277
Қазақстандағы, әсіресе COVID-19 пандемиясы кезіндегі
гендерлік зорлық-
зомбылық туралы медиаматериалдарға жасалған зерттеу әдебиеті тапшы.
Алайда бірен-саран ресейлік зерттеушілер Ресейде тұрмыстық зорлық-
зомбылық күн сайын болып жататынын, медиа гендерлік зорлық-
зомбылықты әлеуметтік проблема ретінде көрсетпейтінін айтып жүр.
Гендерлік зорлық-зомбылық тақырыбын анық түсіндіру оңай емес, себебі
ол Ресейде күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналған (Ясавеев, 2020).
Зерттеу жобаларының бірінің мәліметіне сәйкес, тұрмыстағы зорлық-
зомбылық туралы ай сайын 2-3 материал басылады, бірақ сол материалдар
бір-бірімен
байланысты емес, эпизод фреймингі сипатында болып отыр
(Баязитова, 2020).
Бұл материалдардың тағы бір қыры – жаңалық ретіндегі жарамдылығын
көрсететін аудиториясы, оқырманға қызық болуы/оқылымы немесе пікір
жазылуы сияқты элементерден тұратын сипаты. Бұл материалдардың
ұтымды ұраны мен айрықша визуал элементтері бар, медиа да бұл
материалды «жаңалыққа жарайды» деген
фактор бойынша ғана таңдап
алады (Lee & Wong, 2019). БАҚ медианың гендерлік зорлық-зомбылықты
жариялаудағы осы кемшіліктерін ескере отырып, материалды қоғамда
тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы пікірді нашарлатып жібермейтін,
керісінше, осы әлеуметтік мәселенің алдын алатын тәсілді қолдануға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: