Екпін – сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы.
Жүйе – өзара шарттас, өзара байланысты, біртектес элементтердің бірлігі. Ол рет-ретімен орналасып, ұйымдасқан біртұтас құбылыс.
Идеографиялық әдіс (гр. іdios-ерекше, grapho-жазамын) синхронияда бір тілдің қасиеттерін зерттеуге арналған.
Идиоэтникалық – «идиос» - ерекше, белгілі бір этностың, мәдениеттің этникалық ерекшеліктерін құрайтын заттар, салт-дәстүрлер.
Изоморфизм (гр. іsos – бірдей, ұқсас, тәрізді) салыстырылып отырған тілдердегі корреспонденттеліп отырған элементтердің ұқсасатығы. Бұл элементтер табиғатына қарай изофон (ұқсас дыбыстар), изоглос (мағынасына қарай ұқсаса сөздер: қаз. зайып, әйел, жар = орыс. жена = ағыл. wife = нем. Weib) және изотаксема (ұқсас синтаксистік конструкция: орыс. я читаю книгу – ағыл. I read a book) болып бөлінеді.