Байланысты: 1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva
Компоненттік талдау тәсілі Компоненттік талдау тәсілі қазіргі семантикада қолданылатын өте кең тараған тәсілдердің бірі. Компоненттік талдау дистрибутивтік әдістің варианты болып табылады. Бұл тәсілдің мақсаты сөздің мағынасының, семаның құрылымын анықтау. Сема (грек. Sema- белгі) - мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі. Бұл тәсілді түс, туыстық қатынастар, үй немесе жануарлар аттарын талдағанда қолдануға болады. Мысалы: туыстық терминді анықтағанда үш сема қолданылады: а) Жынысына қарай айыру; ә) Туыстық жақындығына қарай; б) Жасына қарай айыру (үлкен-кіші). Мысалы: әке – сөзінің мағынасы үш семадан тұрады: а) еркек; ә) тура туыс; б) жасы бойынша үлкен.