Зерттеужұмысын дайындау реті Зерттеу жұмысы қорғаудан бірнеше күн бұрын дайын болуы керек. Ізденуші зерттеу жұмысына толық жауапкершілікпен қарауы тиіс. Тек қана жүйелі, дұрыс жобаланған жұмыс табысты нәтижеге әкеле алады.
Жұмысты дайындау реті әдетте келесі кезеңдерден тұрады:
1) Жоспар жасау. Жұмыс барысында құрылған жоспар түзетулер жасауға көмектеседі;
2) Жоспарда көрсетілген мақсаттарға сәйкес әдебиет таңдау. Бірақта ғылыми жетекшінің кеңесіне құлақ салумен қатар, өзіндік ерік көрсете білу керек. Ізденушіге керек мәселені толықтай ашатын жалғыз әдебиет жоқ. Жаңа шыққан басылымдарды қарау, оларға талдау жасау тоқталмайтын үрдіс болуы керек;
3) Таңдалған әдебиетті зерттеу. Осы кезеңдегі жұмысты автордың басты ойын және дәлелдер жүйесін, тиісті белгілері бар статистикалық және фактологиялық материалдарын, қаралған дереккөздерге қысқаша баяндамаларды жазып алу жөн. Мұндай әрекет кейінгі жұмысты жеңілдетіп, бір дереккөздеріне қайта оралмауына көмектеседі;
4) Жұмыстың мәтіндік нұсқасын жазу. Мәтінді жазбас бұрын, баяндаманы жазу логикасын тиянақты ойлап, басты ойды дәлелдеу жүйесін анықтау жөн. Бұл кезең басты тезистерді тұжырымдаумен аяқталады.
Жұмыс барысында осындай маңызды шарттарды ұмытпаған жөн. Оқылған әдебиетті сөзбе-сөз жазып алуға немесе көшіріп алуға болмайды. Баяндама басқалар түсінерліктей өз бетінше, қойылған мақсаттарды ұққанын дәлелдеп, өз ойын жазу керек. Бірақта дәйексөзді қолдануға да болады. Әр дәйексөз дұрыс құрастырылу керек. Баяндама сауатты және логикалық қателіксіз жазылуы керек. Жұмыстың нақты жүйесі анықталғаны дұрыс болар еді. Қосымшалар, дерекнама көздері ережеге сай құрастырылуы тиіс.