Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Зерттеу жұмысын құрастыру мен жүйелеу



бет74/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91
Зерттеу жұмысын құрастыру мен жүйелеу
Зерттеу жұмысының жалпы көлемі зерттеу жұмысының түріне (курстық жұмыс, дипломдық жұмыс, магистрлік жұмыстың) байланысты болады. Кез келген зерттеу жұмысы төмендегідей беттерден тұруы тиіс:
- Титулдық бет;
- Мазмұны;
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім;
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер тізімі;
- Қосымша (лар).
Титул беті және жоспар жұмыстың бастапқы екі бетінде белгілі шартпен құрастырылады. Мазмұнға кіріспе, бөлімдер, бөлімшелер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, зерттеу жұмысында қосымшаның жазылған беттері жазылады.
Кіріспеде келесі маңызды мәселелер ашылуы тиіс:
- тақырыптың жалпы тұжырымдамасы;
- таңдалған тақырыптың теориялық және практикалық маңыздылығы мен өзектілігі;
- мәселенің зерттелу дәрежесі, мәселені зерттеу тарихы;
- автордың алдына қойған мақсаты мен нақты тапсырмасы;
- автордың қойылған тапсырманы қалай шешетіні, ашылатын сұрақтар тізбегі, жұмысты зерттеудің жалпы тәртібі;
- жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын дәлелдеу;
- жұмыста дерекнама көздерін қолдану.
Кіріспе қысқа және анық болуы керек (зерттеу жұмысының түріне байланысты 3-тен 7-ге дейін). Оны жалпы сөйлемдермен бермеуге тырысу керек. Ең бастысы, оқырман автордың алдына қойған мақсатын түсінуі тиіс.
Негізгі бөлім бірнеше бөлімшелерден тұруы мүмкін. Бөлім атауы жұмыс атауымен бірдей болуы шарт емес (басқа жағдайда басқа бөлімдердің қажеттілігі біршама артық болады). Бөлім атаулары бөлім мазмұнын қысқа да нұсқа беруі тиіс. Зерттеу жұмысының әрбір бөлімін жаңа беттен бастау жөн. Жұмыс мазмұнын күрделендіру қажет емес. Зерттеу жұмысында 2 немесе ең көп дегенде 3 бөлім ғана қарастырылады. Қорытындыда басты қорытындыларды қысқаша тұжырымдау керек. Қорытындылар жұмыс мазмұнынан бағытталып қысқа жазылуы керек. Қорытынды автордың жасаған маңызды қорытындыларынан, қойылған мәселе шешімінің толық ашылуынан тұруы керек. Қолданылған әдебиеттер тізімі нақты ережеге сай құрастырылады. Ол мәтінде қолданылған дерекнамалардан тұруы тиіс. Деректер тізімін жұмыста қолданылу барысына қарай беру.
Қосымшаны тек қана көптеген кестелер немесе статистикалық материалдар қолданылған кезде ғана қосады. Мұндай материалды негізгі бөлімге қосқан жағдайда, оқырманға мазмұнды түсінуді қиындатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет