3.ХҮІІІ-ХХ ғғ. тәуелсіздік үшін күрес
XVIII-XX ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері:
Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797);
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838);
Кеңесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі (1837-1847);
Жанқожа Нұрмұхамедұлының көтерілісі (1856-1857);
Есет Көтібарұлының қозғалысы (1868-1869);
Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870).
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс
Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және көрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі өміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең көрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды.
Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының өсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық өмірде қозғалыс тудырып, Алаш партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді.
Аталған көтерілістердің жеңілу себептері ұқсас болып келеді. Атап айтсақ: көтерілістің бытыраңқы, стихиялы болуы, алдына қойған мақсаттардың болмауы, қару-жарақтың жетіспеуі, сатқындардың көп болуы, (патшаның жазалауынан қорыққан көптеген сұлтандар мен байлар көтерілісшілерді сатып кетіп отырды).
Достарыңызбен бөлісу: |