3- тақырып. Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері мен тәсілдері
Жоспар 1 Тіл біліміндегі әдіснама
2 Тіл білімі зерттеулерінің ұстанымдары
3 Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері
4 Тілді зерттеу тәсілдері
Тіл біліміндегі әдіснама Кез келген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі – зерттеушінің ғылыми зерттеу әдіснамасын, зерттеудің әдіс-тәсілін дұрыс қолдана алуына байланысты. Зерттеудің әдіс-тәсілдеріне тоқталмастан бұрын біз әдіснама, әдіс, тәсілтерминдерінің мағыналарын ажыратып, олардың айырмашылықтарын білуіміз керек.
Әдіснама – ол жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым. Әдіснама зерттеудің жалпы ғылымдық бағыт-бағдарын көрсетеді.
Әдіс – қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Әр ғылымның тек өзіне тән зерттеу әдістері болады. Әдіс әдіснамаға тәуелді болады, соған бағынады. Өйткені әдіснама зерттеудің жалпы ұстанымдарын белгілейді.
Тәсіл – зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік амал.
Әдіснама жоғарыда айтылғандай жалпы ғылыми әдіс немесе жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым.
Әдіснаманың екі түрі бар: жалпы (философиялық) және жеке (нақты ғылыми әдіснама).