Ұлыстың Ұлы күні наурыз



бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі4,64 Mb.
#6980
1   2   3   4   5   6

Наурыз күнгі ақ тілек

Әзілхан НҰРШАЙЫҚОВ.
Әр елде Жыл басы әртүрлі айдан басталады, Еуропа елдерінде – 1 қаңтар, мұсылман елдерінде 22 наурыз Жыл басы болып есептеледі. Ал кейбір елдер өздерінің шаруашылық жағдайларына байланысты жаңа жылды 1 қыркүйектен бастайтын болса керек.

Наурыз діни мейрам емес. Кеңес өкіметі кезінде діни мереке есептеліп, бізде нау­рыз мерекесі тойланбай келді. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Наурыз мерекесі қайта жаңғырды. Оның қайта жаңғыруына, елімізде кеңінен аталып өткізілуіне мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков үлкен үлес қосты. Этнограф-ғалым ретіндегі ол кісінің еңбегін бүгін – Наурыз мерекесі күні еске ала кетуіміз абзал.

Басқа мерекелер сияқты Наурыздың да ұлттық өз дәстүрі бар. Мәселен, Наурыз күні өткен жылғы соғымның қалған еті қазанға түседі. Ауыздан дәмі кетпейтін сүр ет пен соғымға сойылған жылқының, сиырдың шекелері, қойдың басы ақсақалдардың алдына тартылады. Әртүрлі тәтті тағамдардың басы қосылып, наурыз көже жасалады. Наурыз көжеден дәм тату зәмзам суын ұрттағаннан кем болмайды. Оны үлкенді-кішілі кісілер таласа-тармаса ішеді.

Наурыз күні адамдар өз жүрегінің ақ тілеуін айтады. Адал көңілдерін ақтарады. Өзінің және елдің амандығына деген тілек, ниеттерін ортаға салады.



Биылғы Наурыз мерекесі қарсаңында республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы жарияланды. Осы Жолдауда көп балалы әйелдерге ерекше қамқорлық жасалатыны туралы, алда жаңадан 100 мектеп, 100 аурухана салынатыны жөнінде және басқа игіліктер туралы да айтылды. Биылғы Наурыз мерекесі үстінде халықтың айтар ақ тілеуінің негізі осы Жолдауға байланысты болмағы сөзсіз.

Бұрынғының жобасымен менің бүгінгі халықтық мереке күні өз атымнан айтар ақ тілегім мынадай:


Наурыз құтты болсын!

Жер түкті болсын!

Көкорай шалғын көп шығып,

Сиыр сүтті болсын!

Ұлт ұрпағын көбейту үшін

Жас келіндер қос-қостан жүкті болсын!

Жігіттер мықты болсын!

Ойдағы қалауы орындалып,


Халық жүрегі қуанышқа толсын!

Әмин!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет