Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042 –18-17.1.27/03-2014
|
«Лингвоелтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
Басылым №1
|
«Лингвоелтану» пәнінен
5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған
оқу-әдістемелік кешені
Оқу-әдістемелік материалдары
СЕМЕЙ
2014
Мазмұны
1 Дәрістер
1-модуль
Лингвоелтанудың теориялық негіздері.
Лингвоелтану пәні, анықтамасы.
Лингвоелтанудың лингвистикалық аспектілері. (4)
Лингвоелтану пәні.
Лингвоелтанудың лингвистикалық аспектілері.
Әдебиеттер:
1. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. М.: 1980г.
2. Томахин Г.Д. Фоновые знания как основной предмет лингвострановедения. Ин.яз в школе 1980г.
1. Лингвоелтану пәні. Шет тілін оқытуда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық білім берумен қатар әлеуметтік, мәдени және эстетикалық тұрғыда білім беру қажеттілігі туындайды. Мұндай қажеттілікті лингвоелтану компоненті іске асыра алады.
Лингвоелтану – бір жағынан тілге үйрету болса, екінші жағынан оқылатын тілдің елі жайында нақты мағлұматтар береді. Лингвоелтанудың басты мақсаты – мәдени аралық қарым-қатынаста тілдесуші адамның тілін адекватты түрде қабылдау, түпнұсқалы мәтіндерді түсіну арқылы коммуникативтілікпен қамтамасыз ету.
Кейбір сөздер мен фразаларды дұрыс қолдану олардың шығу тегін, қолдану аясын білуді талап етумен қатар, оқытылатын тілдің елінің тарихын, әдебиетін, саясатын білуді де талап етеді. Тілді үйренумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, экономикасын, географиясын, тұрмысын, салт-дәстүрлерін, психологиясын да оқып үйрену қажет.
Лингвистиканың бұл саласының білімділік құндылығы оқылатын тілдің мәдениетімен танысу - алынған біліммен кейінгі алынған білімді үнемі салыстырып, оған баға беріп отыруында.
Лингвоелтанудың негізгі обьектісі В.Г.Томахин айтқандай белгілі бір тілдік және этникалық қоғамның фондық білімдері. Лингвоелтану оқылатын тіл елінің мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін және олардың тіршілік ету ортасын оқып үйренуге ерекше мән береді. Сөздің лингвоелтанулық теориясына сәйкес (В.Г.Костомаров, Е.М.Верещагин) лингвоелтанудың негізі - оқылатын тіл елінің мәдениетін бейнелеу үшін таңдап алынған тілдік материал.
Лингвоелтанудың мәні - оқылатын тіл елінің мәдениетінің ұлттық ерекшеліктерін:
реалийлер (белгілі бір мәдениетке тән, басқа мәдениетте кездеспейтін затар мен құбылыстар);
коннотативті лексика (негізгі мғынасы бір, бірақ мәдени және тарихи ассоциация жағынан еркекше сөздер);
фондық лексика (салыстырып отырған мәдениеттерде кездесетін, бірақ қызметі, түрі және қолдану мақсаты жағынан ұлттық ерекшеліктерімен ерекшеленетін сөздер).
Мәдениеттілік және елтанымдылық құндылықтары, жалпытанымдылық және қазіргі таңдағы өмірге бейімделу шет тіліне үйретуде ұлттық-мәдени компоненттерді таңдауда басты талап болып табылады.
Лингвоелтанудың лингвистикалық аспектілері.
Тілді әлеуметтік танудағы лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттарының бірі: лингвоелтанулық бағыт.
Тілді әлеуметтік тануды зерттеушілер сөздің мағынасын зерттеуге ерекше назар салады. Олар сөзді қандай да бір құбылыстың немесе болымның белгісі немесе баламасы деп қарайды, сондықтан оның семантикасында мәдениетті тіл арқылы нақты көрсететін «экстралингвистикалық» мағынаны табуға болады деп тұжырымдайды. Сонымен мағына арқылы лексикалық бірліктің тілден тыс болыммен байланысы іске асады.
Бұл бағытты лингвоелтанулық деп атауға болады, себебі бір жағынан ол тіл мен мәдениеттің арақатынасындағы шешуге болатын мәселелердің әсерінен туындаса, екінші жағынан оқылатын тілге тиісті елдің мәдениетін тығыз байланыстыра отырып, шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде оқыту негізінде құрылған.
Сөздің семантикалық мағынасының әлеуметтік қарастыруда және «тіл және мәдениет» мәселелерінің жалпы теоретикалық және методикалық аспектілерін қарастыруда Н.Г.Комилев, О.С.Ахманова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Т.Д.Томахин сияқты лингвист ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Мысалы, Н.Г.Комилев лингвистикаға ең алғашқы болып мағынаның мәдени-тарихи компонентін енгізді. Ол: белгілі бір әлеуметтік ортадағы затты немесе құбылысты белгілейтін сөз оларды тек қана белгілеп қоймайды, сонымен қатар олардың пайда болуына ықпал етеді – деген тұжырымға келеді. Сондықтан оның семантикасында белгілі бір әлеуметтік фонда қолданылатын сөзді нақтылайтын компонент болуы тиіс.
Сөз-белгінің «ішкі» мағынасының бар екендігін, яғни сөз-белгі өз мағынасынан басқа да мағына ашатынын ескере отырып, біз мәдени компоненттің де бар екендігін есте ұстауымыз қажет.
Сөздің мәдени компонентін оқып үйрену - шет тілін үйренудің ең тиімді жолы. Бірақ бұл компонент әлеуметтік болымға сәйкес мәдени-тарихи ұғымның өте кең көлемін қамтиды. Мұның барлығын игеру – тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алудың басты шарты. О.С.Ахманованың айтуы бойынша кез келген коммуникативті әрекетті іске асыру үшін «тілдік қарым-қатынастың негізі болатын реалийлерді сөйлеушінің де, тыңдаушының да білулері» тиіс. Бұл құбылыс лингвистикада «фондық білім» деген атқа ие болды.
Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаров өз еңбектерінде фондық білімді лингвоелтанудың маңызды объектісі ретінде қарастырады. Лингвоелтанудың өз бетінше ғылым болып танылуы бұл ғалымдардың атымен тығыз байланысты. Әрине қазіргі таңда лингвоелтану шет тілін үйретудің әдістемесінің барлық талаптарына сай деп және өте көп қолданылады деп айтуға келмейді. Бірақ лингвоелтанудың теоретикалық фундаменті құрылғаннан кейін әр түрлі саладағы ғалымдар: лингвистер, психологтар, әлеуметтанушылар Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаровтың көтерген мәселелерімен айналысуда. Мысалы, лингвоелтанушылар «фондық білімді» сөз семантикасының көп зерттелмеген бөлігі деп қарастыруда. Осыған байланысты зерттеулер лингвистикалық бағытты ұстанған.
Фондық білімді негізге алу әдісі ретінде психолингвистикада кеңінен қолданылатын ассоциативті эксперимент қолданылады.
В.Г. Томахинның тұжырымдамасы бойынша лингвоелтанудың негізгі объектісі белгілі бір тілдік және этникалық топтың фондық білімдері болып табылады. Сондықтан, бұл салада көтерілетін мәселелер әлеуметтік лингвистиканың кейбір міндеттерін қамтиды. Фондық білім белгілі бір қоғамда орын алған әлемдік көзқарастарды қамтитын болғандықтан, бұл ғылымды біз қоғамдық, әлеуметтік деп тануымыз қажет. Сонымен, зерттеудің біршама мәселелері лингвоелтанудың аумағын кеңейтіп, ғылымның бұл саласын толықтырады.
Е.М. Верещагин мен В.Г.Костомаров сөздің семантикасының тек бір ғана лексикалық мағынамен шектелмейтінін бірнеше мысалдармен көрсетті. Белгілі бір саладағы эквивалентті сөздер семантиканың келесі бір түрінде бір-біріне ұқсамайды.
Мысалы, «мектеп» және «school» сөздерін алайық. Бұл сөздер эквивалентті-түсінікті сөздерге жатады.
Мектеп - жалпы білім беретін және жасөспірімдерді тәрбиелейтін оқу орны.
School – Institution for educating children.
Бірақ, бұл сөз ағылшын және қазақ тілдерінде аталған жағдайға байланысты білімілікті қажет етеді.
Мектеп
Орта, жалпы білім беретін, спорт, музыкалық.
School
Grammar school - гуманитарлық бағыттағы орта мектеп,
day school – пансионы жоқ мектеп,
comprehensive school – жалпы орта мектеп (единая средняя школа),
junior school – бастауыш мектеп,
senior school – екінші сатыдағы мектеп (жоғарғы сыныптар),
modern school – жаңа мектеп.
Лингвоелтану саласын зерттеушілер фондық мағынадағы лексикалық фонның орнын тауып қана қойған жоқ, сонымен қатар, терең лингвистикалық мағынаны да көрсете білді. Фондық білім сөздің лексикалық жүйедегі орнын және сөйлеуде қолданылуын анықтайды. «Білім беру» және «Ағарту» салаларынан мынандай мысалдар келтіруге болады. Мысалы ағылшын студентіне: «Сіз стипендияңызды қайда жұмсадыңыз?» деген сұрақ қойса, бұл сұрақ біршама қисынсыз болар еді. Себебі, британдық студент үшін стипендия – қолға берілетін ақша емес, ол оқудың төлемақысына кіретін, білім алу үшін берілген ақша. Бұл сөйлем британдық студент үшін мағынасыз болып көрінер еді. Бұл мысал арқылы Ю.Ю.Дешериева лингвоелтанулық құбылысты анық көрсете білді.
Ағылшын студенттеріне орыс тілінде бірнеше фразалар беріліп, оларды аяқтау ұсынылды. Оларға таныс «білім, оқу» тақырыптары таңдап алынды.
Сөйлемнің басы: Сөйлемнің соңы:
Мына оқушы ыстық шілде айында study at school
5а сыныбының оқушылары
5б сыныбының оқушыларынан
өзгеше, they are cleverer and more
intellectual
- Үзіліс кезінде оқушылар to go home and have a dinner
Алынған нәтиже ағылшын студенттерінің біздің білім жүйесін толық білмейтінін көрсетті. Олар сөздің аудармасын білгенмен лексикалық фонды білмеді. Ұлыбританияда сабақ 27 июльге дейін болады. Сыныптар «а», «б», «в» болып оқушылардың үлгеріміне байланысты бөлінеді, ал үзіліс 2 сағатқа дейін созылады. Англия мен Ресейдің мектеп жүйесінің лингвоелтанулық интерверенция құбылыстарын зерттей отырып, Ю.Ю.Дешериева бұл жағдайдың лексикалық фондарының әртүрлі болуына байланысты орын алғандығын көрсетті.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Лингвоелтану пәні нені зерттейді?
2. Лигвоелтанудың негізін қалаушылар.
3..Лингвоелтанудың теориялық негіздері қандай?
4. Фондық білім дегеніміз не?
5. Фондық лексика дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. М.: 1980г.
2. Томахин Г.Д. Фоновые знания как основной предмет лингвострановедения. Ин.яз в школе 1980г.
Лингвоелтанудың методологиялық негіздері.
Тілдің әлеуметтік құрылымы. Тіл және мәдениет.
Лексика туралы ұғым. (4)
1. Тіл - мәдени-тарихи мәліметтерді сақтау құралы
2. Қазіргі кездегі лингвистикадағы ауызша сөйлеудің ұлттық-мәдени ерекшеліктері.
Ұлттық мәдениет туралы мәліметтердің бастау алуы.
Қазіргі кезде ұлттық-мәдени ерекшеліктерді зерттеудің бағыттары айқындалған. Олар: физиологиялық, нейрофизиологиялық, психикалық, мәдени (философиялық, тарихи, лингвистикалық).
Ұлттық-мәдени зерттеулер Ю.Е.Прохоровтың айтуы бойынша мына сұрақтарға жауап беруі тиіс: 1. Бір ұлттық-мәдени ортаның келесі бір ұлттық-мәдени ортадан қарым-қатынас жасаудағы айырмашылық өлшемдері қандай? 2. Осы айырмашылықтардың сол ортаның бірінің тілінде қарым-қатынас жасауда алатын орны және қарым-қатынас жасайтын тілді таңдау маңыздылығы қандай? 3. Бұл айырмашылықтарды айқындау және бейнелеу қалай іске асады?
Лингвистика және психолингвистика салаларында соңғы он жылда ұлттық-мәдени ерекшеліктерді тілде және ауызекі сөйлеу барысында оқып-үйрену қалыптасқан.
Н.Л.Шамне тілдік бірліктің семантикасының ұлттық ерекшелігін оқытуды екі аспектіге бөледі: біріншісі - сөздің семантикалық құрылымындағы ұлттық ерекшелік семемасын оқумен байланысты. Бұл семемалар аудармада біраз ұқсастықтармеы болғанымен эквивалентсіз болады; екіншісі – лексикалық мағынада ұлттық ерекшелік компоненттерінің сәйкестіктері бар болуы зерттеледі.
А. Гудавичюс лексика семантикасында мәдениетті үстірт және терең деңгейлі деп екіге бөледі. Мәдениеттің үстірт деңгейіне ол лексиканың стилистикалық айырмашылықтарын, эквивалентсіз лексиканы жатқызса, мәдениеттің терең деңгейіне реалилердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін жатқызады.
Тілдік қүұбылыстардың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін Д.О. Добровольский екі түрлі көзқарасқа бөледі. Бірінші көзқарас – ұлттық-мәдени компонент реали-сөздердің ғана мағынасында , ал екінші көзқарасы В.фон Гумбольдтың идеясына тілдің ішкі түріне және ана тілінің әсеріне пайда болатын тілдегі «халықтың рухына» сәйкес келеді.
Сонымен, әр түрлі тілдік қоғамдар, көптеген мүмкүндіктерді пайдалана отырып, ұлттық мәдениеттің негізі болатын әлемнің әртүрлі бейнелерін қалыптастырады. Бірінші көзқарасты зерттеуші салыстырмалы деп атаса, екіншісін интроспективті, яғни тілдік ерекшеліктер басқа тілдермен салыстырылмай жеке зерттеледі.
Тілдің коммуникативті қызметімен қатар жинақтау мен мәлімет беруі тілдік белгіге тән қасиеттер. Бұл қызмет кумулятивті қызмет деп аталады. Мұндай қызмет ұрпақтар арасын байланыстыратын, тілден тыс жиналған тәжірибені беруші, «сақтаушы» ретінде қолданылады.
Кумулятивті қызмет лексика саласында ерекше байқалады. Себебі, ол қоршаған ортаның құбылыстарымен және заттарымен тығыз байланысты. Лексикалық жүйе материалды әлеммен, әлеуметтік факторлармен сабақтасқан.
«Сөз» - нақты бір заттың, құбылыстың аты. Ол тек қана затты немесе құбылысты белгілеп қоймайды, сонымен бірге уақыт туралы, орта туралы мәлімет бере алады. Лексика арқыл белгілі бір халықтың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесінен фрагменттер айтылады. Қандай да бір лексика бірліктерінің бар болуы өмірдегі қажеттіліктен туындайды.
Мысалы Чукоткада қардың әр түрлі қалыпына берілген тоғыз атауы бар болса, аабтар аттардың тегіне байланысты көптеген атауларды қолданады. Либерияда күріштің әр түрлі сортына байланысты өз атаулары бар.
Әрбір халықтың түсті (цвет) айтуында да ерекшеліктер бар. Мысалы навахо тілінде қара түсті қараңғылықтың қара түсі және көмірдің қара түсідеп бөледі. Сонымен қатар әр тілде түсті ажыратуда тілдің символикалық мағынасында да ерекшеліктер бар. Мысалы, орыс тілінде сұр түс күнделікті өмірді, мінездегі салмақтылықты білдірсе, басқа бір тілде сұр түс көңілсіздікті немесе адамдардың таяздығын білдіреді. Ал Англияда сұр түс парасаттылықтың, тектіліктің, жоғары талғамның нышаны. Сонымен бір ғана заттың әр тілде әр түрлі семантикалық бейнелеуі бар екендігін байқадық. Осыған байланысты А.А. Леонтьеваның «ұлттық мағына» бар деген тұжырымдамасын дұрыс деуге болады. Әртүрлі екі тілдегі бір затты атайтын сөз аудармалары эквивалентті болғанымен сол екі елдің мәдениетінде мағыналары бір-біріне ұқсай бермейтіндігін теріске шығаруға болмайды. Бұл жағдай тіл белгілерінің «ұлттық мағынасы» туралы айтуға негіз болады.
Мысалы «ит» деген сөзді алсақ, ол сөздің эквиваленті көптеген елде бар, ал лексикалық мағынасы әр түрлі.
Орыстарда ит – адамның досы;
Эскимостарда ит – шанаға жегетін жануар;
Парсылықтарда ит – киелі жануар (священный)
Қазақтарда ит – жеті қазынаның бірі.
Кейбір тілдерде бірқатар сөздердің пайда болуына әлеуметтік жағдайлар себеп болған. Өткен ғасырда Англияда «кеуде», «аяқ» деген сөздерді айтуға болмаған. Тіпті тауық туралы айтса да бұл сөздерді айтуға болмаған. Осыған байланысты «white meat», «black meat» деген сөз тіркестері пайда болған. «To go to bed» деген сөздің орнына «to retire to bed» деген сөз тіркесі қолданылған. Басқа тілдарде мұндай шектеулер тіркелмеген.
Адам аттары да белгілі бір ұлттық коннотациға ие. Оның нақты мағынасы осы атқа ие адам арқылы анықталады. Бірақ ол тек адамды атап қана қоймайды, сонымен бірге мінезін, қасиетін, сипатын, ерекшелігін анықтайды.
Ал мұндай ерекшеліктерді білу үшін сол елдің әдебиетін, тарихын, әдет-ғұрпын білу қажет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Лингвоелтанудың басқа ғылымдармен байланысы.
Тілдің әлеуметтік құрылымы.
Ұлттық мәдениет туралы мәліметтердің бастау алуы.
Әдебиеттер:
1. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. М.: 1980г.
2. Томахин Г.Д. Фоновые знания как основной предмет лингвострановедения. Ин.яз в школе 1980г.
Тілдің номинативті бірліктері мен ұлттық-мәдениет
туралы мәліметтердің бастау алуы. Тілдік афоризмдердің
ұлттық-мәдени семантикасы. (3)
1. Тілдің номинативті бірліктері.
2. Тілдік афоризмдердің ұлттық-мәдени семантикасы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Тілдің номинативті бірліктері.
2. Тіл және мәдениет. Лексикалық ұғым.
3. Тілдің әлеуметтік құрылымы.
4. Тілдік афоризмдердің ұлттық-мәдени семантикасы.
Әдебиеттер:
1. Верещагин Е.М. Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. М.: 1980г.
2. Томахин Г.Д. Фоновые знания как основной предмет лингвострановедения. Ин.яз в школе 1980г.
3. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – Актуальные проблемы казахского языка. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б. – Б. 11
4. Маслова В.А. Лингвокультурология. –М., 2001. – С. 208
Лексика, фразеология, афористика - лингвоелтанудың
бастамасы ретінде. Фразеология мен афористиканың лингвоелтанулық
сөздіктері. Фондарды семантизациялау тәсілдері. (4)
1. Фразеология – елтанудың бастамасы ретінде.
2. Афористика - лингвоелтанудың бастамасы ретінде.
Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі деректерге көп көңіл бөлініп, тіл тек тұлғалық (формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.
Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.
Қандай да бір тіл болмасын оның фразеологиялық қоры ұлт мәдениетін, менталитетін, ұлттың психологиясын барынша қамтиды.
• Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің пайда болу көздері әр халықтың тарихымен, заттық және рухани мәдениетімен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың мағынасының лингвомәдени және когнитивтік тұрғыдан талдау арқылы тарихи-этимологиялық көздерін ашуға болады. Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланыстағы бірін-бірі толықтырар біртұтас жүйе.
• Фразеологиялық теңеулерде әлемнің тілдік бейнесі антропоцентристік ұстаным негізінде құралады. Адам қоршаған ортаны өзі арқылы, өзіне таныс заттар мен құбылыстар арқылы ғана бағалап, танып біледі. Фразеологиялық теңеулер әр тілде өзіндік ұлттық нақышпен бейнеленіп, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін көрсетеді.
• Фразеологиялық теңеулердегі жеке көріністер тек сол тілге ғана тән ерекшеліктермен сипатталып, ұлттық нақышпен бейнеленеді. Олардың лингвомәдени сипатын ашу ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізеді. Құрамындағы ұлттық-мәдени компоненттер фразеологиялық теңеулердің ұлттық-мәдени сипатын ашады.
• Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер уәжділігі әр түрлі деңгейде көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер екі тілдің де лексика-фразеологиялық қорының мәнді, мағыналы және жүйелі қабатын құрай отырып, ұлт болмысының құндылықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты сипаттайды.
Тілді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің өкшесін баса өз бастауын алған жаңа бағыттардың бірі – тіл арқылы ел тану. Фразеология саласында бұл бағыттың алар орны ерекше, өйткені әр тілдің фразеологизмінде үлкен мазмұн – халық өмірі, мәдениеті бар. Фразеологизм мағынасындағы елтану потенциясының пайда болу принциптері тіл арқылы елтану бағытының еншісі болып табылады. Тіл арқылы елтану теориясының пайда болып дамуы фразеология саласын жаңа қырынан, яғни фразеологизмдерді кез келген халықтың ұлттық мәдени дамуының айнасы ретінде қарастыруға мол мүмкіндік береді.
Тіл мен мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі – лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану – қазіргі тіл білімінде кеңінен қолданыс тауып келе жатқан антропоцентристік бағытпен, яғни сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, тілдің функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыстыра зерттеу үрдісінің нәтижесі болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейді.
Лингвомәдениеттану ғылымының алғышарттары В.фон. Гумбольдтың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы және Э.Сепир мен Б.Уорфтың «тілдік ықтималдылық болжамымен» ұштасып жатыр. Бұл ғылымның мақсаты тілдік бірліктің шығу тегін айқындау емес, әр түрлі тілдік бірліктерге (фразеологизмдерге) түсініктеме бере отырып, оның пайда болу шарттары мен жағдаяттарын анықтау болып табылады. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, қатынасын қазіргі заманның ұлттық-мәдени сана сезімі тұрғысынан қарастырады және оның тілдегі көрінісін сипаттайды.
Теңеу - танымдық қызметі зор, ең көне, әрі қарапайым, тілде жиі қолданылатын логикалық теңестіру тәсілі. Шындық әлемді танудың қисынды құралы бола отырып, теңеу мейлінше көп қырлы, мазмұнды тілдік құбылысты білдіреді. Ойлау өрісі ретінде теңеудің дүниені эмоционалды түрде қабылдауы және ондағы қайсы бір құбылысты салыстыра бағалау тұрғысынан қандай да бір нысанға мән берудегі салмағы ерекше. Философиялық жақтан қарастырғанда, теңеу адамның абстрактілі ойлауын дамытудың көрінісі болса, лингвистикалық тұрғыдан осы ойдың тілдік қолданыста бейнеленуі. Сонымен бірге теңеу – сипатталушы нысанның бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін көркемдік әдіс. Теңеу – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затпен салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан таныстыратын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы. Басқа тілдік бірліктер секілді тұрақты теңеулер де адамның танымдық мүмкіндігін тілдік қабілетімен сабақтастырудан бастау алатындықтан, басты назар олардың когнитивтік негіздеріне аударылады.
Фразеологиялық теңеулер фразеологизмдердің басқа түрлерінен өзінің логикалық құрылымы, компаративті мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді. Фразеологиялық теңеулер табиғатын зерттеуде фразеологиялық теңеу мен метафораның өзара байланысы, ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу қажет. Осы мәселеге арналған ғылыми еңбектерде фразеологиялық теңеулер мен метафоралар тілде қатар қолданылады, себебі олар өзара тығыз байланысты деген пікір бар. Теңеу мен метафораның ортақтығы – олардың заттар мен құбылыстар негізінде фразеологиялық ассоциация жасауынан көрінеді. Алайда, оларды мазмұн жағынан ажыратып қарастырған жөн. Теңеуде салыстырушы теңеу заты және оған қажетті негіз бар. Ал метафораға ондай негіз қажет емес. Фразеологиялық теңеулер екі затты салыстырудың нәтижесі болса, метафоралар – олардың ұқсастығының нәтижесі She is a fox – ол түлкі; She is as sly as a fox – ол түлкідей қу, айлакер.
Фразеологиялық теңеулер кез келген тілдің фразеологиялық қорының елеулі бөлігін құрайды. Теңеу – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымның ұлттық өзгешеліктері бас қосқан логика-философиялық және лингвистикалық категориялардың санатына жатады.
Теңеу лингвистикалық категория ретінде қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарының бәрінің де зерттеу нысаны бола алады. Бұл бағыттардың ішінде құрылымы әр түрлі тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың негізгі ұстанымдарына сүйене отырып салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жүргізудің мәні ерекше. Себебі халықтың дүниетанымы, өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі әр халықтың жалпы фразеологиясынан, оның ішінде әсіресе, фразеологиялық теңеулерден көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен қызықты деректерді өз бойына жинақтаған халық мұрасы. Сондықтан, туыстас, не туыстығы жоқ тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, менталитетін, қайталанбас қасиетін танып білуге, олардың мағына қалыптасуындағы және тілдік қолданыстағы қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда туыстығы жоқ қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологиялық теңеулерінің мағына қалыптасуының негізін ашу ерекше мәнге ие. Теңеулердің ішкі мазмұнын анықтауда уәжтану теориясына жүгінген жөн. Уәждеме теориясына сүйене отырып, бастапқы еркін тіркестер негізінде жасалған фразеологизмдердің түп төркініне зер салып, уәжін айқындау, сол арқылы тіркестің қалыптасу түп көзін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады. Фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасы олардың ішкі мағыналық құрылымында жатқан бейне арқылы уәжделеді. Мысалы, қазақ тіліндегі құмырсқадай құжынаған, құмға сіңген судай, сүліктей жабысты, ағылшын тіліндегі dumb as a fish (балықтай тілсіз), as brave as a lion (арыстандай айбатты), dance like an elephant (пілше билеу) сияқты тіркестердің фразеологиялық мағыналарының ішкі формасы айқын, яғни олардың мағыналары ішкі формалары арқылы уәжделіп қалыптасқан.
Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлар мен этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған. Осы жайт ауыс мәнде жасы ұлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған. Ағылшын тіліндегі to fight like Kilkenny cats (Килкени мысықтарындай айқасу) - өлімге бас тігіп қырқысу деген мағынада қолданылатын фразеологизмнің қалыптасуына ХVII ғ. Kilkenny мен Irishtawn қалалары арасындағы қантөгістің аяғы екі қаланың да қирап бітуіне әкелген тарихи уақиға негіз болды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі «Адам» атты мағыналық макротопқа жатады, олардың мағынасы адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейді. Фразеологиялық теңеулердің негізінде адам өмірі мен қызметінің тұстарын бейнелейтініне байланысты екі тілде олардың төмендегідей мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:
Достарыңызбен бөлісу: |