ЛК №1 МЕХАНИКА Жоспар: Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны. Түзу сызықты бірқалыпты және бәрқалыпсыз қозғалыс. Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу.
Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық және үдеу. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Динамика элементері. Ньютонның 1 –заңы. Инерция. Санақ жүйесі. Ньютонның 2 –заңы, масса, күш. Ньютонның 3 –заңы. Дене қозғалысының теңдеулері. Импульстің сақталу заңы. Жұмыс, энергия және қуат. Энергияның сақталу заңы.
Әдебиеттер 1.Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы, Қаз. Аграр. Унив. – Алматы:
Агроуниверситет, 2001 ж. 1 том: Механика. Молекулалық физика. Термодинамика.
2.Жұбанов М. Физиканың негізгі заңдары. – Алматы: Мектеп. 1989
3.Абдулаев Ж. Жалпы физика курсы: Оқу құралы. – Алматы: Ана тілі, 1991 ж.
4.Ақылбеков Ә. Физика: Техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған
оқу құралы. – алматы: Білім, 1997 ж.
5.Савельев И. В.Жалпы физика курсы. 1,2,3 т. Алматы, 1983.
6.Нұрқасымова С.Н. Физика (механика) – Астана, 2014
7.Нұрқасымова С.Н. Физика (молекулалық және термодинамика) – Алматы, 2015
8.Нұрқасымова С.Н. Физика (электростатика және магнетизм) – Алматы, 2017
Механика – механикалық қозғалыстар туралы ғылым. Механикалық қозғалыс деп санақ жүйесі ретінде алынған денемен салыстырғанда басқа бір дененің орын ауыстыруын айтады.
Кинематика гректіңkinematos - қозғалысдеген сөзінен шыққан. Кинематика – қозғалыстардың себептерін қарастырмай, тек түрлерін қарастырады.
Динамика – қозғалыстардың пайда болу себептерін қарастырады.
Макроскопиялық денелердің қозғалыс жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығынан өте аз болса, , онда мұндай қозғалыстарды қарастыратын механика классикалық механика, ал денелердің қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығымен шамалас болса релятивистік механика делінеді. Сонымен қатар, атомдар мен элементар бөлшектердің қозғалыс жылдамдықтарын зерттейтін механика кванттық механика болып табылады.