Зияткерлік ұлт – интеллектуалды тұрғыдан адамгершілік, мәдени қасиеттерді меңгерген өзінің ғылыми, мәдени, білімі мен білігін еркін тарату әлеуетіне ие бәсекеге қабілетті ұлт. Зияткерлік ұлтты қалыптастыруда біздің міндетіміз зияткер тұлғаны қалыптастыру екенін есте ұстауымыз керек. Зияткерлік әлеуетті тұлға – адамгершілік және ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа және арнайы мамандандырылған білім көздерін жоғары дәрежеде игеру арқылы пайда болған білім, білік, құзыреттерді өзінің, ұлты мен Отанының мүддесіне жарата алатын азамат. Білім алушының зияткерлік тұлғасын қалыптастыру үшін өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алу, шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын болу, интеллектуалдық қабілетін дамыту болып табылады
Бәсекеге қабілеттілік. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының маңызды бағыттарын айқындап берді.
Себебі, ұлттың рухани жаңғыру жолындағы құндылықтары мен мүдделері көрсетіліп отыр. Елбасы «рухани жаңғыру» мақаласында сананы жаңғыртудың негізгі алты бағытын белгіледі. Олар бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау;
білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |