Лк №1 механика жоспар



бет12/12
Дата06.02.2022
өлшемі288,04 Kb.
#79216
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ЛК-1-ВО58(к)

Энергияның сақталу заңы.
Тек механикалық процестер өтетін жүйелер механикалық жүйе деп аталады. Егер тұйықталған механикалық жүйеде потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы тұрақты шама болса, мұндай жүйелер консервативтік жүйелер деп аталады.
Егер тұйықталған механикалық жүйеде потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы кемісе, механикалық энергия энергияның басқа түріне айналады. Мұндай жүйелер диссипативтік жүйелер деп аталады.
Дененің қозғалысы кезінде, кез келген уақыт мезетінде оның кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады:

Бұл табиғаттың негізгі заңы болып табылады. Энергияның сақталу заңын кеңірек түсіну мынаны көрсетеді: энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ғана ауысады. Энергияның бір түрі қаншаға кемісе, екінші түрі соншаға артады. Басқаша айтқанда, қозғалыссыз материя болмайды. Қозғалыс – материяның өмір сүру формасы.
Бақылау сұрақтары:
1.Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны.
2.Түзу сызықты бірқалыпты және бәрқалыпсыз қозғалыс.
3.Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу.
4.Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық және үдеу.
5.Динамика элементері. Ньютонның 1 –заңы. Инерция. Санақ жүйесі.
6.Ньютонның 2 –заңы, масса, күш.
7.Ньютонның 3 –заңы. Дене қозғалысының теңдеулері.
8.Импульстің сақталу заңы.
9.Жұмыс, энергия және қуат. Энергияның сақталу заңы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет