3. Моңғол армиясы
Армия — Шыңғысхан империясының негізі болған. Бүкіл империя әскери қағидаттарға сүйеніп құрылған, әрбір ер адам жауынгер болған. Моңғол империясындағы түмен — ең үлкен әскери бірлік. Түменнің құрамына 10 000 жауынгер енген. Түмендер 10 мыңғаннан (1000 адам) құрылған. Мыңғанның құрамында — 10 зун (100 адам). Зундар 10 арбанға (10 жауынгер) бөлінген. Ерте түркі мемлекеттерінде-де осындай жүйе қолданылған. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алған.
Моңғол армиясының ұлы қолбасшысы Шыңғыс хан рулық принциптен бас тартқан. Осылай, моңғол жауынгерлері өз руларынан шыққан көсемдердің бұйрығын орындамаған. Бірақ, мың басы, жүз не он басының бұйрығын бұлжытпай орындаған. Айтқанын істемеген адамдар өлім жазасына кесілген. Моңғол империясының әскери күші үш бөлікке бөлінген: орталық, сол қанат, оң қанат. Моңғол империясының әскері түгелімен атты жауынгерлерден құралған. Негізгі қару-жарақ ретінде садақ, жебелер қолданылған.
Сонымен бірге, қылыштар, найзалар, шоқпарлар, айбалталар пайдаланылған. Моңғол жауынгерінің сауыт-сайманы — дулыға, сауыт. Былғарыдан жасалған сауыт-сайман да аттың денесін қорғады.
4. Қазақ әскері
Қаруланған шағын жасақтар және кейбір хандар мен сұлтандардың «дружиналарын» санамасақ, онда Қазақ хандығында тұрақты армия болмаған деуге болады. Мемлекетке сыртқы қауіп төнгенде, қазақтар тойтарыс беру үшін әскер жинай бастаған (мысалы, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде-де осылай жағдай туындаған). Әскердің жасақтары ру-тайпаларға бөлінуі бойынша құрылған. Сұлтандар мен әйгілі батырлар ірі жасақтарды басқарған.
Әр рудың өз тамғасы, ал саны көп бөлімшелердің өз туы болған. Өз жауынгерлерін танып айыру үшін рудың белгілерін, орамалдарын, ленталарын, белгілі бір түстегі жапсырмаларын пайдаланған. Салт атты жауынгерлер — қазақ әскерінің негізгі күші. Жақын жердегі шайқастарда шаншып-кесетін қару қолданылған. XVIII ғасырда өмір сүрген әрбір ауқатты адамның меншігінде отпен атылатын қару болған. Жаулардың соққысынан қорғану үшін ежелгі замандарда «панцирь» деп аталған сауыт-сайман, дулыға киген.
Достарыңызбен бөлісу: |