Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет71/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
-шақ, -шек, -шық, -шік
жалғауларын анықталатын 
сөзден соң тұрған анықтауыштар деп атайды. Мұндай негізді, батыл 
айтылған пікірге тәнті болмай тұра алмаймыз. Ғалымның жазғандарын 
Ө.Айтбайдың сөзімен айтсақ, «
дәлелсіз, дәмсіз айғайға құрылған құр 
батылдық ретінде емес, ғылыми негізді тірек еткен дәйекті ой
» ретінде 
қабылдамасқа титтей де негіз жоқ (63, 35-36). 
Профессор Қ.Жұбанов синтаксистің негізгі қағидаты – сөздердің 
тіркесімділік қабілетін – тереңнен қозғайды. Ғалым сөз мүшелерін, яғни 
сөздерді «
қалай-солай құpай салғанмен, сөз болмайтынын
», яғни сөз тіркесі 
немесе сөйлем болмайтынын көрегендіктен айтады. «
Сөз қылып шығаpу үшiн 
сөз мүшелеpiн белгiлi тәpтiппен оpналастыpу кеpек. Сөздiң әp мүшесiнiң 
өзiне аpнаулы оpны баp. Сол аpнаулы оpнына қойылмаса, сөз болмайды
». Бұл 
пікірді сөздердің тіркесуіне, яғни сөз тіркесі синтаксисіне де қатысты айтуға 
болады, екіншіден, стилистика саласының да нышандары қылаң береді. 
Профессор Қ.Жұбанов «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайында» 
атты еңбегінде сөйлемдерді айтылу сазына қарай 
хабар сазды, сұрау сазды
және 
леп сазды
деп бөледі. Сөйлемдерді жіктеудегі бұл ұстаным әлі күнге 
дейін өзгермей, хабарлы, сұраулы және лепті сөйлем деп аталуы ғалымның 
теориялық 
тұжырымының 
нақтылығы 
мен 
термин 
жасаудағы 
тапқырлығының белгісі іспетті. Ғалым бұл сөйлем түрлеріне анықтама 
беруде де нақтылық пен байқампаздығын көрсетеді. Бұл пікірімізге хабарлы 
сөйлемге «
Болған, болып жатқан, немесе болашақ оқиғалаpдың жайын 
хабаpлай сөйленген болса, сөйлем
 хабаp сазды
 болады
» деген ойы айғақ бола 
алады. 
Профессор Қ.Жұбанов 
хабар сазды, леп сазды, сұрау сазды
сөйлемдердің 
әртүрлі 
(хабар 
беру, 
қуантқанын, 
мұңайтқанын, 
таңдандырғанын, опындырғанын т.т. да қоса білдіргісі келу, сұрап білу) 
мақсаттарына байланысты ерекшеленетінін дөп басып таниды. 
Ғалым сөйлемдерді мағынасына және құрылымына қарай (жай сөйлем, 
жайылма сөйлем, күрделі сөйлем т.т. немесе леп сазды сөйлем) жіктеудің қас 
шебері саналады. Ғалым алдыңғы үшеуінің «
мүше құрылысы жағынан қарап 
айырғандығын
», ал соңғысын «
сөйлемнің дауыс құрылысына, әніне, сазына 
қарай таптастырғанын
» айтады. Осы себепті де құрылысы жағынан бірдей 
сөйлемдер (яғни жай, жайылма, күрделі) сазы жағынан, яғни дауыс ырғағына 
қарай түрліше болуы мүмкін. Ғалым мұны «
тек бір нәрсенің өзін екі түрлі 
өлшеуішпен өлшегендік қана
» деп түсіндіреді. Бұл ойын да ғалым қарапайым 
салыстыру (
ұзын бойлы қараша жігіт
) арқылы түсіндіреді. 
Профессор Қ.Жұбанов сөйлемдерді таптастыруда (жіктеуде) тек қана 
мағынаға сүйену дұрыс болмайды дейді. Өйткені «
сөйлемнің мағынасы тек 


129 
дауыс сазы түрленгенде ғана түрленіп отырмайды, сөздері өзгерсе де 
өзгереді
». Ғалымның пікірінше, «
сөйлемнің дыбысын қозғасаң да, сөзін 
қозғасаң да, әнін қозғасаң да, бәрібір, оның мағынасы да осымен бірге 
қобалжымақ
».
Ғалым сұраулы сөйлем мен хабарлы сөйлемнің дауыс сазының түрліше 
болатындығын дәлелдеген пікірлерін қазақ тіліндегі сұраулы сөйлемдердің 
қызметіне қарай үш топқа (негізгі, жетек, анықтаушы), мағынасына қарай 
төртке (ашық сұрақты білдіретін, альтернативті сұрақты білдіретін, 
риторикалық сұрақты білдіретін, түрткі сұрақты білдіретін) бөлінетіндігімен 
сабақтастыруға болады. Бұл пікірден қазақ синтаксисі саласында 
сөйлемдерді жіктеудің алғашқы қағидаттарын көреміз, сол қағидаттардың 
негізін түсінуге тырысамыз, түсіне отырып, қолдан келгенінше, жетілдіруге 
ұмтыламыз.
Сөйлем тіліміздің, тіпті ұлтымыздың дамуымен жетіліп отыратын 
өміршең категория саналатын болса (64, 32-35), осындай күрделі тілдік 
категорияның заңдылықтарын ашуға шындап ұмтылғандардың бірі 
профессор Қ.Жұбанов болды. Ғалымның түсіндіруінше, тілдегі қарым-
қатынасқа түскен сөздердің мағыналық көрінісін танып қою ғана жеткіліксіз, 
ол мағына қалайша туындайды, оған қандай формалардың әсері болады, 
қысқасы, мағына мен форманың арақатынасын барынша зерттеу қажет.
Профессор Қ.Жұбанов сөйлемдерді құрылымына қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет