Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


Келесі заңдар жинағы, бұл – Тәуке ханның «Жеті жарғысы»



бет22/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

Келесі заңдар жинағы, бұл – Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Тәуке билік құрған уақытқа қатысты, бүгінгі бізге белгілі ел аузындағы аңыздардың барлығында ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарды іс жүзінде ретке келтірген дала заңдарының рөлі күшейгені айтылады. Солай болса да, қазіргі уақытта тарихшыларға орта ғасырдағы даланың бір ғана заңдық ескерткіші – «Жеті жарғы» немесе «Жеті анықтау жинағы» белгілі. Ол ғылыми әдебиетте «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады.
Қазақтың заңгер ғалымдары Тәуке ханның заңдарына қатысты «жарғы» ұғымының 10 түрлі мән-мағынасын ашып көрсетеді. Соның бірінде: «Жарғы» қазақ арасында кең тараған, ғасырлар елегінен өткен «Жол» («Жаза», «Жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы») негізін қуаттайды және жетекшілікке алады», - деген анықтама бар.
«Жеті жарғыда» көрініс тапқан сол кезеңдегі тұрмыс жағдайлары мен көшпелі қоғам қайшылықтарының, олар пайдаланған құқықтық әдеттер мен нормалардың жиынтығы ел аузындағы аңыздарда Тәуке хан мен оның жақын адамдарының заңдық бастамасы ретінде баяндалады.
Қазақ заңдарының жинағы ұрпақтан-ұрпаққа тек ауыз екі түрде ғана беріліп, жазбаша нұсқасы жетпеген. «Жеті жарғыны» құрастыруға барлық үш жүздің өкілдері қатысқан, онда көрсетілген құқықтық нормалар жиынтығы бүкіл дала бойынша бүкіл Қазақстан көлемінде қолданыс тапты деуге негіз бар.
Бұл заңдық жаңалықтарды қазақ жүздерінің ішінде әлеуметтік жүзеге асырушылар – билер болды. Бірқатар аңыздарда Тәуке хан өзінің саяси қызметінде бірнеше ықпалды билерге сүйенген деген сөз кездеседі.
Қазақ хандығындағы көшпелі қоғамда саяси көсем анағұрлым жоғары қызметте болып, басқа хандарға, сұлтандар мен билерге қарағанда басты қамқоршы рөлін атқарған Тәуке хан болғаны сөссіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет