Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж


Ұсыныстар: «Неолиберализмге қатысты адам құқықтары



Pdf көрінісі
бет49/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Ұсыныстар: «Неолиберализмге қатысты адам құқықтары 
тұрғысынан либерал сын қалыптастыру несімен маңызды?»
Қазақстандық БАҚ-та коммерциялизацияға қарсы, тіпті капитализмге 
қарсы дискурс бар. Алайда неолиберализмге қарсы көрнекі либерал дискурс 
жоқ (кейбір әлеуметтік медиааккаунтын қоспағанда). Қазақстандағы 
капитализм мен мемлекеттік функциялардың және денсаулық сақтау 
саласының коммерциялануын сынаушы басты тұлғалар либерал идеяларға 
келгенде сақ. Дегенмен адам құқықтарының баршаға бірдейлігі туралы 
заманауи түсініктің негізінде либерал идея жатыр және ол неолиберал 
капитализмнің негізгі қағидаларына аса сыни, тіпті кереғар көзқараста. 
Біздің пікірімізше, неолиберализмді сынайтын либерал дискурс – адам 
құқықтарының заманауи түсінігіне сүйенген денсаулық сақтау құқығы 
туралы дискурс қалыптастыру қажет. Скандинавиялық және көптеген 
континентал Еуропа елдерінің экономикалық модельдері нарықтық 
экономика мен адам құқықтарын қорғауға негізделген, бірақ әлеуметтік 
тұрғыда қоғам алдында жауапты демократиялық мемлекет құрудың 
жарқын мысалын көрсетіп отыр. Нарықтық экономика қағидалары қабыл 
алынады және қорғалады, бірақ халықтың қауіпсіздігі, өмірі мен қадір-
қасиетіне қатысты мәселелерде нарық ережелері қабылданбайды.
Бұл мақала – нормативті зерттеу. Сондықтан ол, біріншіден, адам 
құқықтары дегеніміз – моральдық құқық; екіншіден, әділдік деген 
моральдық парыз, үшіншіден, денсаулық сақтау құқығы дегеніміз – 
бәрінен бұрын адам құқығы және ол әділет бейнесі деген сенімге құрылған. 
Басқаша айтқанда, денсаулық сақтау құқығы – әрі моральдық құқық 
(себебі ол барлық өзге жайттарға қарағанда адам құқықтары түсінігіне 
көбірек негізделген (Tasioulas & Vayena, 2016: 380), әрі моральдық парыз. 
Сондықтан егер мемлекет өз азаматтарының денсаулық сақтау құқығын 
қорғамаса немесе тым құрығанда осы құқықты қорғау үшін істеуге тиіс 
істі істемесе – мемлекеттің адам құқықтары мен әділдікті аяқасты еткені 
не моральдық құқықты бұзып, моральдық парызын өтемегені.
Пандемия кезіндегі қазақстандық БАҚ талдауы, денсаулық сақтау 
құқығын қорғауда адам құқықтарына жүгіну дискурсының әлсіз екенін 
көрсетті. Қарағандыдағы айрықша кейстен (Журналист, 2020; Муканова, 
2020) басқа денсаулық сақтау құқығын қорғау үшін адам құқықтары 
тұжырымдамасын алға тартуды негізге алатын дискурсқа байланысты 
мысал табылмады. Сондықтан Қазақстанда неолиберал капитализмге 
қарсы адам құқықтарына негізделген либерал сын қалыптастыру қажет, 
басқаша айтқанда, неолиберализмге қарсы адам құқықтарына негізделген 
сын – либерал позиция, ол, қалай болғанда да, неолиберализмнің басты 
идеяларына қарсы. Адам құқықтарына негізделген либерал позиция, 
неолиберализмнің денсаулық сақтау саласын жекешелендіру арқылы 
адамның фундаментал болып саналатын денсаулық сақтау құқығына 
қауіп төндіреді деп дабыл қағады. Денсаулық сақтау саласы, қорғаныс 
саласы немесе полиция қызметі сияқты жеке индивидтердің, қоғам 
мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қорғаныс күштері – 


128
коммерцияланбайтын сектор. Сонымен қатар әділет жүйесін де нарыққа 
бағытталған жүйеге айналдыру ықтималдығы туралы да ешкім айтпайды. 
Мемлекет философиясы талаптары бойынша мемлекет қорғаныс 
болсын, әділет жүйесін болсын, тегін (немесе халықтың мемлекетті 
қолдау үшін салық төлеуі арқылы сияқты механизмдермен) қамтамасыз 
етеді. Азаматтармен бекіткен қоғамдық келісіміне сай, мемлекет – 
демократиялық елдегі өзге жайттармен қатар, қауіпсіздікті сақтау 
парызын да мойнына алатын басты инстанция.
Денсаулық – адамзаттың қауіпсіздігі. Адам құқықтарының заманауи 
түсінігімен үндес келетін мемлекет философиясының жаңа ұғымына 
сай, мемлекет барлық азаматтарының денсаулық сақтау құқығын 
қамтамасыз етіп, оған кепілдік беру керек. Жалпы және жан-жақты 
денсаулық сақтау және білім беру (біздің пікірімізше, бүгінде бұған 
жоғары білім беруді де қосу керек) салаларына әділет немесе қорғаныс 
секторы сияқты қарап, оның негізгі функцияларын жекешелендіруге 
немесе коммерцияландыруға жол бермеу керек. Екінші жағынан алғанда, 
қоғамдық мәртебесі жауапкершілік те жүктейді. Дорфман мен Харел 
(2015: 1) айтқандай, «жекешелендіру» шешім қабылдау процестері мен 
азаматтар арасында байланысты үзеді, сондықтан саясатқа атсалысу мен 
оның астарында жатқан ортақ жауапкершілік түсінігін құлдыратады. 
Мысалы, қазақстандық БАҚ пен әлеуметтік медиадағы көп материал 
мен постта «СК-Фармация» компаниясы мен Әлеуметтік сақтандыру 
қоры жұмысының сын көтермейтіні жазылып, ондағы басшылардың 
пандемия сияқты төтеше жағдай кезінде негізсіз материалдық пайда 
тапқаны (немесе мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын нашар 
атқарғаны, қаржыны талан-тараж еткені туралы оқиғалар) әшкереленді. 
Халықтың наразылығын тудырған бұл проблемаларды шешу үшін жүйелі 
және түбегейлі трансформация қажет. Мұндай түбегейлі трансформация 
неолиберализм қағидаларының әлеуметтік-демократиялық, адам 
құқықтары сақталатын баламасына негізделіп, осыларға сай жоспарлануға 
тиіс (ол әсіресе денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты).
Егер денсаулық сақтау саласы қоғамдық болса, мемлекеттік 
қызметкерлердің шешімдерін толықтай азаматтардың мүддесі үшін 
жасалған шешім деуге болады. Соның нәтижесінде азаматтардың саясатқа 
араласу белсенділігі артады. Алайда жекешелендіру шешім қабылдау 
процестері мен азаматтар арасында байланысты үзетіндіктен, саясатқа 
атсалысу мен оның астарында жатқан ортақ жауапкершілік түсінігін 
жояды (Dorfman & Harel, 2015: 1-2). 
Либералдар, өз кезегінде, адамның еркіндік пен бостандықтарын 
қорғау дегеннің қоғамдық денсаулық сақтау мен білім беруді қабыл 
алмауды білдірмейтінін түсіну керек. Қайта керісінше, ол халықтың 
қауіпсіздігі пен абыройлы өмір сүру құқығының қамын жеуден туындайды 
және ол мемлекеттің ең қымбат капиталы – халқын қорғауды білдіреді. 
Неліктен қорғаныс ісіне жұмсалған қаржы еркіндікке қарсы емес те, ал 
жалпыға бірдей қоғамдық денсаулық саласына қаржы жұмсау еркіндікке 
қарсы? Томаски (2020) айтқандай, қазір әсіресе либерал саналы адам 
құқықтарын зерттеушілер мен белсенділердің неолиберализм қолданған 
«жекешелендіру» және «коммерциялизация» концепцияларына қарсы 
философиялық шабуыл жасайтын кез келді. Томаски (2020) логикасын 
қолдансақ, адамның еркіндік пен бостандықтары қағидасы және оның 
интерпретацияларын денсаулық сақтау құқығын коммерцияландырып, 
денсаулық сақтау саласын «тауар» еткісі келетін неолиберал әрекеттерге 


129
қарсы қолдануға болады. Біздің еркіндігіміз өзге адамдарға зиян келтіруге 
қолданылмауы керек. Адамдардың денсаулығын сақтауына аса маңызды 
денсаулық сақтау саласын коммерцияландыратын жеке кәсіпкерлік өзге 
адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді деуге болады. Себебі адамның 
өмірі мен денсаулығына қатысы бар көмек алуын коммерциялық негізге 
тұрғызады.
Еркіндік дегеніміз – денсаулық сақтау секторын коммерцияландырып, 
оны табысты максимумға жеткізу құралына айналдыру арқылы көптің 
денсаулық сақтау құқығын шектеу, оны қолжетімсіз қылуды білдірмесе 
керек. Денсаулық сақтау саласын коммерцияландыру миллиондаған 
адамды қинап, олардың денсаулығын құртып, тіпті өмірден өтуіне 
жеткізеді. Себебі олардың қалтасы медициналық қызмет немесе 
препараттарды алуды көтермейді. Оған қоса, мемлекетке өзінің басты 
функцияларының бірі – халық денсаулығын сақтау ісін қысқарту, тіпті 
оны тәрк етуге тура келеді.
Денсаулық сақтау жүйесін неолиберал капитализм линзасы арқылы 
бюджет ақшасымен табысты максимумға жеткізуші құрал ретінде 
көретіндер – адам құқықтарын бұзушылар. Неолиберал капитализмнің 
таралуының ең қауіпті салдары халықтың құлағына экономика мен 
саясатта, тіпті адам өмірінде мораль мен этикаға орын жоқ деген ойдың 
құйылып қойылғанында болса керек. Алайда Сангера мен Сатыпалдиева 
(2020b: 2) атап көрсеткендей, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар 
саласының ғалымдары, бақуаттық, заңдылық пен әділдікке қатысты баға 
бермей тұра алмайды.
Қазақстан қоғамы мен интеллектуалдары адам құқықтары, адамның 
денсаулығын сақтау құқығы, әділдік, әлеуметтік әділдік, әлеуметтік этос, 
қоғамдық мораль, ортақ игілік сияқты мәселелер мен концепциялар 
дискуссиясына белсендірек атсалысуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет