Ньютонның екінші заңы Бұл заңды қарастырмас бұрын күш, масса, импульс сияқты физикалық шамаларды қарастырайық.
Масса Дененің, басқа денелер әсер етпеген кездегі өзінің жылдамдығын сақтауын инерттілік деп атайды. Материалдық нүктенің және ілгерілемелі қозғалыстағы дененің инерттілік өлшемін сипаттайтын физикалық шаманы –инертті масса деп атайды.
Масса - бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес, денелердің басқа денелермен әсерлесу қабілеттілігін де сипаттайды. Мұндай жағдайда, масса гравитацияның өлшемі болып табылатындықтан – оны гравитациялық масса деп атайды.
Дененің берілген нүктедегі тығыздығы деп дененің бір кішкентай бөлігінің dmмассасының, осы бөліктің көлеміне dV қатынасын айтады.
Күш деп денелердің өзара әсерлесуінің нәтижесінде бір-біріне үдеу беруін айтамыз. Денелердің өзара әсері бір-біріне үдеу беріп қана қоймай, бір-бірінің көлемі мен пішінін де өзгерте алады, яғни дененің бөлшектерінің орын ауыстыруы пайда болады.
- күш, күш векторлық шама. Өлшем бірлігі – 1Ньютон (Н):
1Н деп – күштің массасы 1кг денеге 1м/с2 үдеу беруін айтады.
Импульс