Лингвистикадағы ғылыми зерттеу негіздері



бет7/91
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#97735
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91
Байланысты:
1680 kenjetaeva g. k lingvistikadagi gilimi zertteu negizderi audarma isi shetel tili eki shetel tili shetel filologiyasi mamandikhtarinin studentterine arnalgan daris kursi khurast. g.k. kenjetaeva

Функционалды қасиет(лат.functio-қатынас) объектінің сыртқы, жүре пайда болған және басқа объектілерге қатысты байқалатын қасиеттер. Ол қасиеттердің негізі объектінің ішкі құрылымында бұрыннан бар, даму үрдісі барысында көрініс тапқан қасиеттер.
Жоғарыда айтылған осы қасиеттерді негізге ала отырып, тіл туралы ғылымның екі негізгі бағытын анықтауға болады: тілдің субстанциялы қасиетін зерттейтін ішкі лингвистика және тілдің функционалды қасиетін зерттейтін сыртқы лингвистика. Енді тіл біліміндегі осы екі бағытты жан-жақты қарастырып көрелік.
Ішкі лингвистика тілді оның субстанциялық қасиеттері негізінде, жүйелі құрылым ретінде зерттейді.
Жүйе дегеніміз – өзара шарттас, өзара байланысты, біртектес элементтердің бірлігі. Ол рет-ретімен орналасып, ұйымдасқан біртұтас құбылыс.
Тілдің жүйелі сипаты оның барлық деңгейлерінен – фонетикалық, лексикалық және грамматикалық деңгейлерінен көрінеді. Мысалы, белгілі бір тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстар жүйесі», «дауыссыз дыбыстар жүйесі» деп аталуы тектен тек емес. Мысалы, түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке, еріндік және езулік т.с.с. топтасуы тілде дыбыстық жағынан жүйе бар екенін көрсетеді. «Ы» мен «і» дыбыстары айтылуына қарай «ы» - жуан, «і» - жіңішке ретінде танылса, бұл екі дыбыс еріннің қатысы жағынан біртектес, езулік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет