430
бір заманда бір тайпы елге ғана түсінікті болып келген көптеген сөздер жаңа
мағына-мазмұнға ие болып, барша халықтың сөз құрамының шекарасын
кеңейте түсті.
Қазақ тілінде оқу құралдары жазыла бастады. Мектептерде дербес пән
ретінде ана тілі мен туған әдебиеті оқылатын болды. Бұл совет заманындағы
қазақ халқының ұлт мәдениетінің өсіп-өнуіне үлкен әсер ететіндігін
дәлелдейді. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінін таңдаулы үлгілерін
баспадан бастырып шығарып, халық игілігіне жаратудың
өзі ұлт тіліміздің
өсіп-өркендеуіне де белгілі түрде әсер етеді.
Қазақ ұлтының адамдары дүниежүзі мәдениетін толық меңгеру үшін ең
алдымен көрші отырған орыс халқының тілін үйренуі, оның бай әдебиетін
білуі өте қажет. Сондықтан да қазірдің өзінде орыс тілі мен әдебиеті қазақ
мектептері мен жоғары оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылып
жатыр. Орыс тілі мен орыс әдебиетінің оқу құралдары қазақ оқушыларына
арнайы жазылып жатқаны да қуанарлық іс. Өздеріне белгілі қазірдің өзінде
орыс классик жазушыларының шығармалары қазақ тіліне аударылып
басылып жатыр. Александр Сергеевич Пушкиннің, Иван Андреевич
Крыловтың, Лев Николаевич Толстойдың кейбір шығармалары қазақ
халқының классик ақыны әрі жазба әдебиетіміздің
басы болған Абай және
демократ-педагог Ыбырай Алтынсариннің аударуымен өткен ғасырдың
екінші жартысында-ақ қазақ халқының арасына таралғанын білетін
боларсыздар. Пушкиннің «Татьянаға хат» атты өлеңіне Абай атамыз ән
шығарғаны да көпшілікке белгілі. Қазіргі кезде марксизм-ленинизм
классиктерінің еңбектерін
қазақ тіліне аударып, көпшіліктің оқып-білуіне
мүмкіншілік туды. Мұның өзі де біздің халқымыздың тілінің өсіп-өркендеп
келе жатқанына үлкен бір айғақ болады. Әр ұлттың туған тілі, оның рухани
азығы екенін дәлелдеп жатудың қажеті болмас. Тіл жоқ жерде жеке ұлт
болып ұзақ өмір сүре алмайды. Өйткені тіл – адам баласының біріне
Достарыңызбен бөлісу: