Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет258/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.
тарих, Practise Test 3 Module 2 TI
 
Аяулы ұстаз еді ол 
 
Отызыншы жылдардың бас кезі еді. Менің Абай атындағы Қазақ 
педагогика институтында оқып жүрген кезім. Ленинградтан аспирантураны 
бітіріп Құдайберген Жұбанов деген мұғалім келіпті. Ол білімдар кісі екен 
дейтін хабар лезде студент қауымының арасында тарап кетті. Өзін бетпе-бет 
көрген жоқ едік. Бір күні дәліздің қабырғасына ілінген сабақ кестесін қарасақ 
қазақ тілінен профессор Қ.Жұбановтың лекциясы дегенді көргенде біздің ол 
кісінің лекциясын тыңдауға қызыққанымыз бұрынғыдан да арта түскені әлі 
есімде. 
1932 жылдың қыркүйек айының орта кезі болу керек. Біз, қазақ тілі 
және әдебиеті бөлімшесінің студенттері, 42-аудиторияда отырмыз. Бөлмеде 
тым-тырыс тыныштық. Жұрт үнсіз отыр. Бір мезгілде аудиторияның есігі 
ашылды. Орта бойлы, қара торы, қылауланған қара бұйра шашы кең 
маңдайдан желкесіне қарай қарсы таралған жас жігіт аудиторияға кіріп келді. 
Жылы жүзді адамға ұқсайды. Қолындағы портфелін алдындағы столға қойды 
да қоңыр ғана үнмен: «Сәламатсыздар ма?» – деп, біздермен сыпайы ғана 
амандасты. Ол кісі кіріп келе жатқанда апыр-топыр орындарынан тұрған 
студенттерге: «Отыруға рұқсат», – деді. Біз орнымызға отырдық. 
Құдайбергеннің осындайда екі алақанын кезек-кезек сипай беретін әдеті бар 
сияқты. Үлкен көзімен отырған жұртты тегіс бір шолып өтті. 
–Қымбатты студент жолдастар! Лекция оқуға кіріспес бұрын мен ең 
алдымен өзімді таныстырайын. Менің атым Құдайберген, фамилиям 
Жұбанов. Ленинград қаласында жоғарғы білім алдым, сонда аспирантурада 
оқыдым, өткен оқу жылының аяғында оқуымды бітірген соң осы институтқа 
қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі және қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып 
тағайындалдым. Бүгін бірінші лекция оқиын деп тұрмын... 
Біздер Құдайбергеннің қарапайым, өте инабатты ұстаз екенін бірден 
сезіндік. Дауысын көтермей, баяу ғана сөйлейтін кісі екен. Алғашқы 
лекциясы адам өмірінде әр ұлт тілінің маңызы өте жоғары екендігін көптеген 
мысал келтіре айтты. Бұл лекцияның қысқаша мазмұны мынадай еді: Қазақ 
тілінің сөз құрамы бай. Октябрь революциясынан кейінгі жылдары терминдік 
жаңа сөздермен бұрынғысынан да толыға, байи түскенін қазірдің өзінде 
байқауға болады. Келешекте жаңа сөз құрамы онан да көбейе түсетіндігінде 
күмән болмауға тиіс. Әр халықтың өкілдері өз тілін, ана тілін жетік білуге 
бар ынтасын салуға тиіс. Халықтың өзара қарым-қатынасы күшейген сайын, 


430 
бір заманда бір тайпы елге ғана түсінікті болып келген көптеген сөздер жаңа 
мағына-мазмұнға ие болып, барша халықтың сөз құрамының шекарасын 
кеңейте түсті. 
Қазақ тілінде оқу құралдары жазыла бастады. Мектептерде дербес пән 
ретінде ана тілі мен туған әдебиеті оқылатын болды. Бұл совет заманындағы 
қазақ халқының ұлт мәдениетінің өсіп-өнуіне үлкен әсер ететіндігін 
дәлелдейді. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінін таңдаулы үлгілерін 
баспадан бастырып шығарып, халық игілігіне жаратудың өзі ұлт тіліміздің 
өсіп-өркендеуіне де белгілі түрде әсер етеді. 
Қазақ ұлтының адамдары дүниежүзі мәдениетін толық меңгеру үшін ең 
алдымен көрші отырған орыс халқының тілін үйренуі, оның бай әдебиетін 
білуі өте қажет. Сондықтан да қазірдің өзінде орыс тілі мен әдебиеті қазақ 
мектептері мен жоғары оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылып 
жатыр. Орыс тілі мен орыс әдебиетінің оқу құралдары қазақ оқушыларына 
арнайы жазылып жатқаны да қуанарлық іс. Өздеріне белгілі қазірдің өзінде 
орыс классик жазушыларының шығармалары қазақ тіліне аударылып 
басылып жатыр. Александр Сергеевич Пушкиннің, Иван Андреевич 
Крыловтың, Лев Николаевич Толстойдың кейбір шығармалары қазақ 
халқының классик ақыны әрі жазба әдебиетіміздің басы болған Абай және 
демократ-педагог Ыбырай Алтынсариннің аударуымен өткен ғасырдың 
екінші жартысында-ақ қазақ халқының арасына таралғанын білетін 
боларсыздар. Пушкиннің «Татьянаға хат» атты өлеңіне Абай атамыз ән 
шығарғаны да көпшілікке белгілі. Қазіргі кезде марксизм-ленинизм 
классиктерінің еңбектерін қазақ тіліне аударып, көпшіліктің оқып-білуіне 
мүмкіншілік туды. Мұның өзі де біздің халқымыздың тілінің өсіп-өркендеп 
келе жатқанына үлкен бір айғақ болады. Әр ұлттың туған тілі, оның рухани 
азығы екенін дәлелдеп жатудың қажеті болмас. Тіл жоқ жерде жеке ұлт 
болып ұзақ өмір сүре алмайды. Өйткені тіл – адам баласының біріне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет