Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері



бет78/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91
Негізгі ұғымдар


Адъективтену – зат есімдерді анықтау мақсатында етістіктен сын есім немесе есімше жасау. Мысалы: Кітап қызықты болды. → Қызық кітап. (салыстырыңыз: ағылш. This book is interesting → Тhe interesting book.
Адъюнкция (лат. adjunctio – қосу) – сөйлем құрылымын қосымша элементтермен толықтыру. Мысалы: Ермек сабақта болды. Ермек сабақта болды ма? Ағылш. You know this. Do you know this?
Актант етістік қоршауындағы семантикалық элементтер. Олар етістікпен берілген әрекетте міндетті түрде қатысады. Актанттар саны валенттілікті анықтайды. Мысалы, ішу етістігі. Бала су ішіп жатыр. Бұл етістік екі валентті.
Алгоритм – белгілі бір қойылған міндеттерді шешуге әкелетін, қатаң түрдегі ережелерге сай жүргізілетін бірізді әрекеттер жиынтығы.
Алломорф – морфеманың нақты манифестациясының бір түрі, нұсқасы, альтернаты (орыс. друг-, друз-, друж-.).
Аллофон – фонема нұсқасы, альтернат. Фонеманың нақты манифестациясының бір түрі.
Архетип – ата тілдің теориялық тұрғыдан белгіленген бастапқы түрі (фонема, морфема, сөз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет