ІІ. Жер бедерінің қалыптасу заңдылықтары
Жер бедерінің барлық пішіндерінің қалыптасуына әсер етуші күштер екі топқа — ішкі (эндогендік) және сыртқы күштерге (экзогендік) жіктеледі. Ішкі күштер әрекеті. Ішкі күштер (оны кейде тектоникалық қозғалыс деп те атайды) Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық және радиоактивтік энергия әсерінен жер қыртысында таy тузілуі мен тербелмелі қозғалыстарды туғызады. Тау түзілуі жер қыртысындағы катпарлықтардың түзілуіне, терең тектоникалық жарықтардың пайда болуына және осы жарықтар бойымен жекелеген жер қыртысы бөліктерінің тік қозғалыстарға ұшырауына, магманың сыртқа шығуына әсер етеді.
Тербелмелі қозғалыстар жер қыртысының біртіндеп көтерілуі мен төмен түсуіне, соның нәтижесінде мұхит деңгейінің көтерілуі мен төмендеуше себепші болады. Тербелмелі қозғалыстар қайтымды сипатта болады, яғни жоғары көтерілген жер қыртысы қайта төмен түсуі немесе майысып, төмен түскен жерлер қайта көтерілуі мүмкін. Ал тау түзілуі кезінде қатпарлануға ұшыраған жерлер, сондай-ақ жарықтар бойымен жылжып кеткен бөліктер енді қайтып қалпына келмейді. Жанартау атқылауы мен жерсілкінуі де осы ішкі күштердің нәтижесі болып табылады. Демек, литосфералық тақталар қозғалысқа түсіп, материктер пішіндері мен мұхиттар айдының өзгертуші басты күш те осы ішкі күш болып табылады. Материктердегі ірі жазықтар мен таулар, мұхит табанындағы қазаншүңқырлар мен суасты орта жоталары да ішкі күш әрекеті нәтижесінде түзілген жер бедерінің ірі құрылымдары болып саналады.
Сыртқы күштер әрекеті. Сыртқы күштер болып табылатын Күн сәулесі энергиясы мен қысым күші эндогендік әрекет нәтижесінде қалыптасқан жер бедері пішіндерін бұзумен қатар, жер бедерінің жаңа шгттіндерін де түзеді.
Үгілу әрекеті нәтижесінде тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса физикалық үгілу, ал минералдық құрамы өзгеріске ұшырай отырып үгітілсе химиялық үгілу деп аталады.
Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыршьщтасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты "қатал" шөлдерге тән.
Химиялық үгілу дегеніміз — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір қышқылы, тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы. Сондықтан химиялық үгілу ылғалды, ыстық климат жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы аудандарына тән. Әдетте, үгілудің барлық әрекеттері қатар жүріп отырады, сондықтан айқын басымдылық танытатын әрекет түрі бірінші кезекте айтылады. Өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесі де белгілі дәрежеде физикалық және химиялық үгілу әрекеттеріне қатысып, кейде тіпті оның жүру қарқынын күшейтеді.
Үгілген тау жыныстары салмағына қарай төмен сырғуы немесе тік беткейлерден етекке құлауы мүмкін. Олар кейде өздерімен бірге басқа да тау жыныстарын сырғытып, ілестіре кетеді. Етекке құлап түскенде тау жыныстары көбінесе өзара соқтығысып, сынып, ұсақталады. Неғүрлым майда бәлшектер желмен ұшырылып, шаң-тозаңға айналады. Түптеп келгенде, үгілудің барлың түрлері биік таулардың аласаруына, керісінше неғұрлым ойыс жатқан жерлерді толтыру арқылы жер бедерінің тегістелуіне себепші болады.
Үгілу енімдері мен борпылдақ жыныстарды тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор. Жел әрекетінен қалыптасатын жер бедері пішіндерін золдық деп атайды. Әсіресе шөлдердегі құрғақ климат жағдайында жел әрекеті айқын көрінеді, мұнда құмды тебелер мен жалдар, толқын тәрізді эолдық пішіндер таралған. Теңіздер мен көлдердің жағалауларында да жел әрекетінен түзілген мұндай пішіндер жиі кездеседі.
Үгілген тау жыныстарын тасымалдауда ағын су әрекетінің алатын орны ерекше. Жаңбыр кезінде су беткейлер аркылы ағып, бір арнаға тоғысады. Ол әрі карай жер бетін тілімдеп, жыралар, сайлар жасайды. Тіпті жазық жердегі өзендер де еңкіштігі төмен, ағыны баяу болғанына қарамастан, өзімен бірғе көптеген жыныстарды тасымалдайды. Ал тау өзендері ағыны қатты болғандықтан қүм, саз сияқты майда жыныстармен қатар, өте ірі тастарды да ағызып әкетеді.
Шөлді аймақтарда жаңбыр өте сирек болғанымен нөсерлетіп жауып, борпылдақ жыныстарды тез арада шайып, оларды өзімен бірге ағызып кетіп отырады. Сондықтан шелдердің басым көпшілігінде ежелгі және қазіргі ағын су әрекеті нәтижесінде түзілген жыралар мен сайлар, құрғақ өзен арналары кептеп кездеседі. Тау бөктеріндегі өзендер жер бедерін өте күшті тілімдейді, жыралар мен сайлардың жиілігі соншалықты, олар лабиринт сипатты болып кетеді. Өйткені мұнда көбінесе борпылдақ, бос жыныстар жинақталған әрі өзен ағыны еңкіштікке байланысты өте жылдам. Осындай жолмен түзілген жер бедерін бедленд деп атайды. Бедленд ағылшын тілінде "жаман жер" деген ұғымды білдіреді. Бедлендтер түгелдей жарамсыз жерлер больш табылады, олардың кең таралған аудандары: АҚШ жеріндегі Ұлы жазықтар, Орта Азияның, Кіші Азия және Үндістан түбектерінің тауалды жазықтары.
Тұрақты ағыны бар ірі өзендер ағын әрекетімен өнделген үлкен аңғарлар арқылы ағады. Өзендердің қазу, шаю, тасымалдау және түндыру әрекеті өзеннің еңістігі мен ағыс жылдамдығына тәуелді. Өзен аңғарының кез келген бөлігінен тұнба жыныстарды кездестіруге болады, әсіресе өзен ағысы баяулап, атырау жасап құятын өзендердің сағасында олар өте қалың жиналады. Ағаш су әрекетінен түзілетін жер бедері пітттіндерін беті қалың мұз басып жатқан Антарктида мен Гренландия жерінен басқа барлық аймақтардан кездестіруге болады.
Жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштер қатарына мұздықтардың әрекеті де жатады. Алып жатқан ауданы шағын болғанымен, тау мұздықтарының жер бедерін қалыптастырудағы әрекеті қарқынды жүреді. Мұздықтар, әсіресе биік тау басындағы тау жыныстарының үгілуі мен тасымалдануына себепші болады. Тау мұздықтары әрекетінен айрықша пішіндегі трогты аңғарлар (неміс. Трог — астау) қалыптасады. Мұздықпен өнделген тау жоталары үшкір шынды, беткейлері тік, терең шатқалды болып келеді. Ондай жер бедерін, әдетте, альпілік, ал мұздықтармен өңделіп, тасымалданған жыныстарды морена деп атайды.
Жерасты суларының әрекеті суда тез еритін әктас, тас тұзы, гипс сияқты жыныстар таралған аудандарда болады. Бұл жыныстарды су еріте отырып, бос кеністіктерді — кеуектерді қалыптастырады. Кеуектер ойылып, олардың орнында түрліше пітттіндегі қуыстар түзіледі. Тау жыныстарының суда еру процесі карст деп аталады. Карст пішіндері беткі ағын әрекеті әсерінен де пайда болады. Ондай жағдайда өзендер жер астына сіңіп кетіп, екінші бір бөлікте қайтадан жер бетіне ағып шығуы мүмкін. Карст пішіндерінің шетіндегі ең кең тарағаны — үңгірлер. Жер шарындағы ең ұзын үңгір — Аппалачта, ең терең үңгір — Кавказда орналасқан. Карст нәтижесінде қалыптаскан жер бедері пітттіндері Балқан және Кіші Азия түбектері мен Оңтүстік - Шығыс Қытай жерінде, Аппалач тау жүйесінде кең таралған.
Сонымен сендер жер бедерін өзгертуші сыртқы күштермен таныстыңдар. Барлық әрекеттердің қозғаушы күші — күн сәулесінің түсу мелшері мен соған сәйкес климаттағы езгерістер. Мәселен, климаттық жағдай ылғалды немесе құрғақ сипатқа ауысса; таулардың биіктеуі бәсеңдесе немесе тез арада қарқынды түрде биіктесе, сыртқы күш әрекеттерілін жүру сипаты мен жылдамдығы да өзгереді. Яғни, жаңа жағдайға бейімделеді. Сонымен қатар жер бедері өзгерісі ішкі тектоникалық қозғалыстарға да тәуелді. Демек, қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ішкі және сыртқы күтердің ұзақ геологилық уақыт аралығындағы өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.
ІІІ. Топырақтың ластануы
Топырақтың ластануы — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.
Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді — топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.
IV. Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
Деградация (лат. деградатіо – біртіндеп нашарлау, құлдырау) - біртіндеп жағымды қасиеттердің нашарлауы, төмендеуі немесе жойылуы, құлдырау, жойылу.
Биологияда – қоршаған ортаның біртіндеп нашарлап тозуы, қандай да болмасын биогеоценоздың экологиялық үйлесімділігінің бүлінуі. Деградация мынадай түрлерге ажыратылады: ландшафттық Деградация – ландшафтының табиғи немесе антропогендік тұрғыдан жұтаң тартып, эстетикалық және әсемдік түрінен айрылып, шаруашылыққа жарамсыз күйге түсуі; топырақ Деградациясы – табиғи құбылыстар немесе адамның іс-әрекеті нәтижесінде топырақ құрылымының өзгеруіне байланысты оның құнарлылығының біртіндеп нашарлауы; қоршаған орта Деградациясы – адам өмір сүріп отырған ортаның бүлінуі; кейбір қалалар мен елді мекендерде әлеуметтік тіршілік ортасы мен табиғат жағдайларының бірдей нашарлауы; көп жылдық тоң Деградациясы – климаттың жылынуына байланысты көп жылдық тоңның еруі.
Деградация, кұлдырау режимі. Бұл режимдегі саяси практика саяси жүйенің қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ете алмайтын ерекше қалпын көрсетеді. Онда биліктің ықпалына берілмейтін деструктивті, қиратушы күштер үстемдік етеді. Билік дағдарысы, саяси жүйенің дағдарысы қоғамның демократиялық саяси мәдениетінің әлсіздігін, дамымағандығын көрсетеді. Тек охлократиялық тенденцияларға арандататын сөз жүзіндегі демократия дағдарысты тереңдете түседі, саяси күштердің қақтығысты қайшылықтарын тудырады. Осындай жағдайда саяси процестің мазмұны өзгереді. Саяси күштердің қарсы тұру тенденциясы пайда болып, қақтығыстар мен әлеуметтік жарылыстарға алып келетін конфронтация күшейеді. Осы ретте қоғамның саяси жаңаруының демократиялық формаларын іздеу, жағдайдың әлеуметтік жауапты бағасының дамуы, саяси күштер арасындағы диалогтардың әр түрлі формаларының жолға қойылуы, компромисс, консенсус принциптерінің басымдығын қамтамасыз ету дағдарыстық жағдайдан шығудың тиімді жолын қалыптастырады. Осы жағдайда барлық саяси күштер, мемлекеттік билікті қоса алғанда, конституцияны, құқықтық нормаларды сақтауға міндетті және мемлекеттік билік органдары мен күштік құрылымдар ғана мемлекеттің тұгастығы мен қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін қажетті күш қолдану функциясын заң жүзінде қолдана алатындығын ескеру қажетті. Алайда, саяси практикадағы деградация мен құлдырау режимі басқа бағытты ұстануы да мүмкін. Бұл демократиядан бас тарту, тәртіпті сақтаудың күш қолдану методтарына өту, күш қолдану мәдениетін жандандыру мен дамыту. Сол себептен деградация мен құлдырау режимінің саяси практикасы аса күрделі. Мұнда көп нәрсе саяси күштердің нақты қарым-қатынастарына, халықтың менталитетінің ерекшеліктеріне, оның тарихи тәжірибесіне және байланысты болады.
Саяси практиканың маңызды проблемасы саяси қатынастар субъектілерінің саяси процестердегі өкілдігін қамтамасыз ету. Өкілдікті қамтамасыз ету формасы саяси партиялардың, партиялық жүйелердің, биліктің сайланбалы өкілдік органдарының құрылуына негізделеді. Демократиялық саяси мөдениеттің құндылығының өзі сонда, ол осы қалыптасқан әлеуметтік жағдайда саяси процестегі саяси қатынастар субъектілерінің толықтай өкілеттілігін қамтамасыз ететін тетіктерге ие. Осы тетік үздіксіз жетіліп отыру мүмкіндіктеріне ие. Саяси процестегі белгілі бір тенденцияларды көрсететін азаматтар ұйымдасқан түрде өздерінің мүдделерін жүзеге асыру үшін саяси ықпалдың методтары мен құралдарын жасақтай алады. Сайлау өкілеттілігі шешуші мәнге ие демократиялық қоғамда бұқара халық өзінің саяси процестерге катысуын, негізінен электорат ретінде жүзеге асырады. Электораттың қалыптасуы — саяси процестің қалыптасуының мәнді аспектісі. Саяси партиялардың. сайланбалы мемлекеттік құрылымдардың электоратқа тәуелділігі — саяси шынайылық. Сондықтан үкіметтің қалыптасуына, олардың шешім қабылдауына, ол шешімдердің жүзеге асуына ықпал етуге қабілетті барлық күштердің сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз ететін сайлау туралы заңды жетілдіре түсу қажет. Осы жағдайда, сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау — саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады Саяси процестің маңызды тұстары шешімдерді қабылдау жөне оларды жүзеге асыру үшін қажетті еріктің көңіл-күйін жасақтау болып табылады. Мұнда да қоғамның демократиялық саяси мәдениеті мен оны азаматтардың игеру дәрежесі шешуші мәнге ие. Саяси процеске қатысушылардың саяси мәдениеті ғана шешімдердің жетілгендігін, жауапкершілігі мен байсалдылығын анықтайды, ал олардың еріктік көңіл-күйі әлеуметтік сақтық пен сыншылдықпен байланысты. Саяси процестің ақырғы кезеңі саяси қатынастар субъекгілері қабылдаған шешімдердің жүзеге асуы болып табылады. Мұнда да саяси мәдениет саяси процестің мазмұнын анықтайды, шешуші түрғыда субъектілерге ықпалын тигізеді, олар қолданатын формалар, методтар мен құралдарды және олардың әрекеттерінің нәтижелілігін анықтайды.
Алайда осындағы ескеретін нәрсе, көп жағдайда мақсатқа жету саясаткерлер үшін шешуші мәнге ие болғанымен, қол жеткізілген нәтиже, жүзеге асқан мақсат оның барысында қолданылған кез келген құралды ақтай бермейді. Саясаттанулық түрғыдан алғанда қандай құралдар мен метод- тар арқылы мақсатқа жеткені және осы ретте саяси практиканың субъектісі қалай қалыптасқаны айтарлықгай маңызды, өйткені жеткен мақсат — үздіксіз саяси процестегі өтпелі кезең ғана, ал адамдардың тіршілік әрекетіндегі қызмет етуші саяси мәдениет мәні бойынша оның фундамен- талдігі , мәңгі негізі болып табылады. Демокрит айтып кеткендей, "азаматтық соғыс жауласушы екі жақтың қайсысына болса да қасірет. Өйткені оның салдары женуші үшін де, жеңілуші үшін де бірдей".
V. Жерді қайта құнарландыру
Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. ре — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және цұлтіво — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру.
Пайдаланған әдебиеттер
Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме
сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасыныњ ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов
Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға
еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов.
География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |