Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері



бет85/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91
Номографиялық әдіс (гр. nomos-заң, grapho-жазамын) әлем тілдеріндегі жалпылықты, универсалияларды зерттеуге арналған әдіс, яғни бұл әдіс бір тіл шекарасынан шығып бірнеше тілдерді зерттейді.
Парадигматикалық қатынас (парадигматика) – тіл жүйесіне тән типологиялық қатынас. Сөйлеу үрдісінен тыс семантикалық ортақ белгілері бар сөздер, адам жадында ассоциацияланып, топ құрады. Олардың өзара қатынасы мүмкіндігінше әр түрлі болады. Мұндай қатынастарды ассоциациялық қатынастар немесе парадигматикалық қатынастар деп атайды.
Паралингвистика (гр.para –жанында, маңында) – хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілден тысқары) амалдармен берілуін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Пермутация (лат. permutare - өзгерту) – сөйлем ішіндегі элементтердің орнын ауыстыру.
Мысалы: Ермек сабақта болды. → Сабақта Ермек болды. Егер де сөйлемнің мағынасы өзгерсе пермутация мүмкін емес. Мыс. Мысық тышқанды жеді. ≠ тышқан мысықты жеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет