Тіл біліміндегі зерттеудің әдістері Әдіс – қойылған ғылыми мақсатқа жетудің жоспары. Ол жоспар зерттеушінің тілдік құбылыстарды зерттеудегі әрекеттерін үйлестіреді, бір жүйеге түсіреді. Кез келген жоспар қойылған мақсатқа жетуде бірнеше кезеңдерден, әрекеттердің бірізділігінен тұрады. Басқаша айтқанда әдіс – зерттеудің, танымның жалпы қағидаларына негізделген бірізді кезеңдердің жиынтығы. Кез келген зерттеу объектісі мен зерттеу әдісі арасында біржақты байланыс бар. Тілді зерттеуде жоғарыда айтылған тілдің барлық қасиеттерінің (субстанционалды, функционалды, прагматикалық) ерекшеліктерін есепке алған жөн.
Әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы бар. Мысалы, тіл білімінде салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, сипаттамалы әдіс, салғастырмалы әдіс, статистикалық әдіс, құрылымдық әдіс т.с.с. әдістер бар.
Енді осы әдістердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.