Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


емлені де  білмейсің:  сөз тудыру, сөз түрлендіру



Pdf көрінісі
бет18/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
емлені
де 
білмейсің: 
сөз тудыру, сөз түрлендіру 
сияқты морфология негізін де ұға 
алмайсың, буынды білмейінше, 
сөз екпіні 
(ударение), 
сөз сазы 
(интонация) 
секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстарының да сырына қана 
алмайсың, буынды аңғармасаң, 
ажарлап сөйлеу, әсерлеп оқу
сияқты 
сабақтарды да дұрыс алып бара алмайсың; буын жайына қанық болмасаң

өлең құрылысының негізімен
дұрыс таныс бола алмайсың... Буын жүйесі 
қай тілде де белгілі орын ұстамақ. Әсіресе, қазақ тілінде оның маңызы 
өзгеше, артықша
». 


62 
Проф. Қ.Жұбанов буынды тілдің көп қырлы, күрделі құрылымдық 
жүйесі деп таниды да оған мынадай сипаттама береді: 1) буын мен емленің 
байланысы; 2) буын мен сөз тудыру; 3) буын мен сөз түрлендіру; 4) буын мен 
сөз екпіні; 5) буын мен сөз сазы (интонация); 6) буын және сөз мәнері 
(«ажарлап» сөйлеу, «әсерлеп» оқу); 7) буын және өлең құрылысы. 
Міне, ғалымның буынды орталық ұғым ретінде ала отырып, оны тілдің 
өзге жүйелерімен байланыстыруын 
тіл
(язык) және 
сөз
(речь) тұрғысынан екі 
топқа бөліп қарауға болады. Біріншісі – буын тілдік (языковой) құрылым: 
(структура) буын мен сөз тудыру, сөз түрлендіру, сөз екпіні, сөз сазы 
(интонациясы). Екінші – буын сөз (речь) жүйесімен тығыз байланысты 
құбылыс: буын мен емле (жазба сөз элементі); буын және сөз мәнері 
(ауызша сөз элементі), буын және әсерлеп оқу, яғни жазба мәтінді (тексті)
(письменная речь) ауызша мәтінге (текске) салу. 
Қ.Жұбанов 
дыбыс, буын, сөз, сөйлем
дегендердің тіл тарихында 
дүниеге келіп, шығуын бұлайша танып келудің себебі не деген мәселеге 
жауап береді: 
Бірінші себеп – дыбыстар бір кездері, қазіргідей басы ашық, 
бөлектенген емес, бұлардың да жігі ашылмаған кезі болған шығар-ау деп 
ойға алмау; 
Екінші себеп – еңбек техникасы өркендеп, кірпіштерден үлкен-үлкен 
үй салып жатқанымыз сияқты, айналаға технология көзімен қарауға 
үйрендік, сөйтіп дыбыс та қаланып, кірпіш сияқты, сөз жасайтындай 
көрінеді; 
Үшінші себеп ретінде жазу үйренгенде әуелі дыбыстан бастап, сосын 
барып сөз жазу, бізді дыбыстар тілдің кірпіштері деп түсінуге итермелейтінін 
айтады (29). 
Тіл білімінің фонология саласы ең күрделі де қызықты 
проблемалардың бірі саналады. Кез келген ғалым бұл салаға бара алмайды, 
себебі фонология – бір жағынан, нақты (математика сияқты), екінші 
жағынан, абстрактылы ілім. Қазіргі кездің өзінде де фонология саласын тілші 
ғалымдардың бәрі түгел игерді деп айта алмаймыз. Себебі қазақ 
фонологиясы әлі пән ретінде қалыптаспаған және жоғары оқу орындарына 
енгізілмеген. Қазақ фонологиясының алғашқы зерттеулері профессор 
Құдайберген Жұбановтың есімімен тығыз байланысты. Қ.Жұбановтың қазақ 
фонетикасына арналған тұжырымдамалары (дыбыстардың жіктелуі, олардың 
акустика-артикуляциялық сипаттамасы, буын мәселесі, үндестің заңы) тілші-
мамандарға етене таныс. 
Қ.Жұбановтың қазақ фонологиясының негіздерін салып, кейінгі 
ұрпақтарға өз пайымдауларын танытып кеткендігі – тілші-фонологтар үшін 
үлкен медеу. Қазақ фонетикасы мен фонологиясын зерттеуде ғалым бағалы 
үлес қосты деп толық сеніммен айта аламыз. Түркі тіл білімінде де фонема 
туралы түсініктерді алғаш енгізген Қ.Жұбанов болды. Ғалым фонеманы 
дыбысқа қарағанда өзінің әртүрлі фонетикалық ортада байқалатын әртүрлі 
реңктерімен және қасиеттерімен ерекшеленетінін, яғни сөздер мен 


63 
тұлғаларды ажырата алатын дыбыстық тип бірлігі ретінде танып, ал 
фонеманың реңкін сол фонема өзі іске асатын жеке бір дербес бөлік болып 
табылатын шынайы айтылатын дыбыс ретінде түсінген. Қ.Жұбанов 
фонеманың сырын, оның дыбыстан айырмашылығын дұрыс байқағандығын 
баса айтуымыз керек.
Қазақ тілінің дыбыс құрамын, дыбыстау мүшелерін, дыбыстардың 
саны мен сапасын жете зерттеп, ғалым фонологиялық заңдылықтарын да 
ескерген. Фонемаға түсінік бере отырып, ғалым қазақ тілінің дыбыс жүйесін 
фонология тұрғысынан қарастырған. Бір сөздің екінші сөзден өзгеше болуы 
үшін оның бір-ақ фонемасы басқа болуы керек, фонеманың ең негізгі 
ерекшелігі – оның мағына айқындау қасиеті деп білген. «
Сөз ішіндегі 
дыбыстардың бәрін өзгерту шарт емес, біреуі өзгерсе де өзге сөз болады. 
Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет