейін айтылмаған тың талдаулар мен пікірлер бар (4). 
Қазақ терминологиясының жасалу, даму тарихына алғаш рет назар 
аударған да, оның көшбасшысы да профессор Қ.Жұбанов болды. Ол 1933 
жылы құрылған Мемлекеттік терминология коммисиясының төрағасы болып 
тағайындалды. Мемлекеттік терминологиялық комиссияның бюллетенін 
ұйымдастырып, оның 4 санын шығарды. Бірінші санында «Қазақ әдеби 
тілінің терминологиясы жайында» атты мақаласын жариялап, қазақ 
терминологиясының басты принциптерін жасап берді. Ғалым көрсеткен он 
түрлі принцип барлық ғылым саласы бойынша термин жасау ісіне тікелей 
жол сілтеп, басшылыққа алынып келеді.
1936 жылы Қазақтың ұлт мәдениетін зерттейтін ғылым институтының 
еңбектерінің 2-кітабында «Тіл мәселелері» деген атпен орысша-қазақша 
тілтаным сөзтізбесі жарық көреді. Бұл терминдердің жарық көруіне проф. 
Қ.Жұбановтың басшылық жасауы сөзсіз. Оны дерлік оқып, редакциялаған да 
болуы мүмкін. 
Профессор Қ.Жұбанов қатысып, басшылық етуі нәтижесінде 1936 
жылы жарық көрген жалпы саны 173 термин арада он екі жыл өткен соң 
жауапты редактор Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі 
Н.Т.Сауранбаев басшылығымен жарық көрген «Терминология сөздігі» 
(Бірінші кітап. –Алматы, 1948) атты сөздікте «Тіл ғылымының терминдері» 
(жинаған Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты) 
берілген. Онда 1936 жылы профессор Қ.Жұбанов жарыққа шығарған тіл 
терминдерінің біразы барын көреміз. Бұл сөздікке енген терминдерді қарауға 
С.Бәйішев, М.Балақаев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Сыдықов қатысқан. 
Ғалым «Термин сөздердің спецификасы жөнінде» (1953), «Физика 
терминдері жайында» (1935), «Математика терминдері жайында» (1935) 
және «Принципы терминологии казахского литературного языка, 
применямые Государственной терминологической комиссией» (1936) атты 
келелі мақалалар жариялап, терминология мәселесімен тынбай шұғылданып 
отырды. 
Қ.Жұбановтың әліпби және жазу мәселесіне қатысты көзқарастарын 
оның «Әліппеміз бұқарашыл болсын», «Қазақ тілінің емлесін өзгерту 
жайлы», «Қосар ма, дара ма?», «К проекту реформы казахского алфавита», 
«Проект казахского алфавита», «К пересмотру казахской орфографии», «К 
проекту реформы казахского алфавита», «Проект изменений орфографии и 
алфавита казахского языка», «Выступление К.К.Жубанова на научно-
орфографической конференции в г. Кзыл-Орде» (02.04.1929) т.б. мақалалары 
мен түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінен байқауға болады. Ғалымның жазу, 
орфография жөніндегі теориялық зерттеулері негізінен қазақ әліпбиін жасау, 
бөгде тілдің графикасын қазақ тілінің ішкі ерекшелігіне бейімдеудің тиімді 
жолдарын іздестіру, жүйелі жазу емлесін құрастыру, оны жетілдіру, 
орфоэпия мен орфографияның өзіндік белгілеріне сай қазақ тілі 


58 
дыбыстарының ерекшеліктерін көрсету, қазақ тіліне енген терминдердің 
жазылу заңдылықтарын бір жүйеге келтіру, қазақ орфографиясының жетекші 
принципін анықтау және т.б. бағыттарда болды. Осы орайда ғалымның 1935 
жылы жарияланған «Қазақ орфографиясын қайта қарау мәселесіне» атты 
мақаласын ерекше атап өтпеске болмайды.
Профессор Қ.Жұбановтың қатты көңіл бөліп, ерекше күш салған 
жұмысының бірі – қазақ лексикографиясына қатысты жұмыстар. Оған дәлел 
1930 жылдар оның тікелей басшылығымен «Қазақ тілінің академиялық 
сөздігінің» жасалып, оның бас редакторы болып тағайындалуы еді. 1959, 
1961 жылдары жарық көрген екітомдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 
сол аталмыш сөздіктің негізінде жасалған-ды.
Қазақ антропонимдерінің сан қырлы сырын тереңнен бағдарлаған 
профессор Қ.Жұбанов 1930 жылдардың басында-ақ бұған ерекше назар 
аударып, ғылыми зерттеу объектісі еткенін байқаймыз. 1936 жылы түркі 
тілдерінің ішінде қазақ және құмық кісі есімдері туралы проф. Қ.Жұбанов 
пен А.Сатыбаловтың (26) зерттеулері қатарласа жарық көреді. Проф. 
Қ.Жұбанов бұл еңбекті жазбастан бұрын-ақ кісі аттары туралы, жалпы 
атаулар жайында жазылған еңбектермен молынан таныс болғандығы 
байқалады. Ғалым кісі аттарының шығуы, оның ру, тайпа атауларынан соң 
пайда болуы күні бүгін ғылымда белгілі болып отыр деп жазды. 
Қ.Жұбановтың ономастикалық мәселелерге арналған жұмыстары әр кез 
қазақ ғалымдары тарапынан сөз болды. Мәселен, белгілі ономаст ғалым, 
профессор Т.Жанұзақ ерте кезден қарастырса, ономастика саласында еңбек 
етіп жүрген маман Г.Мадиеваның мақаласы да Қ.Жұбановтың жалқы есімдер 
синтаксисіне арналған. Қ.Жұбановың еңбектерін жан-жақты тілтанымдық 
тұрғыдан саралаған зерттеуші Ж.Сұлтан ғалымның жалқы есімдерді 
лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерделеген біраз құнды пікірлері бар. 
Проф. Қ.Жұбановтың жалпы тіл біліміне қатысты көзқарастарын 
А.Жұбанова былайша топтап береді: 1) тарихи принцип; 1) психологизм; 3) 
тілдің қоғамдық сипаты; 4) тірі тілдер мен диалектілерге ерекше мән беруі; 5) 
тілді функционалды тұрғыдан зерттеуге негізделетін семасиологизация және 
морфологизация теориясы; 6) тілдік бірліктерді таңба және символ ретінде 
қарастырады; 7) тілдің жүйелік сипатын кең әрі жан-жақты зерделеп, тіл 
жүйелілігіне синхрондық сипатта ғана емес, диахрониялық тұрғыдан көңіл 
бөледі; 8) тіл статикасы мен динамикасын айқын ажыратып, осы кездегі жай-
күйі мен тарихи өзгерістерін көрсетеді; 9) қазақ тілі мәселелерін 
салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде қарастырады; 10) тілдің «ішкі» және 
«сыртқы» тарихын ажыратады, яғни тілдің өзін, оның грамматикасын 
(«ішкі») және тілді сөйлеуші халықтың тағдырымен, географиялық және 
этнографиялық ерекшеліктерімен, шет тілдердің әсерімен және т.б. 
байланыстыра зерттейді; 11) тілдің жалпы даму заңдылықтарын қарастырады 
(27, 65-71). 
Өзі өмір сүрген кезеңдегі әлеуметтік істердің әрдайым басынан 
табылған, қоғамның мәдениеті мен рухани өмірінің барлық саласына аянбай 


59 
атсалысқан және мұны азаматтық борышы деп санаған Қ.Жұбанов
қарапайым тілшіліктен бастап, қоғамдағы келелі мәселелерді сөз еткен 
қаламгерден қазақ ғылыми публицистикасының бастауында тұрған қарымды 
публицист дәрежесіне жетті. 
Қ.Жұбановтың ғалым-публицист ретінде жаңа заманда әдебиетіміздің 
арын арлап, мәдениетіміздің жоғын жоқтасты. Рухани жаңғыруды көксеген 
қауымымыздың мүдделері жолында іргелі істерді атқаруға да жарады. Осы 
тұста Мұхтар Әуезовтің өзі Ісмет Кеңесбаевпен бірігіп жазған мақаласында: 
«...Он был хорошим публицистом и журналистом, умел выражать свои 
мысли ярко и увлекательно», – деп атап көрсетті (1). 
Әдебиет әлеміндегі көркемдікті тани білген Қ.Жұбановтың «Әдебиет 
майданы» журналының 1934 жылғы 11-12 нөмірлерінде жарық көрген «Абай 
– қазақ әдебиетінің классигі» атты еңбегі аяқталмай қалған мақала болса да, 
абайтану саласының бастауларында тұрған ерекше туынды ретінде 
бағаланады.
Әдебиеттану ғылымында Қ.Жұбановтың түркі әдебиеті тілін зерттеудің 
тамаша үлгісін көрсеткен деп бағалауға тұратын тағы бір еңбегі – Қожа 
Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабы туралы жазылған қолжазба 
туындысы ғылыми айналымға енгізілді. Ол бірнеше рет жариялауға 
талпыныс жасалса да, түрлі себептермен баспа бетін көрмеген. Тұңғыш рет 
«Жұлдыз» журналының 1999 жылғы 8-нөмірінде, іле-шала Қ.Жұбановтың 
соңғы шығармалар жинағында жарияланды. Бұл еңбекте Қожа Ахмет 
Ясауидің «Диуани хикметі» Қазақстан халқының ескі мұрасы ретінде 
қарастырылады. 
Құдайберген Жұбанов нендей тақырыпқа бой ұрса да терең, тың пікір 
қозғайды. 1936 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылып шыққан 
«Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (тіл мен тарих деректері)» 
атты очерк-кітабы оның тілші-ғалым ғана емес, музыкадан да терең хабары 
бар екендігін аңғартады. 
Қазіргі тіл ғылымында қалыптасқан «ұлт пен тіл біртұтас» деген 
қағидаға сүйенетін, этностың тілдік қазынасын сол этностың рухани-мәдени, 
тарихи түпнегіздерімен өзектес қарап, яғни адам табиғаты мен тіл табиғатын 
сабақтастыра зерттейтін антрополингвистикалық парадигманы құрайтын 
когнитивті 
лингвистика, 
психолингвистика, 
этнолингвистика, 
паралингвистика, гендерлік лингвистика т.с.с. – қазіргі тіл ғылымының да 
жаңа бағыттары. Ал оның теориялық негіздерінің нышандарын проф. 
Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасын зерделеу барысында табамыз. 
Профессор Қ.Жұбановтың тіл білімінің қай саласына арнаған еңбегі 
болсын, бір жағынан, теориялық тұжырымдарының тереңдегімен құнды 
болса, екінші жағынан, стилінің қарапайымдылығымен, түсініктілігімен 
ерекшеленеді. Тіл тынысын тілдік һәм танымдық түйсікпен жіті бақылап, 
оның сан саласын саралауға және өз байқауларын өзгеше шабытпен сауатты 
жазуға келгенде Қ.Жұбановтан асқан тілшіні таба қою қиын болар, сірә. Осы 
орайда ғалымның қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі ғана емес, 


60 
түркітаным әлеміндегі тұлға екендігі туралы проф. М.Томанов мақаласының 
«Құдайберген Жұбанов ғалымдық жолға түркілік компаративистиканың өкілі 
болып түсіпті» деп басталуы да тегіннен-тегін емес деп санаймыз (24, 35-40). 
Академик Ә.Т.Қайдар «Ел мақтаны» деген мақаласында жоғарыдағы 
ғалымның пікірін былайша өрбітеді: «Бір ғажабы: ғұлама ғалымның 
топшылаулары мен теориялық концепциялары әрі нәрлі, әрі терең. Мәселен, 
ол тіл табиғатының нақтылы мәселелерін зерттей отыра, оның тамырын 
тереңнен қарастырады. Ол жайындағы ой-пікірлері әрі соны, әрі ауқымды да 
жан-жақты болып келеді. Тілдің кішкене ғана бір мәселесін зерттей отырып, 
ол түркология шеңберінде тұтас ой қозғайды» (3, 5-11). 
Осы жерде Жүсіп Баласағұндай дананың: 
«Ғалым бар дүниеде дана аталған, 
Білімі халық жолын нұрға малған. 
Қажетті керексізден кесіп тастар, 
Ғалымдар тура жолға елді бастар», – дегені еріксіз еске түседі. 
Құдайберген Қуанулының «халық жолын нұрға бөлеген» білім нәтижесі 
оның өзі 
НКВД 
қапасында еш айыпсыз көз жұмғаннан бергі 75 жылда 
дабүгінгідей басты әңгімеге арқау болуы, тағы да Жүсіп дана сөзімен айтсақ, 
атақты тұлғамыздың: 
«Бір адамның бір адамнан парқы бар, 
Ол айырма білімменен жарқырар», – деген деңгейде екенін әйгілейді. 
Шығыс даналарының бірі: 
«Білім – шипа: 
Ақыл айтса, адам ойын ертетін. 
Ерлер, игі бектер өтті ерте тым. 
Таудай білім насихаты – шипа ғой, 
Жанды тербеп, көңіл күйін шертетін», – депті! 
Сексен жылдай уақыт бұрын бүгінгі ғылымға негіз салған, құйрықты 
жарық жұлдыздай қысқа ғана тағылымы орасан тірлігінде артына, бүгінгі 
ұрпаққа мол мұра тастап кеткен жанның өнегесі биігінен бүгінгімізге көз 
салып, ойша барласақ, оның тұлғасы өлшеусіз биіктей түседі екен! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет