Ұлттық идеология — күш пен қаталдыққа табынудан — пікір алысу мен келісімге табынуға дейінгі бағыт. Мұндай идеология Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін азаматтық және мәдени бірегейлігін нығайтуға жәрдемдесетін болады, елдің үдей түскен жаһандану жағдайында төтеп беріп қана қоймай, өзінің ұлттық келбетін сақтауға көмектеседі, сонымен бірге оның түрленуінің, оның «басқа жаһандану» белгісімен ойдағыдай жүзеге асырылуының алғышартына айнала алады.
Қазақстанның әлемге паш етуге лайық қазынасы бар. Ол — бірлік. Әлемге тәуелсіз және егеменді ел болып қалыптасқан Қазақстанның көптеген этностары мен конфессияларының өзара түсіністігі мен өзара келісімі тәжірибесі ерекше маңызга ие бола бермек.
Күшті күшпен ғана тоқтатуға болады деп ежелден есептеліп келді, әйтсе де данышпандар бұған керісінше пайымдады: «Өшпенділікті өшпенділікпен тоқтатуға болмайды — тек сүйіспеншілікпен ғана тоқта- туға болады». Қазақстан әлемге қарапайым, бірақ ұлы акиқатты дәлелдеді: татулықта және бейбітшілікте, жанжалсыз өмір сүруге әбден болады, қара- ма-қайшылықты пікір алысу үрдісінде шеше аламыз, мәдени және кон- фессиялық алуан түрлілікті сақтай отырып, бірлікке толық қол жеткізуге болады, күшке шынында да күшті — ұлттық Рух күшін қарсы қою керек. Сөйтіп қазақ ұлттық идеясы ғылыми айналымға жаһандану жағдай- ында Қазақстанның орнықты дамуынын күрделі проблемаларын зерделеу үшін аса маңызды біріктіргіш принцип ретінде енгізілген қазақстандық ұлттық идея болып табылады. Әнгіме қазір этносаралық қарама-қайшы- лықтарды шешу формасы қазақ ұлтының және басқа ұлттық диаспоралар- дың мүдделерін бірыңғай топтасқан қазақстан халқы болып қалыптасқан біртұтас мемлекет шеңберінде шебер ұштастыру негізінде этносаралық ықпалдасу тәсілі ретіндегі қазақстан идеясы туралы болып отыр.
Жоғарыда аталған бүгінгі ұмтылыстар, өмірлік басымдыктар және қазақстандықтардың өркениеттік мұраттары Қазақстанның ұлттық идея- сының мазмұның, ең болмағанда, таяудағы он жылға арналған мазмұның көрсете алады. Сөйтіп ұлттық идеяның мәні мынадай тұжырымда тезистік түрде айтылуы мүмкін: «Бастау-көзді ұмытпай, біз бірге әрбір қазақ- стандықтың игілігі үшін гүлденген және демократиялық күшті Қазақстан орнатамыз». Ұсынылып отырған ұлттық идея тұжырымы барлық көп этностық қоғамды топтастыра және азаматтық бірегейлік векторын күшейте оты- рып, мемлекетті нығайтудың, жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру- дың аса манызды әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларын шеше отырып, Қазақстанның барған сайын күшейе түсіп отырған жаһан- данушы әлемдегі орнын нығайтуға жәрдемдеседі. Ұсынылып отырған формадағы ұлттық идея қазіргі заманғы жаһанданудын бой көрсетуі ал- дында бүкіл елді жұмылдырудың нақты практикалық тетігі бола алады.
Міне, терен сипатты пікір алысу қазақ ұлттык идеясынын қазақстан- дық идея, барлық этностарды біртұтас халыққа біріктіретін, жаһандану үдерісінде өзінің мәдени және ұлттық бірегейлігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге оның өмір сүруін қажетгі құрылымдаушы факторына айна- ла алатын қазақстандық идея мәртебесін ала алатын тәсіл болып табыла- ды. Тек ұлттық идея ғана әлемдік қоғамдастыққа ұлттық мақтаныш сезімімен, өзінің мәні мен салмағын таныған санамен кіруге қабілетті нақты күш бола алады.
Идеология сондай-ақ мемлекеттін таяудағы жылдарға арналған сая- сатын айқындаушы ұлттық бірқатар мүдделерді де қамтиды. Бұл, ең алды- мен, қазақ ұлтының өзінің экономикалық өcyi және мәдени өрлеуі; ауыл- дың, ауылдық елді мекендердің қайта түлеуі. Ұлттық мүдделер қазақтар мен басқа да этностардың материалдық және рухани дамуынқолдаудың арнаулы әлеуметтік багдарламаларын әзірлеуді көздейді. Идеялар мен мүдделер жүйесі пікір алысу қағидасына орай құрылымдалады