154
Сегізінші тармақта халықаралық терминология тәжірибесінде
қолданылып жүрген
кейбір
-ист, -изм
тәрізді суффикстер мен
ре-, син-, де-,
анти-, контр-
тәрізді сөзалды префикстерінің қазақ тілінде баламасы жоқ
болғандықтан, термин сөздермен бірге бұлар да қабылдансын, басқа
қосымшалардың бәрін де қазақша түрінде алу керек.
Тоғызыншы тармақта кысқарған сөздер жайы әңгіме болады:
авто,
аэро, авиа
т.б. қазақ сөздерімен біріктіріп,
автожол, автоқатынас,
авиашана
т.б. деп алынсын делінген. Осы күнге
дейін қазақша аудармасы
беріліп келген
диктатура, революция, совет, теория, практика,
контрреволюция, милитаризм
тәрізді т.б. терминдер бұдан былай қарай
аударылмай, бәрі сол халықаралық қолданыстары қалпынша алынуы тиіс.
Оныншы тармақта өте маңызды мәселеге мән беріледі. Атап айтқанда,
Қазан төңкерісінен бері, әсіресе орыс тілінің
сөз жасау тәжірибесінде
қолданылып келе жатқан біріккен күрделі сөздер мәселесі әңгіме болады.
Саяси экономия
(политэкономия),
ауатком
(райисполком) т.б. тәрізді жаңа
тіркесім терминдер қазақ тілі заңдылығына орай жасалып, Мемтерминком
бекіткен соң қолданысқа ендірілсін.
Міне, ең алғаш түзіліп, басшылыққа ұсынылған терминжасам
қағидаттарының өзіндік сипаты осындай жетістіктермен қатар, кейбір
кемшіліктерінің болғанын да жасырудың қажеті бола қоймас. Мәселен,
кейбір халықаралық терминдер мен «советизмдерді» сөз еткенде қайсыбір
жүйесіздіктер көзге түседі. Оның бер жағында, терминжасам үдерісіндегі
қазақ тілінің өз мүмкіндігі жан-жақты ашылып айтылмайды. Сондай-ақ
аударылсын деген сөздердің біразын аударудың керегі жоқтығы, ал
түпнұсқадағы күйінде берілсін дейтін сөздердің қайсыбірінің тамаша
баламасы бар екені аңғарылады. Қысқасы, күні кешеге дейін бұл істе орыс
тілінде қалай болса, солай алу керек деген пиғыл үстем болып келді. Соған
қарамастан, осындағы көрсетілген қағидат алдағы терминжасам үдерісіне
қызмет еткен құжат еді.
Профессор Қ.Жұбанов
бұл қағидаттарды ұсына отырып, аударма
терминдерінің алғашқы кезде құлаққа ерсі естілетінін, бірақ бұл
терминдердің «
самаурын
», «
бөкебай
» сөздері сияқты сіңіп кететінін
ескертеді. «
Мыс.: аэросаниға ұқсатып, ультракүлгін, микротаразы сияқты
бірқатар терминдерді интернационал сөзбен қазақтың төл сөзіне ұқсатып
әдейі алып отырмыз. Осы сықылды техникалық сөздер сол күйінде елдің
кұлағына сіңіп, пайдаға асып кетсе, аэроға ұқсаған халықаралық сөздерді
сонда ғана өзіміздікі қылып, меншіктеп алатын боламыз. Бүгінде
Достарыңызбен бөлісу: