Лист 1 Педагогикалық шеберлік туралы түсінік



бет3/6
Дата11.09.2017
өлшемі1,35 Mb.
#32016
1   2   3   4   5   6

37. Ғылыми баяндама - негізгі идеяларда жасалған зерттеулердің нәтижелері берілетін, ғылыми конференцияда (ғылыми семинар, симпозиумде) жасалатын баяндама. Ғылыми баяндаманы әзірлеу технологиясы: баяндама тақырыбының өзектілігін талқылау; мақсатын құру; қажетті әднбиеттермен танысу; мазмұнын құру; баяндаманы оқуға жаттығу; даярлық жүргізу;
38.Педагогикалық мәдениет және педагогикалық шеберліктің өзара байланысы Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
39. Мұғалімнің тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіру жолдары

Мұғалім тұлғасы деген оның

  • Адами және заманауи кең дүниетанымы, өз ой-пікірінің болуы;

  • Қоғам өміріне белсенді көзқарасы мен іс-әрекеті;

  • Кең де терең білім-мәдениеті;

  • Ізденгіштігі, шығармашылдығы;

  • Ірі мінезділігі, жігер-ыждахаттылығы.

Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: “Кәсіптік қызығушылық педагогкалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады”. Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

  1. Педагогикалық- психологиялық деңгейін көтеру.

  2. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу.

3.Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.

4.Авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету.

5.Педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
40. Мұғалімнің сыртқы мәдениеті туралы баяндаңыз.

Мұғалімнің сыртқы мәдениеті дегенде педагогикалық адепті айтсақ болады. Педагогикалық әдептің негізі - оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген қөзқарасында жатыр. Педагогикалық әдеп баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады. Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу–тәрбие үрдісінде ілгерілеу жоқ. Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Әдетте оқушылар өздері жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім–бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап көңіл аудармаса да, ренжіп қалады. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар. Мұғалім оқушыларға жаңа материалдарды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білуі керек. Өйткені мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, олардың араларына жарықшақ сызаты түседі. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс.


41)Ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер

Мектеп –ұлттық мәдениетті сақтау кепілі, тәрбие ордасы,Сондықтан ұстаздық қызметте қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктер, ұйымдастырушылық шеберлік қажет. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» – деп айтқанындай, ұстаз үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу–тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологияларды ұтымды қолдана білу мұғлімге тікелей байланысты. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі оқу орындарында ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған жаттандылықтан аулақ, өмірлік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.


42)Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің маңыздылығы

«Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тән формалардың сақталуы болып табылады. Бұл нормада сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібін айтады» Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде, достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмосфера тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние. Ондай болса тілдесу өнеріне келейік.
ҚАТЫНАС ЖАСАУ, ТІЛДЕСУ ӨНЕРІ:
Өз мінез-құлқын, сезімдерін басқара алу;
Бақылай, қадағалай алу;
Назарды басқа жаққа аудара алу;
Тәрбиеленушілердің ішкі жан дүниесін түсіне білу және оны ескере білу;
жүзіне қарап оқи алу;
Оқушылармен байланыс жасай алу;
43 Мұғалімнің өзін-өзі басқаруы,бақылау қабілетінің маңызыБасқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;
44Педагог мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.


Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада
45 Мұғалімнің кәсіби Педагогикалық іс – әрекетіні,мақсаты.
Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы тал аптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққанДиалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің

ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин);


-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен

жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);


-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми

түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);


-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті

ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);


-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау

үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады

(Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
46.Балалық шақ және балалар-жалпы адамзаттық құндылықтар және педагог-мұғалім кәсіби әрекетінің мақсаты.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түз өсу үшін оған көшет кезінде көмектесу болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейрімділік, қайрымдылық, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Педагогтің кәсіби қызметі адамның барша іс-әрекетіндегідей мақсат қоюдан басталады. Педагогтің балалармен жүргізіп жатқан ісінде мақсат болмаса, ол істі кәсіпқой маманның жұмысы деп бағалауға болмайды, оны әншейін бір әрекет, тәрбиелік процеспен ешбір байланысы жоқ, жәй белсенділік деп түсіну керек. Мақсатты сезіну әрқандай іс-әрекетке қуат береді. Ұлы да шапағатты мақсат адамның бар шығармашылық күшіне қанат беріп, оны өрістете түседі. Мақсатқа жету адам бағытының негізі болған терең де толық қанағат-танушылық тудырады


47.Педагогикалық қарым- қатынас стилі.

Педагогикалық қарым-қатынас-белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.Педагогикалық қарым-қатынаста күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар мен ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері. Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет.


48.Педагог мамандығының болашақтағы дамуы.

XXI-ші ғасыр қатаң бәсеке ғасыры болғандықтан жалпы білім беру, оқу-тәрбие процесінде жаңа сапалық өзгерістер болғаны абзал, соның ішінде бірінші кезекте, қазақ мектептерінде, өйткені, мектеп – сауатты ұрпақтың ұйытқысы, білім мен ғылымның негізі.Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: "Болашақта мұғалім мамандығы аса қажет және жоғары ақы төленетін мамандық болады. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сай болуы керек", - деп атап көрсетті.Тұңғыш рет білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында педагогтың беделін көтеру мәселесі қойылды. Бұл мәселелер өз кезегінде барлық деңгейдегі ұстаздардың білімі мен біліктілігін жетілдіру, педагогтардың еңбек ақысын төлеудің жаңа моделін енгізу арқылы жүзеге асырылады. 2015 жылға педагогтардың жалақысы жекеменшік сектор қызметкерлерінің айлық жалақысына теңестіріледі; педагог беделі мен абыройын көтеруге бағытталған іс-шаралар жүргізу мен жыл сайын 75 мың ұстаздың білімі мен біліктілігін көтеру жоспарлануда. Қазiргi заманғы бiлiм беру - әлеуметтiк құрылымның маңызды элементтерiнiң бiрi.



49.Педагогикалық қарым- қатынастың мәні мен мазмұны.

Педагогикалық қарым-қатынастың мазмұны-педагогикалық қарым-қатынас арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты–өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен оқушыны тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа оқушының ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Педагогтар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық оқушылармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; оқушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген педагог өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Оқушыға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.


50.Педагогикалық іс- әрекетінің қызметі.

Педагогикалық іс–әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады.Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек.Мұғалімнін іс–әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс–әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс–әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды. Мұғалім іс–әрекетінің қызмет объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді..Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақгалады, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентерінің, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте – бірте жинақталады.


51.Мұғалімнің коммуникативті қызметінің мәні мен мазмұны.Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Тәрбие деген атаулы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыға орай мұғалім – тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берілген. Сонымен, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде адам тәрбиесі, бір жағынан, қоғамның өзіне қажетті негізгі міндеті болуымен қатар, екінші жағынан, қоғамның одан әрі алға дамуына мүмкіндік жасайтын жағдай болып табылады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру жғдайында, адам факторын жандандыру және ізгілікті демократиялық жан-жақты дамыған жеке адамын қалыптастыруда мұғалім маңызды рөл атқарады. Педагогикалық еңбек басқа салалардан қараганда ерекше. Мұғалімнің мәртебесі шәкірттер үшін өте жоғары. Өйткені оқушыны алғаш мектебін ашқанда қабылдайтын да, алғашқы әріп пен есепті үйрететін де, соңғы мектеппен қоштасарда да шығарып салатын да осы қарастырайын деп отырған тақырыптағы мұғалім болып табылады. Жалпы білім беру ісін қайта құру сонымен бірге оқу тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндетін шешу жас мамандардың кәсіби біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі – жасөспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – баларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адамдықты талап етеді» Сондықтан, бұл күндері тәрбие барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатқа айналуда. 
52. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен тактісі.Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің

ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С. Ильин);
-мұғалім іс – әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен

жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);
-егер оқушының іс – әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми

түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);
-мектеп әкімшілігі іс – әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас педагогикалық процесті

ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі дамыту өте күрделі болады

(Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс – әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына — мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.Педагогикалық такт — оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Мысалы, ұжымның ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиіс
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет