Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


- тақырып. Жас ізденушілерге кеңес



бет70/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91
12- тақырып. Жас ізденушілерге кеңес


Жоспар
1 Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау және меңгеру
2 Зерттеу жұмысының кезеңдері
3 Қолжазбаның мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар
4 Зерттеу жұмысын дайындау реті
5 Зерттеу жұмысын құрастыру мен жүйелеу
6 Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау
7 Зерттеу жұмысын қорғауға дайындық және жұмысты қорғау
8 Ізденушінің зерттеу тақырыбымен жұмыс жасау әдістемесі


Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау және меңгеру
Кез келген жұмысты жазу тақырыпты таңдаудан басталады. Оған студент немесе жас ғалым үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Жұмыстың тақырыптарын кафедра ұсынады. Тақырыптар жалпы жобаланып алынады. Әркім өз қызығушылығына қарай және ғылыми жетекшімен ақылдасып, тақырыпты таңдай алады. Тақырыптың таңдалуы мәселенің алғашқы зерттеуіне негізделу керек.
Бұл зерттеу жұмысының материалын жинау мен тақырып бойынша әдебиет оқу сияқты бастапқы кезеңі. Ғылыми жетекші жас ғалымға ғылыми ізденісті қай жерден, қалай бастауы керектігін айтады, ақыл-кеңес береді. Тақырыпты бекіткесін материал жинақтау қажет, тақырып бойынша әдебиет іздеп, библиографияны дайындау және жеке жұмыс кестесін жасау керек.
Зерттеу жұмысы бойынша негізгі әдебиеттер тізімін ғылыми жетекшіден алу керек. Тізімнің әрі қарай кеңейтілуі оқыған ғылыми жұмыстардағы сілтемелердегі еңбектерді оқу мен зерттеу жұмысына көмегі тиетін еңбектерді оқумен байланысты болады. Ізденуші өз бетінше кітапханалар мен оқу залдарындағы алфавиттік және жүйелік каталогтарды, библиографиялық жинақ пен интернетті қолдануы қажет. Одан басқа мерзімді баспасөздегі тіл білімі мен әдіснама бойынша журналдардың соңғы санында өткен жылда жарияланған мақалалардың тізімі беріледі.
Тақырып бойынша арнаулы әдебиеттерді оқу барысында ізденуші өзіне қажет жерлерін дәптерге емес, белгілі бір форматтағы (мысалы А4) параққа жазып, конспект жасауы керек және парақтың тек бір жағына жазу керек, тұтас нөмірлеу қажет. Бұл парақты қажет уақытында алып, қайтадан орынына салуға ыңғайлы.
Конспект жасағанда, бәрін бірдей емес, тек қана зерттеу жұмысына қажетті ойларды конспектілеу керек. Бөтен біреудің ойын келтіргенде немесе цитата келтіргенде міндетті түрде тік жақша ішінде баспасөз атын, бетін, басылып шыққан жерін, жылын көрсету қажет, өйткені ол ертеңгі күні сілтеме жасағанда қажет болады. Арнаулы әдебиетті немесе жасаған конспектіні оқу барысында осы мәселеге байланысты да бір ойлар келсе, оны осы парақтың екінші жағына өз инициалын қойып жазу керек. Мысалы «бұл тақырыпты тағы да қандай ғалымдар зерттеді?», «материалды қайдан қарауға болады?» «ғылыми жетекшіден ақыл-кеңес алу», «сөздік бойынша тексеру», «анықтамадан қарау» т.с.с. Осы жағдайда ғана жұмыс табысты болуы мүмкін. Жоғарыда айтылған жұмыс кестесіне сәйкес бірінші нұсқаны дайындап, ғылыми жетекшіге бірінші нұсқаны тапсыру қажет.
Жұмысты жетекші қарағаннан кейін ескертулер бойынша мәтінді аяқтап, ақырғы хаттамасын жасап, кафедраға тапсыру қажет. Оның ішінде ғылыми жетекшінің рецензиясы мен бағасы болуы керек. Жас ғалымның жұмысын қорғауда ғылыми жетекші міндетті түрде қатысу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет