Лист 1 Педагогикалық шеберлік туралы түсінік



бет6/6
Дата11.09.2017
өлшемі1,35 Mb.
#32016
1   2   3   4   5   6

Жүсіпбек Аймауытов (18891931) — қазақтың көрнекті жазушысы,драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.19111914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. СәтбаевпенМ. Әуезовпен танысады.Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (19221924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (19241926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (19261929) қызметтерін атқарады.[1]1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған., Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 1918-19 ж. Семей қаласындағы М. Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын шығарды. Осы журналда «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, № 2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, № 3) деген мақалалар жазды. Бұл мақалаларда Абай өмірінің бірталай қыры сөз болып, оның поэтик, мұрасының аса құндылығы көрсетіліп, кейінгі ақындардың ұлы ұстаздан үйренуі шарт екендігі нұсқалды, Пушкин орыс әдебиетінде қандай тарихи қызмет атқарса, Абай да қазақ әдебиеті үшін сондай тарихи іс тындырғаны орнықты дәлелденген. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, оның поэтикалық мәдениетінің ержетуіне Абай шығармаларының қаншалықты әсері барлығын көрсеткен. Абай поэзиясының ұлттық дәстүрмен қоса Шығыс, Батыс әдебиеттерімен байланысы қарастырылған. Аймауытов - қазақ әдебиетінде Абайдың шығармашылық мұраттарын ілгері жалғастырған ең ірі тұлғалардың бірі.
68.Педагогикалық қарым- қатынастағы мұғалімнің тілі.

Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Алматы қаласындағы бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат етіп қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі мәселе-мұғалімдік мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің талабын психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және методикалық жағынан алып талдау.Зерттеу арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды. Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.
69.Тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыру педагогиканың негізгі міндеті.

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде.

Педагогика міндетінің бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруінілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.

70.Атақты педагогтардың өмірі мен қызметі. (К. Д. Ушинкий, Я. А. Комекеский, И. Г. Песталоции)

Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы Тула қаласында чиновниктің жанұясында дүниеге келді. Өзінің балалық және жастық шағын Чернигов губерниясының Новгород – Северск қаласына жақын жерде орналасқан әкесінің шағын жекеменшігінде өтті.

Орта білімді Новгород – Северск гимназиясында алады.

1840 жылы К.Д.Ушинский Москва университетінің заң факультетіне оқуға түседі, онда белгілі профессорлар (Грановскийдің және басқалар) лекциясын тыңдады. Студенттік жылдарда Ушинский әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың арасында сауатылықты тарату туралы армандады.

Алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының арасында Ресейдің тарихи даму жолдары туралы, отандық мәдениеттің халықтығы туралы талас пікірлерді ол өз бетінше шешуге ұмтылды.

Университетті бітіргеннен кейін 22 жастағы К.Д.Ушинский Ярославль заң лицейінің профессорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Студенттерге ерекше әсер еткен өзінің лекцияларында Ушинский ғалымдардың халық өмірінен қол үзгендігін сынай оытырп, оны жақсартуға ғылымның көмектесуінің қажеттігі туралы айтты. Ол студенттерді өмірді, халықтың қажеттігін зерттеу, оған көмектесуге шақырды.

Бірақ жас ғалымның профессорлық қызметі көп ұзаққа созылмады.

Лицей басшылығы оның қызметінің осындай бағыты жастарға зиянды әсер ететіндігін, сол кездегі тәртіпке оларды қарсы қояды деп есептеп, көп кешікпей ол жұмыстан шығарылды. Ушинский үшін өмір сүру үшін күрестің ауыр жылдары басталады. Ол бірнеше жыл чиновниктік қызмет атқарды, журналдарда кездейсоқ, ұсақ әдеби жұмыстармен айналысты. Өз отанының игілігі үшін жан-жақты қоғамдық қызмет туралы армандаған оны осының барлығы қанағаттандырмады.

“Өз отаныма мүмкін болса, көп пайда келтіру – бұл менің өмірімнің бірде-бір мақсаты; мен соған барлық өзімнің қабілетімді бағыттауым қажет”, - деп жазды жас Ушинский.



Я. А. Коменский

16 ғасыр мен 17 ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы Славян педагогы Ян Амос Каменский 1592 жылы 28 мартта туылды. Бұл кезде 15 ғасырдың бас кезінде болған аса зор ұлт-азаттық қозғалысының әсері әлі де бар еді.
Соның ықпалымен шаруалар мен қол өнершілердің қалың бұхарасы демократияның көз қарастарындағы адамдардан «гетық» немесе «багемалық туыстар» атты қауымдары құруы , Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ол өзі кейінірек сол қауысның уөсемі болды.Лауазымның көмегімен ол латын мектебін кейіннен университетін, бітірді.
Мұнан соң священник болып сайланады, сонымен бірге қауымның 
«туыстық » мектебін басқарады.1670 жылы Чех басқарушыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дкербестігін жойды.Ең үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылады және барлық семьясынан айырылады.
Отанынан айырылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Коменский мұнда да өзінің педагогикалық қызметін тоқтатқан емес « тұрмыстық мектепті» басқаруды, қаржылы түрде ғылыми –педагогикалық жұмыс жүргізді.Ол 1673 жылы « Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулығын жазып шығарады.Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады.Келесі жылы коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан « Ұлы дидиактика» еңбегіжазылып бітті. 
« Ұлы дидактика » еңбегі жазылып бітті.Бұл еңбек педагогикалық жүйені толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болады.
Бұл еңбекте ақыл ой адамгершілік тәрбиесінің мәселелері сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді.
Осы еңбектерімен атақты ғылым және педагог ретінде әійгілі болған Каменский 1641жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда , Шведцияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты.1640 жылы ол шетелден келіп «Чех туыстық » қауымның басшысы болып сайланды.
Осы жылдары оның «әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы «жақсы ұйымдастарған мектептің заңдары» және « жастар ережелері» деге педагогикалық шығармалары аяқталды.
«Әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы «жақсы ұйысдастырған мектептің заңдары» және « жастарға арналған мінез құлық» шығармалар аяқталды.
1656 жылы швед-поляк соғасы кезінде «Чех туыстығының » ең ақырғы панамасы Анико қаласы өртенді. Өсірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстордан да өткізді, оның « Ұлы дидактикасы» 1657 жылы осында бастырылады. 
Каменский 1670жылы Амстердамға таяу жердегі Нарденде қайтыс болады. Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің феодалдық және капиталистік формацияларының аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірдің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.

Песталоцци

Песталоцци алоцци родился в семье глазного врача. Он рано лишился отца и воспитывался матерью. В школе он считался неспособным учеником и был предметом насмешек своих товарищей. Поступая в университет, Песталоцци видел себя богословом. Однако вскоре он начинает задумываться о нуждах народа, о том, как ему помочь. Чтобы стать ближе к народу, он решил заняться юриспруденцией, но потом становится агрономом. Чтение «Эмиля» Руссо оказало на Песталоцци особое влияние. Обладая замечательным мягким характером, чувствительный и отзывчивый к людскому горю, Песталоцци эмоционально воспринимал окружающий мир. Окончив университет, он приобрёл небольшое имение, которое назвал «Нейгоф» (нем. Neuhof — новый двор). Там он собирался провести в жизнь некоторые преобразования в области земледелия и приобщить к ним окрестных крестьян. Однако у Песталоцци не оказалось выдающихся способностей для хозяйственной деятельности, его опыты не дали ожидаемых результатов и значительно подорвали материальное положение Песталоцци. В это время он приходит к убеждению, что больше всего в его помощи нуждаются крестьянские дети, остающиеся без присмотра и воспитания.

Благодаря поддержке местной общины и добрых людей Песталоцци собрал у себя около 50 детей, которым он самоотверженно посвятил все свои силы и материальные средства, обучая их летом полевым работам, а зимой — ремеслу. Но и это начинание постигла неудача. Как только крестьянские дети получали у Песталоцци приличную одежду, родители уводили детей и забирали себе деньги, которые зарабатывали дети. Песталоцци закрыл школу, на её содержание у него не хватало средств. В 1780 г. Песталоцци написал небольшое сочинение под названием «Досуги отшельника», представлявшее собой сборник афоризмов. Оно было встречено читателями прохладно. Но именно в нём Песталоцци излагает свои взгляды, которые будет развивать впоследствии. Большой успех имели «Лингард и Гертруда, книга для народа» (1781). Это рассказ о том, как простая умная и уважаемая в своей деревне крестьянка умело воспитывая своих детей, убедила односельчан открыть в деревне школу. От неопределённых и пылких мечтаний Песталоцци переходит к суровой прозе жизни: «заткнуть дыру, из которой текут народные бедствия» можно только тогда, когда поднимется уровень образования народа. Но поскольку у народа нет ни средств, ни сил для обустройства большого количества школ, то образование, по убеждению Песталоцци, должно быть передано матерям. Для облегчения этой задачи матерей необходимо снабдить специальным руководством, которое и было написано Песталоцци.

60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына көмектесті. Осы қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың әсерімен 1857-1958 ж.ж. “Тәрбие үшін журналда” өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы”, “Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы”, “Мектептің үш элементі” және басқа да орыс педагогикасына құнды үлес қосқан мазмұнды мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар Ушинскийдің есімін бүкіл педагогикалық жұртшылыққа таныта бастады. 1854 жылы Ушинскийге алғашында Гатчинада жетімдер институтында орыс тілінің мұғалімі, кейіннен сол институттың инспекторы қызметін атқарады.


71.Балалар құқығы туралы Декларация және Коненция жалпы адамзат құндылықтары.
Бала құықтары туралы Конвенция – бұл шарт, онда әлемдегі барлық балаларға қатысты, олардың құқықтары туралы айтылады. «Конвенция» сөзі бізге латын тіліннен келген, ол «шарт, келісім» дегенді білдіреді. Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы 1989 жылы 20 қарашада қабылданды және жалпы адам құқықтары декларация негізінде жасалды. Конвенцияны бекіткен елдер оның кепілі болып табылады. Бала құықтары туралы Конвенция – бұл барлық дүниежүзіндегі мемлекеттер кепіл болатын, жалғыз ғана халықаралық келісім. Конвенцияға тек қана кепіл болмаған елдер АҚШ және Сомали. 
Құжат 54 баптан тұрады, әрқайсында әртүрлі құқықтар жан-жақты қарастырылған. 
Қатысушыларға Конвенцияның 4 принципі түсіндіріледі: 
- кемсітпеу 
- өмір сүру үшін жақсы жағдай жасау 
- баланың пікірін мен көзқарасын құрметтеу 
- әлеуметтік және мәдени, ақыл-ойының, эмоциялық, психологиялық, дене күшінің дамуын қалыптастыру. 
Одан кейін тренингке қатысушылар топқа бөлінеді, оларға осы ұғымдарды талқылау ұсынылады (олар осы ұсынымдармен келісеме). Одан кейн айтылған пікірлерді дәлелдеп, Конвенцияда бекітілген принциптер неге сәйкес екендігі. 
Мысалға бекітілгендер 
• Көшпенділер барлық құқықтарға ие. Егер олар бір жерге тұрақтанғысы келмесе, ол олардың өз мәселесі. 
• Қазақстанда нәсілшілдік жоқ. 
• Біздің облыста балалардың проблемаларын шешуде жасөспірімдердің пікіріне құлақ асады. 
• Барлығының өз құқықтарын жүзеге асыру үшін мүмкіншіліктері бірдей. 
• Қазір кім кедей тұрса, онда олар мектепте нашар оқығандар. 
• Біз нақты сенімдіміз біздің елде барлық балалар бақытты, олардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған . 
• Озбырлық көрсету дұрыс емес. 
• Біздің елде нағыз кедейшілік жоқ. 
• Ұл мен қыздың арасында теңдік болу қажет. 
72. Педагог- педагогикалық әрекет субъектісі ретінде.Педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Педагогикалық іс-әрекеттің даралық субъекті ретінде бола отырып, педагог сонымен бірге, қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен құныдылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар жалпы мәдениеттік және пәндік–кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әр қа­шан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады. Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.
73. Қарым- қатынас мұғалімнің кәсіби- шығармашылық қызметінің құрамдас бөлігі Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл – аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.Функционалды түрде – бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектті бағыттылықпен, көп ақпараттылықпен, көрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім беру процесінің субъекттерінің өзара әрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан көрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе «педагогикалық жүйе» ерекшеліктерімен анықталады. Пеадгогикалық қарым-қатынас «...оқушылар-дың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ– педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады . Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.
74.Педагогикалық процесс мұғалім әрекетінің объектісі ретінде.

Адамның қандай да болмасын іс – әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс -әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс – әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті -тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.Педагогикалық іс – әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады»’ Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс – әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс – әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс – әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс – әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық – материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс – әрекеттің ролі жан — жақгы зерттелген. Адам іс – әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 — шы жылдарында ғана мұғалім іс – әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.>) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс – әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу — тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту — тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс – әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс – әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. М
75.Ақпараттық технологиялық өзгерістер жағдайында муғалімнің тиімді іс- әрекеті.

Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды. 
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн? 
Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын. 
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. 

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. 
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. 
76.Педагог еңбегінің әлеуметтік бағыты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында былай деп  атап көрсетті: «Педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Негізгі педагогикалық білім берудің стандарттарын, мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс».

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (2010 жылдың 7 желтоқсанында № 1118 Президент жарлығымен бекітілді) сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Білікті педагогтар педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады. Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет.

Осы негізде жаңадан құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының миссиясы педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі арттыру, бұл корпоративті басқару, әлемдік және қазақстандық тәжірибені тасымалдау негізінде білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бүгінгі таңда, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі негізгі ұйым болып табылады. Орталық педагогтардың сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Орталық өз жұмысында мына принциптерді басшылыққа алады:

1. Қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.

2. Ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа технологиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық.

3. Үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.

 4. Көптүрлілік (Диверсификационность). Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру, қызметтердің түрлерін, санын көбейту. 



5. Ашықтық (транспарентность). Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы.

6. Автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі, оқытушыларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

7. Заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды.

8. Көшбасшылық. Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу.
77.Қазақстан Республикасында «Білім дамуының 2015 жылға дейінгі Концепциясы»

Педагог мәртебесін көтеруде мұғалімдер біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі жасалды. Осы жүйенің жаңа базалық кешендері әзірленуде. Олар: Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанындағы педагогикалық шеберлік орталықтары. Оларда мұғалімдер әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңа бағдарлама бойынша арнайы үш айлық даярлықтан өтеді. Қайта даярлау моделі арқылы категорияларына қосымша жаңа біліктілік деңгейі беріледі. 
Осыған сәйкес жалақыға қосымша ақы төленеді. Мұндай орталықтардың бірін жақын уақытта ашуымыз қажет. Сонымен қатар педагогикалық жоғары оқу орындарының жанынан біліктілікті арттыру орталықтарын, Назарбаев Университетінде «Білім» факультетін ашу қажет. Осы жылы қайта даярлаудың жаңа түрін, яғни қашықтан біліктілікті арттыру методологиясын әзірлеу керек. Біліктілік деңгейін растау рәсімі де жасалатын болады. Осылайша, 2012 жылы біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі толығымен жұмыс істеуі тиіс.
Осы жылы мұғалім карьерасының жаңа моделіне көшуге тиіспіз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауда педагогтер құрамының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, «Базалық педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту қажет» деп атап өтті.  Сондықтан жаңа модельге педагогикалық мамандықтарға абитуриенттерді қосымша іріктеу, жоғары оқу орындарында мұғалімдерді даярлау стандарттарын қайта қарау, бітірушілерді сертификаттау, біліктілікті арттыру жүйесі сияқты элементтер енуі тиіс.Педагогтеріміз әлемдік стандарттарға жауап беруі үшін әлемдік тәжірибеге сәйкес қабылданған педагогикалық мамандықтардың тізбесін үйлестіру, оқыту бағдарламасының жаңа құрылымын әзірлеу қажет. Елбасы бітіруші мамандарды сертификаттауды барынша күшейтуге және тәуелсіз біліктілікті растау орталығын құруға тапсырма берді.
Осындай алғашқы орталықтардың бірі –педагогтердің біліктілігін растау орталығы болуы тиіс. Бұл міндет ауқымды жұмыс жүргізуді қажет етеді. 
Ол білімнің жаңа сапасын, мұғалімдердің жоғары деңгейін қамтамасыз етуі қажет. Грант құнын қалыптастыру жүйесіне ерекше назар аудару керек.
Сондықтан Министрлік аппаратына тек педагогикалық мамандықтарға ғана емес, сонымен бірге басқа да мамандықтар бойынша грант құнын нақты негіздеудің жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге тапсырма беремін.
Өткен жылдан бастап имидждік жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Шетелдік мамандарды тарта отырып Министрліктің имидждік тұжырымдамасы әзірленді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында педагог кәсібін, олардың озық тәжірибелері мен жетістіктерін насихаттау жөнінде белсенді жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Педагогикалық форум, Математика пәндері мұғалімдерінің І Съезі өтті. Осы жылы биология және химия пәндері мұғалімдерінің съезін өткізу қажет. Осындай съездерді өткізудің нәтижесі республикалық және өңірлік деңгейде Пән мұғалімдерінің қауымдастығын құру болып табылады.
Бұл – біз үшін түбегейлі жаңа тәсіл. Мұндай қауымдастықты білім сапасын жетілдіру жұмыстарына кеңінен тарту қажет.

Министрліктің порталында «Мұғалімнің даңқ кітабы» жасалды. Оған республиканың жетекші мұғалімдері, олардың өмір жолы мен жетістіктері туралы ақпарат енгізіледі.
Бұл – үздік мұғалімдер мен үздік педагогикалық жетістіктерді насихаттаудың жаңа механизмі. Мысалы, АҚШ-та өткен жылдан бастап Білім министрлігі жанынан «Мұғалімдерді ынталандыру қоры» ашылған. Ол үздік мұғалімдерге, директорларға және орта мектептің басқа да қызметкерлеріне сыйақы беру үшін қаражат бөледі.
Біз де ірі ұлттық компанияларды тарта отырып, бұл тәжірибені енгізе аламыз ба, осыны қарастыру қажет. Тек үздік педгогтерді ғана емес, мұғалім кәсібі бойынша жақсы оқып жатқан студенттерді де көтермелеу қажет.
78.Педагогикалық ойлау қабілеті- мұғалімнің кәсіби мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде.
Педагогикалық ойлау - кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен өткізу бойынша жасалатын әрекет. Оның мәні - білімнің мазмұны, мұғалімнің және оқушының қызметі сияқты үш бөлшектің сәйкестігінде. Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі “өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы,лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.
79.Ауыл мектебі мұғалімнің кәсіби еңбегінің ерекшелігі.

Ауыл мектебі – ұлттық тәрбиенің көзі, болашақ тұлғаны қалыптастырушы. ХХІ-ғасыр терең білімнің бәсеке ғасыры. Осыны терең түсінген мектеп ұстаздары оқушыларға білім мен тәрбиені қатар беруде құлшыныспен еңбек етуде.
Елбасы өзінің биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беру мәселесін қозғап, оны шешудің жолдарын белгілеп берді. Бұл еліміздің ертеңі- бүлдіршіндерге көрсеткен үлкен қамқорлық деп білеміз.
Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтары, яғни қазіргі кішкентай бүлдіршіндердің жақсы тәрбие мен білім алуы ел ертеңі үшін маңызды мәселе..
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне енуге бағдарланған жаңа білім жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Педагогикалық қызметті ақпараттандыру, оны дамыту мен қолдану деңгейін жаңа сатыға көтеру мақсатында міндеттер белгіленіп, іс-шаралар жасалды. 2010-2014жылдарға арналған мектептегі білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жобасы жасалды. Осыған орай мектебімізде білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу, интерактивтік әдістерді кеңінен қолдану оқушылар білімін, біліктілігін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыруда көптеген сабақтар, семинар, байқаулар өткізілуде. Нәтижесі жақсы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1996 жылы жаңа мектептің салтанатты ашылуына қатысқанын зор мақтанышпен айтамыз.
Мектептің алға қойған мақсаты:
«Жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу, шығармашылық пен шеберлікті дамыту, оқушыларды жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.»
Мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерінің өсуіне, білімдерін жетілдіруіне жаңашылдыққа ұмтылуына мектеп әкімшілігі тарапынан көптеген әдістемелік көмектер көрсетілуде. Осы орайда 2005жылы «Игі істер, ізденістер» әдістемелік құралы арқылы 22-мұғалімнің іс-тәжірибесі таратылса, 2010жылы 42-мұғалімнің іс-тәжірибесі «Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту жүйесін пайдалану жолдары», «Жаңашылдық-игі істерге жетелейді» әдістемелік құралы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты тарапынан шығарылып, облыс, аудан көлемінде таратылды.
80.Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңына сәйкес қазіргі мұғалімге қойылатын талаптар және оның құқығы мен мәндеттері.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңына сәйкес қазіргі мұғалімге қойылатын талаптар және оның құқығы мен мәндеттері. 51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.2. Педагог қызметкердің:1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;3) жеке педагогтік қызметке;4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.3. Педагог қызметкер:1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында көзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды


қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.5. Білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагогтік қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.
81.Педагогикалық шеберлік- педагог әрекетінің жоғарғы сатысы.Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
82.Педагогикалық шеберліктің негізгі өлшемдері: мақсатқа лайықтылық, шығармашылық, үлесіділік, өнімділік.Педагогикалық шеберлік негізі неде?Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.«Тәуелсіз елге – білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» – деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», – айтады.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:педагогикалық іс – әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;педагогикалық кәсіби білгірлігі;педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі; педагогикалық техникасы.Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми – зерттеу пайымдаулар мыналар:пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік; іс – әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:1. Педагогикалық білім бірлігі;2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;3. Ситуацияларды меңгеру;4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
83.Педагог әрекеті, оның мәні, мақсаты, қызметі.Педагог (гр. рaіdagogs — тәрбиеші) — білім беру, тәрбиелеумен немесе тәрбие мәселесімен айналысатын маман. Жалпы білім беретін мектеп мұғалімі, арнаулы орта, жоғары оқу орнының оқытушысы, мектепке дейінгі мекеменің, мектеп-интернаттың, балалар үйінің, түзету колониясының тәрбиешісі, педагогиканың ғылыми мәселелерін зерттеуші ғылыми қызметкер педагог делінеді.Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Мақсаты


Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.

Педагогика пәні, салалары


19 ғасырдың басында нарықтық қарым-қатынастың дамуына, ғылыми-техникалық өркендеуге байланысты педагогика тармақталып, жеке пәндер бөлініп шықты. Олар:

  • жалпы педагогика (тәрбие, білім беру және оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді),

  • сәбилер мен мектепалды педагогикасы,

  • мектеп педагогикасы,

  • сурдотифло педагогика және олигофрено педагогика (кереңзағип және ақылы кем балалардың тәрбиесі мәселелерін зерттейді),

  • жеке пән әдістері,

  • Педагогика тарихы.


84.Атақты ағартушы- педагогтардың еңбектеріндегі мұғалім тұлғасы.

Ұстаз — жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады.

Ақырын жүріп,анық бас, 

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас ,

Үйретуден балағ

Абай Құнанбайұлы

Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді

Адольф Дистервег 

...Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес,шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады

Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани. 

Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек

В. Маяковский. 

Ұстаз болу,яғни жақсы оқытушы болу үшін,оқытатыныңды да сүюің керек.

В.О.Ключевский. 

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі

Ы.Алтынсарин 

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады

Абай Құнанбайұлы 

Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.

К.Д.Ушинский

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам,ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

Александр Македонский

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы

 Халық даналығы.

Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт

Халық даналығы.

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

К.Д.Ушинский

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,

Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Ж.Баласағұн. Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.Сенека.

Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.Әл-Фараби

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев

Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.

Мұхтар Әуезов

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғабит Мүсірепов

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.                                                                 

Мәлік Ғабдуллин

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

Серке Қожамқұлов

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс.

Спандияр Көбеев

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

К.Д.Ушинский

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

Ыбырай Жақаев

Егер мұғалім  өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

Ж.Ж.Руссо

Ұстаз – ұлы есім.

М.Әуезов

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.



К.Д.Ушинский

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет