Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау



бет75/91
Дата06.02.2022
өлшемі1,24 Mb.
#34245
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   91
Пайдаланылған әдебиеттер тізімін жасау
Әдебиеттерді жинау жоғарыда айтылып кеткен тақырыпты меңгеру барысы кезеңінде басталады. Авторлар әрбір қолданылған дереккөзге карточка жасауды ұсынады.
Қолданылған әдебиеттер тізімін алфавиттік ретпен немесе жұмыста аталып өтілген дереккөздердің қолданылу ретімен жасауға болады. Егер де бір дереккөз туралы екінші рет айтылса, ол жалпы тізімге қайтадан қосылмайды.
Әдебиетті таңдау кез келген ғылыми жұмысты жазудағы маңызды кезеңдерінің бірі. Библиографияны жасау кезінде жүйелі каталогтар мен ғылыми кітапханалардың арнайы жаңа әдебиет шолулары көмектеседі (мысалы ПМУ Хабаршысы «Филология» сериясы, аналитикалық журналдар, реферативті жинақтар және т.б.). Ізденушіге арнайы журналдардағы басылымдармен танысу қажет. Керекті дерекнама көзі болып Интернет желісі де қолданылуы мүмкін. Бұл кезең библиографияны құрастырумен аяқталады (таңдалған тақырып бойынша танысатын басылымдар тізімі).
Жоғарыда айтылған зерттеу жұмысының кезеңдері, қолжазбаның мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптардың барлығы тек ұсыныс ретінде ғана беріліп отыр. Әрбір зерттеушінің өз жұмыс істеу жүйесі, оны сақтауы (компьютер) болады. Бірақ та ең бастысы – зерттеу жұмысында жүйе болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет