Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


Түркі дәуіріндегі мемлекеттілікті сақтап қалу идеясы



бет44/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
дәрістер курсы

2.Түркі дәуіріндегі мемлекеттілікті сақтап қалу идеясы.
Мәңгілік Ел идеясы Түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея. Ол кісі бес жыл Қытайда ақсүйектің балалары оқитын мектебінде оқыған, Қытайдың түрлі губернияларында прокурор болып жұмыс атқарып, заң саласын жетік білген адам. Кейін Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрған кезде қолдау көрсетті. Соның арқасында Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрды. Қағанат орнап болғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды.
«Түрік бірлігі» идеясынан «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясына дейін
Түріктердің мәңгілік мақсат-мұраттарын көздейтін «Тұтас түрік елі» идеясын насихаттайтын «Тоныкөк», «Күлтегін» жазбаларының өзін осы идеяны мәңгі көктүріктің ұрпақтарына қалдыру үшін Иоллығтегін тасқа қашатып жаздырды. «Бәрібір адам баласының бәрі өлгелі туған», – дейді Иоллығтегін. Бұл дүниедегі өмір өз жұртыңа сөз қалдырып, керек болса, жұртың үшін жан қиюға дейін бару үшін, ал о дүниедегі өмір – мәңгілік тіршілік деп түсінген. Түрік халықтарының жойылып кетпей, бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекеттер болып отыруы осы «Тұтас түрік елі» идеясы.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы дегеніміз – өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы сара жол.Көптеген атақты ғалымдардың пікірін оқи отырып маған профессор Күлтегін сыйлығының лауреаты Сатай Сыздықовтың жазғаны қатты қызықтырды. Солардың бірі
жалпы, ежелгі түркілердің «Мәңгілік ел» идеясын екі мағынада алып қарастырған дұрыс. Біріншісі – кең мағынада, яғни біртұтас түркі елі немесе қағанат, бірнеше ұлыстар мен ру-тайпалық мемлекеттерді біріктірген ірі бірлестік, ал екіншісі – тар мағынада, яғни жекелеген түркі мемлекеттері немесе хандықтар мен ұлыстар. «Мәңгілік Ел» идеясының алғаш рет манифест, яғни үндеу тұрғысынан жарияланғаны – кең мағыналық сипатта еді. Өйткені, ол кезде түркі жұрты – Ұлы Түркі қағанатын, яғни біртұтас елін құраған заман болатын. Ежелгі түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш тұғырдан, яғни үш негізден тұрады: оның біріншісі – көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» манифесі, екіншісі – Әл-Фарабидің философиялық шығармаларында, әсіресе, «Қайырымды қалада» бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты, бір заманның жемісі және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып, кейінгі ұрпақтарының құрған мемлекетшілдік, яғни «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасады.Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. [8,б.5-6]Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.Көне түркі жазба ескерткіштерін алып қарастырсақ, біріншіден, олардың заттық, яғни материалдық сипатқа ие болып, еркіндік, азаттық пен тәуелсіздіктің нышандарын айғақтайтын мемлекеттік рәміздер белгілерін көруге болады. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің ұшар басы бөрі бейнелі бесбұрышты қалқан түрінде ойылуы кездейсоқ емес. Көк бөрі түркі халықтарының ежелгі тотемдік нанымына негізделгендігі белгілі. Түркілер әулетінің негізін қалаған Ашина Алтай тауына қоныс тепкеннен кейін, «өзінің тегін ұмытпайтындығын елге жария ету үшін қақпасына қасқыр басты туын іліп қойды», делінген қытай жылнамаларында. Толық бөрі бейнесін оның басы арқылы беру «тұтастықты бөлшек арқылы беру» деген ғылыми принципіне негізделген. Мұндағы бөрі бейнесі көркемдік емес, саяси-әлеуметтік, яғни елдік пен еркіндікті, тәуелсіздік пен азаттықты айшықтайтын тудың рәміздік нышаны. Бөрінің бейнесі көптеген түркі тайпалары мен руларының таңбасы болған. Қазір де кейбір түркітілдес халықтар қауымдастығының рәмізі ретінде қолданыста.Л.Н.Гумилев те Орхон-Енисей ескерткіштеріне талдау жасағанда руникалық жазулар эпитафиялық емес, публицистикалық сипатта деп жаңа бір пікірді білдірген болатын: «үш жазудың мәтіндері де түркілердің барлық қоғам мүшелеріне үндеу тұрғысында айтылған, оның өзінде ештеңемен бүркемелемей, халықты сендіргісі келеді. Ендеше, жазу – үндеу, ондағы берілген материал таңдап алынған. Мұндай жанрдың болуының өзі сөздің түркі қоғамында нақты күш екендігін көрсетеді. Олай болса, дамыған қоғам және қоғамдық пікір де бар». Ендеше, бұдан шығатын қорытынды: «Мәңгілік Ел» – көне түркі жазба ескерткіштерінде Ұлы Түркі қағанаты мемлекетінің манифесі ретінде жария етілген деген екен.
«Мәңгілік ел» сөзі аспаннан түсе қалған жоқ. Ол біздің тамыры тереңде жатқан түп тарихымыздан алынды. «Бұл, әрине, тектен-текке шыққан дүние емес. Кезінде Түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөкабыз негізін қалаған идея»
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Түркі мемлекеттерінің сабақтастығын жекелеген хандықтар құрылған заманда жалғастырған тұлғалар: Керей мен Жәнібек,Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай хан мен соңғы Кенесары хан еді.Ол хандарымыз көрегендік билік жүргізудің арқасында қазақ елінің жерін сақтай біліп қазақ деген халықты бір орталыққа біріктіріп, ұлан-байтақ жерімізді кеңейтіп ұлы халыққа айналдырды. Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол қазақ баласының саясат,мәдениет сатысында көтерілгендігін айғақтай отырып ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге,өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің Тарих толқынында кітабының «Алаш мұрасы және осы заман»атты тарауында «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар,әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді»деп көрсеткен болатын. Ұлт тағдырына қатысты кез-келген өміршең идеяның із-түзсіз жоғалып кетпейтіні сияқты алаштық идея да ұлтжанды азаматтардың ойында жүрді. М.Шоқайдың эммиграцияда жүргендегі еңбектері, М.Әуезовтың шығармашылығы, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулері Желтоқсан көтерілісі сияқты көрнекті мысалдар Алаш идеясының,азаттық идеясының тәуелсізідкке дейін үзілмей келе жатқандығын аңғартады. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызда баянды ету үшін бір азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз керек. Бүгінгі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізгі мәні – өшпейтін мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын Қазақтың ұлттық мемлекеті.Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер бізмемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымызкелсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халықданалығының негізінде жатыр», деген еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет