Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері


Жалпы немесе философиялық әдіснама



бет13/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

Жалпы немесе философиялық әдіснама – ол адамның қоршаған ортаны танудағы жалпы ережелерінің жиынтығы, ол тірі және өлі табиғаттың ортақ заңдарына негізделген. Бұл әдіснама зерттеушіні табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарымен қаруландырып, оны өз зерттеу проблемасын анықтап түсінуге көмектеседі.
Жалпы әдіснама – бұл таным қағидаларының жиынтығы. Әдіснама ғылымы зерттеп енгізген жалпы ұстанымдарды кез келген ғылымда, оның ішінде тіл білімінде де қолдануға болады.
Жеке немесе нақты ғылыми әдіснама – объективті әлемнің белгілі бір саласын зерттеудегі әдіс-тәсілдердің жиынтығы (жалпы ұстанымдардан бастап, нақты фактілермен жұмыс істеу тәсілдеріне шейін). Яғни, зерттеудің нақты бір саласындағы, біздің жағдайда, тіл біліміндегі әдіс-тәсілдердің жиынтығы.
Жеке әдіснама – үш бөлімді тізбектен тұрады: ұстаным → әдіс
→ тәсіл. Олар лингвистикалық зерттеулердің ұстанымдары, лингвистиканың әдістері және тілді зерттеудің тәсілдері. Енді осы тізбектерді жеке-жеке қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет