«Ұлылардың ұлысы - Абай»
атты әдеби-музыкалық кеш
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Абай туралы қанатты сөздер:
Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан, хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.
Шәкәрім
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғабит Мүсірепов
Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін - Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдесіз құбылыс.
Қайсын Кулиев
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
Шыңғыс Айтматов
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев
Кіріспе:
-Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы. Бүгінгі кемеңгер ойшыл, кемеңгер ақын Абай атамызға арналып отырған әдеби кешке қош келдіңіздер.
1-жүргізуші
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.
2-жүргізуші
- Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
1-жүргізуші
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы әдеби-танымдық кешімізді жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмыз. Абайдың суретін көрген ол:
2- жүргізуші :
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? –
деп айтқан екен.
1-жүргізуші
Абай – қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілері мен деңгейлес тұрғаны - білген адамға айқын шындық. Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында «Абайдан асқан бұрынғы соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ»,- деп аса жоғары баға қояды.
2- жүргізуші
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.
«Көзімнің қарасы» әні
1-жүргізуші
- Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі.
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2-жүргізуші
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
(Сахнаға Абай шығады):
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...
1-жүргізуші
- қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
2-жүргізуші
Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен...
деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін өлең оқушы студенттерге берейік:
2-жүргізуші
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.
Ән « Желсіз түнде жарық ай» Орысаева Ботагөз 1У-212 тобы.
1-жүргізуші
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, -
деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте жоғары болды.
2- жүргізуші
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,
демекші, келесі кезең «Әннің де естісі бар, есері бар», – деп аталады.
Абай әні
1-жүргізуші
Абай - әлемі ұлы қазына, біз тек ақын өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық. Бүгін ХХІ ғасырдың басында біз Абайдың шығармашылығынан қазаққа қажет руханилықты табамыз. Бізден кейінгілер де өздеріне қажетін табатыны сөзсіз. Себебі Абай – адамзат ақылманы. Қатысушылар мен көрермендерге өз алғысымызды білдіре отырып, біз сіздермен қоштасамыз.
2- жүргізуші
Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім?» өлеңімен аяқтағым келеді.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнгі тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм татып қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.
Ашық тәрбие сағаты "Абай дана - Абай дара қазақта"
Сабақтың тақырыбы:«Абай –дана, Абай- дара қазақта».
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру.
Дамытушылық :Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Тәрбиелік: Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Абай- дана, Абай- дара қазақта» атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.
1-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын атандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Ортаға Абай шығады
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
1-оқушы: Өмірбаян.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған.Әкесі Құнанбай аға сұлтан,болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған.Болашақ ақын жас кезінен өлең , әңгімеге әуес болып , әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
2- оқушы. Тірек сызбамен жұмыс
философ заңгер ақын аудармашы сазгер
дара ойшыл
кемеңгер Абай жазба әдебиетінің негізін салушы
гуманист қоғам қайраткері әділ би
ағартушы-ұстаз
Слайд
Абай туралы сөз.
Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан , қадірі азырақ білінді. Олай болмағанда данышпан , хакма философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті.
Шәкәрім.
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев . Онан асқан бұрынғы –соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы.
Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы-заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.
Мұхтар Әуезов.
Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді.
Ғабит Мүсірепов.
Орыстар үшін-Пушкин, ағылшындар үшін –шекспир, грузиндер үшін -Руставели.... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.
Қайсын Кулиев.
Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін таныттты.
Шыңғыс Айтматов.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлтттық ұранымыз болуы тиіс.
Нұрсұлтан Назарбаев
«Көзімнің қарасы» әнін тыңдаймыз.
2- жүргізуші :Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің шығармаларын қазақшаға аударды.
1 жүргізуші: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі»
45 қара сөзі, өлеңдері бар.
2-жүргізуші: Туғаннан дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен....
Гүлжайна:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»
Мерей: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Айгерім: «Құлақтан кіріп бойды алар.»
Мөлдір: «Күз»
Қарақат : «Жазғытұры»
Ән «Желсіз түнде жарық ай»
жүргізуші:
Сұрақтар Абай шығармашылығына байланысты.
1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).
2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үш күйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
6.Абай Леермонтовтан қанша шығарма аударған?(Жиырма жеті шығарма аударған).
7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
9. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
11.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).
12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)
14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)
15. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)
2-жүргізуші: Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
Ән « Қараңғы түнде тау қалқып»
Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана сол тереңнен дәм татып қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.
Достарыңызбен бөлісу: |