289
Ұсыныстар және озық тәжірибе
Қазақстанның алар сабағы мен ұсыныстар
Авторлар Қазақ медиасындағы әйелге қатысты
зорлық-зомбылық туралы
мәлімет берудің ерекшеліктерін көрсетті. Бірінші ерекшелігі – «тең
қолданылатын» билингуал (қазақ тілі және орыс тілі) жүйедегі жаңалық
материалдарының «әр тілдегі» нұсқалары. Бір оқиға екі тілде екі түрлі
жазылуы мүмкін. «4-мақала_KZ» қазақ тілді нұсқасы түпнұсқадан өзгеше
екенін көрсетіп отыр, сондықтан қазақтілді журналистерге мәліметті
қазақ және орыстілді аудиторияның екеуіне де бір тәсілмен беруді
ұсынамыз (4-қосымшаны қараңыз).
Екінші іріктеу шарты бойынша, Қазақстанда
онлайн-жаңалықтар
тергеуші-зерттеуші журналистикасының деңгейі өте төмен екенін
көрсетіп отыр. Талдау жүргізілген мақалалардың көбі баспасөз релизінен
(1-мақала), эксперттің дәйексөзінен (10-мақала), полицияның есебінен
(2,4-мақалалар), әлеуметтік медиадағы посттан (2,4,9-мақалалар), үкімет
хабарламаларынан (5,6-мақала) көшіріп алынған, сондықтан «төртінші
билік» өкілдері фактілермен жұмысты мұқият жүргізуі керек. Қадағалаушы
журналистика қалыптаспаған, сондықтан
ақпараттың нанымдылығын,
яғни белсенді гиперлинкті, дереккөзді тексеру керек. Қазақстан оқылым
бойынша осы үш елдің алдында тұр, сондықтан бұның маңызы айырықша
зор (1-кестені қараңыз). Тағы бір мысал – тұрмыстық зорлық-зомбылық
оқиғаларының өсуінің пайыздық көрсеткіші бұлыңғыр болып, 5 күн
ішіндегі статистка екі түрлі болған (1-қосымша: 5,6-мақалалар). Осы
орайда мемлекеттік және жекеменшік медиаұйымдардың бәрінің дерегі
ұқсас болғанын, яғни мұндай қатені түзеу керек екенін айта кеткен жөн.
Журналист мәліметінің жеткізуін жақсартуы керек. Яғни түпнұсқа
және жанама дереккөздерден алған мәліметті «редактордың логикасына»
сай құру керек екенін Германия мен Румыния тәжірибесі
көрсетіп отыр
(Marinescu, 2020). Пандемия кезіндегі тұрмыстық зорлық-зомбылық
оқиғалары туралы жаңалықты сан түрлі аудитория оқиды; халықтың
барлық топтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы білімін
арттыру науқанын өткізу керек. Осы тұрғыдан алғанда, саяси терминді,
«көше» тілін қолдану дұрыс емес; журналист халықтың бәріне түсінікті
тілде жазуға тиіс.
Анықтап алатын тағы бір пункт – фрейминг. Тұрмыстық зорлық-
зомбылық туралы халықтың білімін арттыру үшін журналист осы
мәселені дұрыс фреймдей алуы керек, қазақстандық іріктеп алынған
материалдардың басым бөлігі гендерлік зорлық-зомбылық жөнінде
жаңа мәлімет бермеді де, осы әлеуметтік
проблеманың маңызын ашып
көрсетпеді. «Пышақ ала жүгірген бұрынғы күйеуінің соққысынан қазақ
әйел әрең аман қалды» (3-мақала) немесе «Әйелін балталап өлтірген адам
11 жылға бас бостандығынан айырылды» (7-мақала) сияқты мәлімдемелер
қазақ оқырманының осы мәселеге қатысты білімін арттыра алмайды,
қайта осы тақырыптан бездіріп жебіреді (1-қосымша). Жәбірленушінің
болашақта қауіпсіз әрі жайлы өмір сүру ықтималдығын көрсету үшін
әйелдердің әлеуметтік проблемасы позитив, ынталандыру
мәнерінде
жазылуға тиіс. Ол Қазақстандағы қадағалаушы журналистиканың
жаңарған ұстанымы, дағдарыс орталықтарының суреттері, күш
көрсетушімен қарым-қатынасын бұзған әйел, салауатты өмір салтын
ұстанған келіншек туралы жасампаз хикаялар түрінде болуы мүмкін.
290
Үш елде де осы әлеуметтік проблема
масштабы тарих тұрғысынан
қарастырылмаған. Қоғамның гендерлік зорлық-зомбылық туралы
не білетінін де, оба, шешек эпидемиясы кезіндегі гендерлік зорлық-
зомбылық туралы да осы елдердегі ешбір медиа зерттемеген. Биылғы және
былтырғы гендерлік зорлық-зомбылық статистикасының салыстырмалы
динамикасын да көрсетпеген. Сондықтан қазақстандық медиада таным
бағытына көбірек мән беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: