Импульстің бағыты жылдамдықтың бағытымен бағыттас. Бұл теңдеу ілгерлемелі қозғалыстағы материалдық нүкте үшін тура келеді, ал қозғалыстағы материалдық нүктелер жиынтығынан тұратын дене үшін толық импульс:
немесе екі әсерлесетін бөлшектердің тұйық жүйесінің толық импульсы:
Импульс – векторлық шама, өлшем бірлігі –
Ньютонның екінші заңы денелердің өзара әсерлесуі және ілгерлемелі қозғалысы кезінде оларда болатын өзгерістердің байланысын сипаттайды. Сондықтан, бұл заң ілгерлемелі қозғалыс динамикасының негізгі заңы болып табылады. Ол былай тұжырымдалады:
Дененің алған үдеуі, әсер етуші күшке тура пропорционал, ал дене массасына кері пропорционал және әсер етуші күштің бағыты бойынша өзгереді:
соңғы теңдеуді деп жазсақ, мұндағы – өте dt аз уақыт ішіндегі күш импульсі болып табылады.
Ньютонның бірінші заңы екінші заңының дербес түрі, оны былай түсіндіруге болады. Егер әсер етуші күш , тең болса, онда дене үдеу алмайды , яғни дене өзінің бастапқы тыныштық күйін немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс күйін сақтайды да, инерция заңына айналады.