53. Педагог мамандығының басқаша мамандықтар жүйесіндегі орны.Педагог (гр. рaіdagogs — тәрбиеші) — білім беру, тәрбиелеумен немесе тәрбие мәселесімен айналысатын маман. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының оқытушысы, мектепке дейінгі мекеменің, мектеп-интернаттың, балалар үйінің, түзету колониясының тәрбиешісі, педагогиканың ғылыми мәселелерін зерттеуші ғылыми қызметкер педагог делінеді.Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.Мұғалімнің өздігінше кәсіби білім көтеруі - жалпы мәдеииет пен кәсіби тілектерін өтеу, танымдық мұддесін қанағаттандыру максатында арнайы жүйелі түрде ұйымдастырылған, жан -жақты, жеке және кәсіби маңызды та-нымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығар-машылық қабілеті мен кәсіби шеберлігінің қалыптасуына тығыз бай-ланысты, оның кәсіби өсуі мен педаго-гикалық қызметінің қорытындысына тікелей бағытталған көпсатылы қызмет болып табылады. Басқа мамандықтардан ерекшелігі : ең ауыр мамандық және де барлық маман иесі мұғалімнен тәрбие алып шыгады. Мұгалім болашақтың тәрбиешісі, сондықтан да барлық мамандық иелері мұгалім мамандығына бас иеді деп ойлаймын.
54 Мұғалім еңбегінің гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаты.Мектеп - қоғам өмірінің айнасы. Қоғамдық қондырма қандай болса, мектеп те сондай. Оқу- тәрбие сапасын тек мұғалімдер жеке дара шеше алмайтыны анық. Бар ынта ықыласын сапалы білім беруге жұмсайтындай жағдай жасалмайынша мұғалімдерді кінәлау дүрыс та болмас..Мұғалімнің өз жұмысынан ләззат ала білуі - педагогикалық қызметтің басты шарты. Бірақ мұғалім балалардың жетілуіне импульс бере алатындай өз қызметінен ләззат аларлық жағдайға жете алмай отыр.. Оның себебі - мұғалім еңбегінің құндылығы мен құрметінің әлеуметтік, моральдық тұрғыдағы сәйкессіздігі . Қоғамдағы әлеуметтік жіктелудің мұғалім еңбегіне қаншалықты ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Қай мамандықтың да мәртебесі төмен болған жағдайда, сол мамандық иесі қаншалықты ынталы, қаншама білікті, тәжірибелі болса да мүмкіндігі шектеулі болатыны белгілі. Мұғалім өз қызметі беделін өзі көтеретіндей мәртебесін көтеру - мемлекет еншісіне жатады.
55.Педагогикалық әс- әрекет жүйе ретінде.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынандай құрылымдардан тұрады: іс-әрекет мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланысты комплексті жүзеге асырылып, іс-әрекеттің компоненттері де болады.
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекеттер мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әрекет құралдарын жеке-жеке алып қарайтын болсақ: іс-әрекет мақсаты – жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуді көздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие жұмысын комплекс жүзеге асыруы қажет етеді. Комплесті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушінің санасына да, мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметіне де бір мерзімде ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі:өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс-әрекет объектісі – адамдардың қалыптасуының объективтік негізін – қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
Адам жанасқан нәрселердің бәрі-адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әрқайсысы қайталанбайтын дара ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық негізінде ұйымдастыра
білуді қажет етеді.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мұғалімнің технологиялық компетенттілігін жетілдіру өзекті мәселеге айналуда. Оқыту стратегиясы мен технологиясын таңдаудағы кәсіби міндеттердің шешімі оқушының тұлғалық сапасының дамуынан көрініс табады. Педагог тудыратын сыртқы шараларды оқушы өзінің жеке іс-әрекетімен жүзеге асырады. Оқыту іс- әрекетін басқару - оған белгілі дәрежеде талап қою, педагогтың таным белсенділігін арттырып, шығармашылығын дамытатын және инновациялық білім беру мен инновациялық білім беру ортасын жасау.
Соңғы жылдары педагогикалық компетенттілік ұғымына деген көз-қарастардың ауқымы кеңейе түсті. Жоғары білікті маманның компетенттілігі ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер педагогика саласындағы зерттеулерде, ғылыми-әдістемелік басылымдарда кеңінен қарастырылуда.
Жалпы компетенттілік ұғымына ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізген.
Мысалы, В. Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-тәжірибелік дайындық ретінде анықтама береді. Ал В. Ландшеер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсінеді.
Сонымен қатар компетенттілік ұғымына, П. Симонов, М. Чошанов, В. Даль, В. Безруков, Н. Розов психологтерден А. Журавлев, Н. Талызина тағы да басқа ғалымдар өз ойларын білдіріп, талқылаған.
Кейбір зерттеушілер компетенттілік ұғымын «құзыреттілік» аталымымен нақтылайды. Компетенттілік – «істі біліп» іс-әрекет атқаруға қабілеттілікті білдіретін жалпы балама термин. Әдетте, белгілі бір әлеуметтік-кәсіби мәртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, оның орындайтын міндеттері мен шешетін күрделі проблемаларының нақты деңгейіне сай білім мен іскерлігінің сәйкесті мөлшерін анықтайды.
Латын тілінен аударғанда компетенттілік дегеніміз өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі деген мағынаны білдіреді. Ал, түсіндірме сөздіктерде «компетенттілік» ұғымы компетенцияны меңгеруші ретінде қарастырылады. Компетенттілік, тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесіне сай белгілі бір міндеттерді орындауға дайындығы. Ал французша «компетентті», заңға сай, ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
В. Даль «компетенттілік» ұғымы тек әділет саласына тән деп санайды, оның ойынша, компетенттілік дегеніміз «заңға сәйкес», «толық құқылы» деген мағынаны білдіреді. В. Безруков компетенттілікті «кәсіби түрде сауатты талдау жасай алу, бағалай алу, белгілі бір ойын айта алу біліктігінің қалыптасуы» деп түсіндіреді. Э. Зсер мен О. Шахматова компетенттілікті кәсіби білім мен біліктің жиынтығы, сонымен қатар кәсіби іс-әрекетті орындай алу әдіс-тәсілдері деп санайды.
Компетенттілік теория мен практиканың бірлігі негізінде қалыптасады. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес, тұлғаның танымға деген әрекетін, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.
Н.С. Розов компетенттіліктің екі жағы болатынын анықтайды да, бірінші жағына танымдық және практикалық жаңалық енгізуді ассимиляциялау мүмкіндігімен, екінші жақты-жүйелерінің әр түрі, тип, профилі сатыларына қойылатын талаптары анықтау мүмкіндігімен байланыстырады.
Н.С. Розовтың пікірінше, компетенттіліктің мынадай қырлары бар:
мәндік аспект, неғұрлым жалпы мәдени контекстегі ахуалды жете түсінудің барлығын көрсетеді: бұл контекстік аясына осы сияқты ахуалды бағалау, оны ұғыну мен оған деген қарым-қатынас кіреді;
- проблемалық-практикалық аспект, бұл – осы бір жағдайда ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларды алға қою мен орындау
тиімділігінің бара-барлығын сипаттайды;
- коммуникативтік аспект, бұл – осы тәріздес ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын және өзара ықпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейінің барлығын қамтамасыз етеді. Компетенттілікте жетекші рөл проблемалық-практикалық аспектіге беріледі.Сондықтан осы үш аспектінің қалыптасқандығы, жалпы мәдени компетенттілікке ие адамның сипатын береді. Өйткені, бұл қарап отырғанымыздай, адамдардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруға жол ашады.
56.Мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты, ерекшелігі.
Мектеп - қоғам өмірінің айнасы. Қоғамдық қондырма қандай болса, мектеп те сондай. Оқу- тәрбие сапасын тек мұғалімдер жеке дара шеше алмайтыны анық. Бар ынта ықыласын сапалы білім беруге жұмсайтындай жағдай жасалмайынша мұғалімдерді кінәлау дүрыс та болмас..Мұғалімнің өз жұмысынан ләззат ала білуі - педагогикалық қызметтің басты шарты. Бірақ мұғалім балалардың жетілуіне импульс бере алатындай өз қызметінен ләззат аларлық жағдайға жете алмай отыр.. Оның себебі - мұғалім еңбегінің құндылығы мен құрметінің әлеуметтік, моральдық тұрғыдағы сәйкессіздігі . Қоғамдағы әлеуметтік жіктелудің мұғалім еңбегіне қаншалықты ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Қай мамандықтың да мәртебесі төмен болған жағдайда, сол мамандық иесі қаншалықты ынталы, қаншама білікті, тәжірибелі болса да мүмкіндігі шектеулі болатыны белгілі. Мұғалім өз қызметі беделін өзі көтеретіндей мәртебесін көтеру - мемлекет еншісіне жатады.Мұғалім еңбегіне тек белгілі бір функцияны орындаудан тұратын механикалық қызмет түрінде қарайтын теріс көзқарас әлі де сақталуда. Педагогикалық процесте тікелей адам тағдыры жатқандықтан оны нұсқаумен орындалатын немесе бір-біріне кереғар келіп жататын нормативтермен өлшеуге болмайтын жағдайлар кездесіп жатады.. Мұғалімнің әр қадамы мен ісінде үнемі ойлану, іздену, шешімдер табу, білім көздерін үнемі жаңартып отыруды қажет етеді. Мұғалім қызметі сипаты жағынан өнер саласына енеді. Өнер адамын әлеуметтік қыспақта ұстау - оны тұншықтырумен бірдей. Өнерге жаңалық қажет. Мұғалім жаңашылдыққа бармай тұра алмайды, өйткені баламен жұмыстың болмысының өзі - жаңашылдық. Ол өспей, жетілмей тұра алмайды. Мұғалім еңбегі алдымен еңбектеп, содан соң кеудесін көтеретін сәби сияқты. Өсу үшін бап керек. Бойын жазып, ойын ұштау үшін оған үнемі ізденіс керек. Ізденіс үшін бапкердің қамқорлығы мен материалдық қамсыздық керек. Мұғалімнің айлығы ешқашан қамсыздық көрсеткіші деңгейіне жетіп көрген жоқ. Ащы тері сіңген жалақысы қалтаға қонақтамайды, өтуге асығатын қыз сияқты, кетуге асығады. Тесік қалта мұғалім аяғынан қаз тұрып, еңсесін көтере алмайды. Сондықтан болар, қызметі өзі үшін азап болса да, біреулер үшін мазаққа айналып отырғаны. Көктегі құдірет пен жердегі биліктің назарынан тыс қалғандай күйдегі мұғалім « жері кең болса да талтая алмай, елі бай болса да шалқая алмай» жүр. Білім қуған білімділерден дүние қуған жырындылар озған кезде елім деп сыздайтын жүрек қасаң тартатыны анық. Елім деп елжіремеген жүректен қора тазалайтын күрек артық деген бар. Қасаң жүректер елінде іскерлер мен ісмерлер қосшылыққа жарамай, еңбегі елеусіз қалады. Сол секілді, сорты төмен қызмет саналып жүрген мұғалім еңбегінің мәртебесі тек сөз жүзінде ғана айтылудан аспай жатырғаны белгілі.
57.Мұғалім мектептегі оқу- тәрбие қызметін атқаратын арнайы кәсіби маман.
мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе.Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз және білікті директор болу кімнің де болса арманы.Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам.Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі. Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын.Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.
58.Ақпараттылық технологиялық өзгерістер жағдайында мұғалімнің тиімді іс- әрекеті.
Ақпараттылық технология терминін алғаш рет В. М. Глушков енгізді. Ол ақпаратты өңдеу (қайта өңдеу) процесімен байланысты деп анықтаған. Ал ғалымдардың анықтауы бойынша “Ақпараттық технологияны оқыту” түсінігі былайша түсіндіріледі: оқытуда компьютерді және аудиовизиуалды құралдарды дидактикалық материалдарды, жаңа педагогикалық нәтижелерге жетуге бағыттау; оқыту мерзімін қысқарту, интенсификациялау және оқу тәрбие процесіндегі дердестік; оқыту-танымдық шығармашылығындағы белсенділік және оқушылардың интеллектуалдық даму қабілеттілігі; сонымен қатар пәнді терең түсіну жетістігі және т. б.”
Біздің зерттеуіміздегі оқушыларды оқытуда ақпараттылық технологияны қолдану үшін, біздің ойымызша, “Ақпараттылық технология” және “Ақпараттылық технологияны оқыту” ұғымын мақсатқа сәйкес орынды қолдануымыз керек.
Ақпараттылық және компьютерлік технологияны оқуда және тәрбиеде адам қабілетінің дамуына оның ақыл-ойының, барлық танымдық үрдістердегі негізгі біртұтас құралы болып табылады. С.И.Архангельский әділ түрде былайша белгілеген: Оқытуда автоматтанған техниканы пайдалану “оқушыларды интеллектуалды еңбектен босату емес, ал бұл еңбекті әлдеқайда жоғарғы сатыдағы шығармашылық қызметте ойлауға, автоматталған техникалық құралдарды пайдалану сапасын күшейтуге қолдану”.
Білімділік қызмет ұйымын жүйелі түрде қамту: жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттағы ұйымдасқан құрылым мен түрін, мемлекеттік бағдарламада пайдалану және білім стандарттарында және біртұтас білім стандартының даму стратегиясын қамтып көрсету, жоспарланған жалпы мақсаттар және олардың нәтижелеріне байланысты, негізгі кезеңдер, білім мен тәрбие процесіндегі тәсілдер мен ұйымдастыру түрлері, жоғарғы квалификациядағы мамандарды даярлау бағытында болады.
Педагогикалық технология білім технологиясын іске асыруда әдістерді қамтып көрсетеді. Оқу тәрбие процесінің жалпы ерекшелігін және өзіне тән заңдылығын іске асыру процесін, өзіне әр түрлі арнайы технологияларды – жаңа ақпараттылық технологияларды, электронды, полиграфиялық және т. б. құрайды.
Оқыту технологиялары.Оқыту технологиялары таңдалған педагогикалық технологияны және анықталған пәнді, оның тақырыбын, сұрағын нақты ұғымға қарай игеру жолын қамтиды.
Соңғы жылдары жаңа технологияның рөлі өмірде әлемдік қауымдастықта өсті: барлық саладағы адам қызметі оның еңбектегі алып фактор ретінде пайдалану интенсификациясы болып табылады. Материалдық базаның дамуында ғана емес, кәзіргі заманға сай технологиялардың деңгейін интеллектуалды қоғамда анықтау үшін, оны жаңа біліммен толықтыру, пайдалану, меңгеру үшін аса қажетті.
Бұлардың барлығы еліміздегі білімнің даму деңгейі және білімді ақпараттау мәселерімен тығыз байланысты. Қазақстан ғалымдарының тұжырымдарындағы ақпараттылық технологияларды жеке аспекті ретінде қолдануды қарастырады: комьютерлік технологияларды оқыту жағдайында танымдық қызметінің белсенділігі ретінде ұсынады (Ж.А. Қараев).
59.Білім беру туралы түсінік. Білім берудің адам өміріне жан- жақты ықпалы.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.
60.Тұлға. Тұлғаның кәсіби қалыптасуы.
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.
61.Педагогтың дербес психологиялық ерекшелігі.
Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қаблеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М. Абдильдин).Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Нақгылы шындыктан тыс алынған педагогикалық, тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретінде, бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына толық сәйкес келеді, қатынасушылар негізгі қарама – қайлықгардың ерекшеліктеріне.
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.
Педагогикалық шындыкқа тән көп жақы болады, нақгылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп- салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылдрдың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс – әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, «қалыптасудың қас қағым сәті» арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады (1 суретті қараңыз).
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жән -ересектер ( ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған ( опредмеченных ) іс -әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің
I — педагог
II — сынып ұжымы
III — қосаркы сыныптарының ұжымы
IV — жалпы мектеп ұжымы заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс – әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.
Белгілі бір уақытқа дейін окушы өз бетімен әлеуметтік тәжірбиені іс – әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайдьі, яғни мазмұннан іс – әрекет тәсілдерін ала алмайды («бұны қалай істеуге болады»). Сондықтан ол басқа «ұстаз — оқушы» жүйесінің бөлігі болады
Достарыңызбен бөлісу: |