Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


-Дәріс: Ұлы даладағы өнегелілік тағылымдар, тәлім-тәрбиелік



бет19/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

9-Дәріс: Ұлы даладағы өнегелілік тағылымдар, тәлім-тәрбиелік
дәстүрлер, құқықтық ережелер

1.Сақ-Ғұн дәуіріндегі рухани-моральдік ережелерге негізделген «дала заңы».


2.ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы тұсындағы заңдық-құқықтық нормативтер мен тұлғаны әлеуметтендірудің ұлттық үлгісі.
3.ХІХ ғасырдағы ағартушылық пен ХХ ғасырдың басындағы интеллектуализм.


1.Сақ-Ғұн дәуіріндегі рухани-моральдік ережелерге негізделген «дала заңы».
Орталық Азия мен қазақ даласындағы халықтардың әдет-ғұрып заңдары туралы алғашқы жазба деректер ғұн дәуірінен бастау алады. Қытай жылнамаларын қарап отырып б.э.д. III – II мың жылдар бұрын Арқа мен Алтай арасында көшпелі тайпалардың тұрмыс – тіршілігі мемлекет пен құқық туралы түсініктері туралы хабар аламыз.
Мөде шаньюйдің баласы Лаушан-гию Қытай патшасына жазған хатында ғұндардың қолдануға жеңіл және ыңғайлы заңдары бар. Көшпелілердің заңын орындаудан бас тартқандары, өлім жазасына кесіледі, ал ұрлық, адам өлтіру сияқты қылмыстарды билердің өздері құн төлеу, немесе кек қайтару арқылы шаньюйге жеткізбей шешті. Құн орнына жылқы мен қойдан төледі. Ал енді қашқындар мен сатқындарды ешкім де өз көшінде сақтауға болмайды. Оларды құмға қарай қуады, ол жерден тірі қайту мүмкін емес .
Сақ-Ғұн заңдарының көпшілігі қылмысқа қарсы өлім жазасын ұсынғанымен, ұрлықтың өзін кісі өлтірумен қатар қойып, өлім жазасын талап етсе де, бұл жазаның бәрінен де құн төлеу арқылы құтылу мүмкіндігін қарастырады. Қылмыс жазасы қашанда малға шағылады, - бұл да көшпелілер өміріндегі шаруашылық қауымның орнын күшейтеді. Ғұн заңдарының екінші ерекшілігі, барымтаға рұқсат берілуі. Өз ішінде қалыптасқан тәртіпке байланысты есесі кетіп бара жатқан тайпа адамы өзінің билерімен келісіп , қарсы жақты шауып есесін қайтаруға хақылы. Сақ-Ғұн заңдарынан аңғарылатын бір басты ерекшелік мемлекеттік тәртіптің күші. Әкімшілік жүйенің басты ерекшелігі әскери қосын заңы, әр адам, әр ру, әр халық өзіне арналған орынды, алатын үлесін, олжа сын алдын-ала біледі. Соғыс жағдайында, бейбіт уақытта қанша әскер шығару керек екенін, оның азығы , көлігі бәрі де алдын- ала есептелген.
Сақ-Ғұн дәуіріндегі заңда үрейлі өлім жазасы басым. Қоғамдық формацияның рулық, тайпалық кезеңінде бірлікті сақтап, ел басқаруды қамтамасыз ету үшін аяушылығы жоқ қатаң жаза қолдану өмір қажеттілігінен туған. Кейіннен қоғамның дамуының, ондағы ойлау сана-сезімнің жетілуінің, ел басқарудағы мемлекеттік жүйенің қалыптасуының кезеңдік сатыларында бұрынғы қатаң жазалар уақыт талабына сай бірте-бірте жеңілдетіліп, жазаның басқа түрімен ауыстырылып отырған, соған қоса жаңа баптар да қосылып отырған.
Жалпы бұл заңдарды салыстыра зерттеп білу арқылы өз дәрежесіне қарай қазақ халқының этникалық тұрмыс-тіршілігімен санасу және шаруашылық-мәдени жағдайын ескеру және елдің географиялық орналасу ерекшелігіне орай жасалған мемлекеттік саяси-құқықтық заңы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет