Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


Қару-жарақ түрлері және оның даму эволюциясы



бет12/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

4. Қару-жарақ түрлері және оның даму эволюциясы
Ерте замандағы халықтардың қару-жарағын зерттеген ғалым Қ. Ахметжанның көрсетуінше, сақтардың жеке жауынгерлік қару-жарақ комплексі алыс, орта және жақын қашықтықта қолданылатын шабуыл қарулары мен денеге киіліп, қолға ұстап қорғанатын қорғаныс жарағынан тұрды. Бұдан кейінгі дәуірлерде даланы дүбірлеп өткен батыр бабаларымыздың қару-жарағы металдардың өңдеп-өндіруіне байланысты түрленіп, өзгерістер қосылып отырды. Ғұн-сарматтардың, кангюлердің, үркілердің, қимақ-қыпшақтардың қару-жарақ соғу өнері даму сатысында бірнеше кезеңді бастан өткерді және жалпы адамзаттық өркениетке өлшеусіз үлес қосты. Қару-жарақ атауларының мәні Қару-жарақ дегендегі қару сөзінің шығуын ғалымдар былай түсіндіреді: қазақ тілінде «қол» деген мағынаны білдіретін «қар» түбір сөзінен туындаған «қару» сөзі қолға ұстайтын құрал деген мағынаны білдіреді. Ал «жарақ» сөзі қаруға синоним ретінде қарастырылғанымен, мүлде басқа мағынаға ие: тұпнұсқасында «йарық» делінетін бұл сөз М. Қашқари сөздігінде жауынгерлердің қарудан қорғану үшін шайқасқа киіп шығатын темір сауыттардың, қалқандардың ортақ атауы деп сипатталыпты. Осындай анықтаманы негізге ала отырып, «қару» және «жарақ» сөздерінің мәнін ұққандықтан, қалыптастыратын тұжырым: қазақ жауынгерлерінің соғыс қаруларын екі үлкен категорияға жіктеп, шабуыл қаруларын қару деп, ал қорғаныс құралдарын жарақ деп атау өте орынды. Осылайша екі атауды біріктіргенде «қару-жарақ» қос сөзі соғыс құралдарының бүкіл кешеніне лайықталған жалпы атауға – терминге айналып шыға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет