Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


Қазақстанның тәуелсіздігін одан әрі нығайту және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеясы



бет46/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
дәрістер курсы

4.Қазақстанның тәуелсіздігін одан әрі нығайту және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеясы.
Тәуелсіздік – негізгі байлық. ХХІ ғасырдағы қауіп-қатерлер. Қоғамның ішкі топтасуы. Мемлекеттік идеология. Бірлігі бекем көп ұлтты мемлекет. Қазақстан Республикасының Халықтар Ассамблеясы. Ұлттық идеология. Білімнің салтанат құруы. Зияткерлік ұлт. Бәсекеге қабілеттілік.
Мемлекеттік идеология - ұлт субъектісі болып табылатын мемлекеттің идеялық көзқарастарының жүйеленген жиынтығы. Ұлт саяси қатынастардың басты субъектісі екені даусыз. Осы орайда, олар өздерін, өз мүдделерін қоршаған ортада нақтылы философиялық, экономикалық, саяси, құқықтық, этникалық және діни көзқарастарымен тұтастанатын, өздерінің саяси-әлеуметтік талпыныстары мен әрекеттерін сол ұстанымдары тұрғысынан түсіндіреді.
Біздегі мемлекеттік идеология – ұлттық мұраттардан туындай отыра жалпы қазақстандық мақсаттарға ұласатын идеялар мен көзқарастар жүйесі. Негізінен ұлттық идеология құрайтын Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы жалпы азаматтық құндылықтар мен рухани мұра жетістіктерімен үнемі толығу, баю үстінде болмақ. Демек мемлекеттік идеология – қазақтың ұлттық идеологиясының өркениетті адамзаттық, планета аралық идеологиямен синтезделіп қауышуы, жаңа сапалық дәрежеге өтуі. Осындай жаңа мазмұндық және сапалық деңгейде Қазақстанның мемлекеттік идеологиясы қалыптаса бастайды. Өркениетті мемлекеттердегі және Қазақстанның төл ерекшеліктерін қамти отырып, қызмет ететін идеологияның қалыптасуы өте-мөте күрделі әрі ұзақ мерзімдік процесс. Сондықтан, елдің барлық әлеуметтік және ұлттық топтарының мақсат-мүдделерін ескеретін мемлекеттік идеологияның қалыптасып, дамуы үшін ең алдымен қазақ халқының ұлттық идеологиясының дұрыс қалыптасуы айрықша маңызды. Екіншіден, қазақтың идеологиясының ең озық, ең өркениетті, адамгершілік, ізгілік пен адалдық мазмұнындағы үлгілері күллі қазақстандықтардың дүниетанымының обьектісіне айналуы керек. Ұлттық идеология осындай үрдістерден дамып, жалпы қазақстандық мемлекеттік идеологияға барып ұласа алады. Кез келген мемлекет өз азаматтарын болашақ туралы идеямен қамтамасыз етуі керек. Онсыз адамның күнделікті іс-әрекеттерінің мәні болмайды.
Қазақстанда мемлекеттік идеологияның қызметі үш түрлі бағыттарда қызмет жасаауы қажет:
- адамдардың қоғамдастығын топтастыру;
- әлеуметтік мінез – құлықты қалыптастыру;
- адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету;
Қазақстанның экономика саласындағы идеологиясының негізігі бағыттары мыналар:
- өзіміздің кәсіпкерлікті қолдау;
- өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру;
- халықты әлеуметтік қорғау;
- мемлекеттік байланыстар үшін экономикалық саяси серіктестіктер таңдауда байыптылық таныту;
Аса маңызды идеологиялық міндеттердің бірі – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі билеуін қалыптастыру. Идеялық бірігу арнасында қоғамда жоғары тіл мәдениеті орнығуы тиіс. Қоғамның бірігуін нығайтуға тұрақтылық, азамттық келісім ахуалын құру елеулі әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет