Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет74/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c
2-зертханалық жұмыс ББД, 3 ЛАБ БД, методичка обуч на дому 4 кл, Қасым Аманжолов өмірі 11 ҚГБ, Республика күні, патан жеке сессия макро[1]
Ақан сері, Алдар көсе, Жиренше шешен 
дегенде, керісінше, анықталғыш 
мүше орнында тұр. Бұлайша қолдану амалы да тіліміздің тарихи өткендегі 
ерекшелігін көрсетеді. 
Проф. Қ.Жұбанов анықтауыш пен анықталғыш мүшелерден тұратын 
кейбір есімдердің сыңарлары аралығындағы дәнекер дыбыстардың түсіп қалу 
себебін тұңғыш рет дәлелдеп берген болатын. Мәселен, 
Жалғұтты, 
Жылқыбай, Түйебай, Көзжақсым, Атжақсы, Малыбай, Бөрібасар
тәрізді 
есімдердің бастапқы нұсқалары: 
Жолы құтты, Көзі жақсы, Аты жақсы, 
Бөрі басар, Жылқылы бай, Түйелі бай, Малды бай
т.б. болғандығын 
дәйектейді. Ғалым біріккен тұлғалы кісі есімдерінің бірсыпыра сыңарлары 
алмакезек ауысып қолданатындығын да мысалдар арқылы көрсетеді. 
Құлсары, Құлқара,Байсара, Байқара, Жоламан
деген есімдер керісінше 
Сарықұл, Қарақұл, Сарыбай, Қарабай, Аманжол
тұлғасында да кездеседі. 
Осындай материалдарды індете зерттей келе, профессор Қ.Жұбанов 
синтаксис заңдылығы біріккен кісі аттарына да тән деген тұжырымға келеді. 
Анықтауыштың анықталғыш мүшеден соң келу сәттері кісі аттарында 
жиі кездесетін себебін айта келіп, проф. Қ.Жұбанов дәстүрлі тіркесіміздегі 
батыр Әлтай, ақын Әміре 
тәрізді орындарда қазір 
Ғаббас сыншы, Телқожа 
инженер, Бекет жолдас, Асқар ақын, Әли агроном 
деп айту ұшырасқанымен, 
тіліміздің грамматикалық тәсілі ретінде сирексігенін атап көрсетті (65, 72-
80). 
Академик Ә.Қайдар жалпы эпос пен фольклор антропонимдерінде 
анықтауыштың кейіпкер есімдерінен бұрын да, кейін де (препозитивті, 
постпозитивті) қолданыла беретін мұндай жағдайларын «көне дәстүр» дейді 
(66). 


133 
Ғалымдардың пікірінше, кісі аттарын анықтаушы сөздер, мейлі олар 
таза сын есім немесе бір мезгілде әрі сын есім, әрі зат есім болатын аралас 
есім, не тіпті нағыз зат есім болған жағдайда да анықталушы мүшелерден 
кейін, яғни жеке адамдардың әлеуметтік сипатын, табын, тегін, кәсібін 
білдіретін сөздер ретінде кісі аттарының соңынан тұруы керек. Ал, қазіргі 
уақытта жеке адамдардың табиғи қасиеттерін сипаттайтын 
сұлу, таз
т.б. 
(
Айман сұлу, Ғали таз
) ұғымдар өткен заманда әлеуметтік анықтауыштар 
қатарына жатқызылған болу керек деп қорытады. Демек, кісі аттары (
Айсұлу, 
Қыз Жібек
т.б. тәрізді) – тіл дамуының көне көзі ретінде сақталған архикалық 
реликтілік құбылыс. 
Егер кісі аттарын анықтаушы кәсіптік және әлеуметтік-таптық ұғымдағы 
сөздер анықталушы сөздің екі жағына да емін-еркін орналасатын болса, 
тайпалық және тектік-әлеуметтік анықтауыштардың орналасуынан басқаша 
позиция байқалады. Бұл жерде сөз тәртібі бір ғана үлгіде болады: 
арғын 
Жәнібек, байұлы Сырым, қара Қыпшақ Қобыланды
және т.б.
Ал, адамдарға жеке аттардың қойылу тарихына, генезисіне келетін 
болсақ, ғылым оның кейінгі кезде шыққан құбылыс екенін анықтап отыр. 
Қ.Жұбанов қоғам мүшелеріне жеке аттар қойылмас бұрын адамдар өзінің 
тайпасы мен ұлысының, руының жалпы атын иемденген дейді. Жаңа 
жағдайларда қоғам мүшелерінің арасында күрделі қарым-қатынастар туып, 
жеке адамдардың рөлі көтеріліп, оларды әулетінің атымен атаушылық бірте-
бірте қажет болмай қалған. Осыдан келіп әркімді өзінің жеке аттарымен атау 
дәстүрі қалыптасқан (67, 125-129). 
Қ.Жұбанов жеке кісі аты ру аттарымен аталып, 
бай, сұлу, батыр
сияқты анықтауыш сөздердің әрдайым постпозициялық қолданысқа бейім 
тұруы – олардың негізгі есімі – ру аттары болғандығынан деп пайымдайды. 
Бірақ, таптық, касталық және басқа да әлеуметтік топтардың түрлерін 
сипаттайтын сөздердің бұндай категориялары өздерінің мағыналарынан 
ертерек ажырап қалып, жекелеген адамдардың әрқайсысына тән дербес 
қасиеттерін білдіру үшін қолданылатын болған. Сөйтіп олар (сұлу, батыр, 
бай...) атрибутивтік мағынадағы анықтауыш қызметінде жұмсалғандығын 
көрсетеді. Ол: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет