Негізгі ұғымдар Дистрибуция– берілген сөздер класындағы барлық элемент қоршауының жиынтығы немесе аталмыш элементтің сөйлем ішінде кездесетін барлық лексика-грамматикалық қоршаудағы жиынтығы.
Қоршау Мыс. Бала су ішіп жатыр. Бұл сөйлемде «бала» және «су» сөздері, «ішу» етістігінің қоршауын құрайды.
Сөздің лексикалық класы – конституент (гипоним) ретінде нақты бір сөздің жалпы ұғымын беретін сөздердің жиынтығы. Мысалы, қайың = ағаш; ұл бала = адам; су = сұйық зат;.
Сөздердің семантикалық маркері (фр. marquer-белгілеу, белгі жасау) сөздердің семантикалық немесе грамматикалық класын білдіретін шартты белгілер.
Семантикалық өріс – мағына ортақтығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстарының ұғымдық, заттық немесе қызметтерінің ұқсастығын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы.
Тіркесім (сочетаемость) – сөздің грамматикалық ерекшеліктерді ескермей белгілі бір семантикалық класс сөздерінің айналысында болу қабілеті. Бұл сөздердің конструкция ішіндегі сапалы түрде шектелуі.
Валенттілік – сөздің басқа сөз тұлғаларымен байланыса алу потенциясы, басқаша айтқанда оның грамматикалық және лексикалық семантикасын ашатын, нақтылайтын басқа бірнеше сөз тұлғаларын иемдене алу қабілеті.
Актант – етістік қоршауындағы семантикалық элементтер. Олар етістікпен берілген әрекетте міндетті түрде қатысады. Актанттар саны валенттілікті анықтайды. Мысалы, ішу етістігі. Бала су ішіп жатыр. Бұл етістік екі валентті.