Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады



Дата08.11.2022
өлшемі16,4 Kb.
#157038
Байланысты:
Адам болып қалу


Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады. Ақ шашты ана өз баласының әйілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады. Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты.


Отыз жыл өтті.

Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және Ақ шашты ана тағы кездесті.


Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір – бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары – екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында.
Қара шашты ана сұрады:

  • Сенің ұлың кім болды?

  • Атақты сазгер, - деп мақтанышпен айтты.

Ақ шашты ана:

  • Ол қазір оркестрді басқарады, дирижер, қаладағы ең үлкен театрда, шынымен менің

ұлымды білмейсің бе? – деді.
Әрине, Қара шашты ана белгілі сазгерді жақсы білетін еді, үлкен табыстары жөнінде жақында ғана оқыған-ды.

  • Ал, сенің ұлың қайда, кім болды? - деп сұрады Ақ шашты ана.

  • Егінші. Колхозда тракторист, комбайнер, фирмада да жұмыс істейді дейді, - Қара шашты

ана. Көктемнен күзге дейін, қар түскенше менің ұлым егін салады, егін жинайды, жер жыртады сөйтіп отбасын асырайды. Біз ауылда тұрамыз. Оның екі баласы бар, қызы және ұлы.

  • Сонда да сені бақыт айналып өткен екен, сенің ұлың ешкімге белгісіз, қарапайым адам болыпты,- дейді Ақ шашты ана.

Қара шашты ана жауап қайтармады. Бір күн өтпей жатып Қара шашты ананың баласы алыстағы ауылдан келді. Анасымен сыбырласып ұзақ сөйлесті. Қара шашты ананың көзі қуаныштан нұр шашты. Ұлы кетіп бара жатып, үстелге жүзім, бал, алма қойып, «тез жазылыңыз», - деп анасының бетінен сүйіп қоштасты.


Ал Ақ шашты анаға ешкім келген жоқ.

  • Менің балам қазір концерт қойып жүр. Әйтпесе, келер еді, - деді ол. Қара шашты

ананың баласы күн сайын бал, алма, қарбыз, өз қолымен өсірген бидайдан пісірілген хош иісті нан әкеліп, келіп тұрды.
Қара шашты ана баласы келген сайын қуаныштан жазылып келе жатқандай еді.
Ақ шашты анаға ақыры ешкім келген жоқ. Бір ай өтті. Дәрігерлер Қара шашты анаға: «Сіз толықтай сап – сау адамсыз, жүрегіңізде шу жоқ, соғысы таза», - деді.
Ақ шашты анаға ....

«Сізге әлі де жату керек. Сіз де жазыласыз», - деді. Осыны айтып, дәрігер терезеге қарады (неге екені белгісіз).


Қара шашты ананы алып кетуге ұлы келді. Бірнеше қызыл раушан гүлдерін барлық дәрігерлерге үлестірді. Бәрінің жүзінде күлкі пайда болды.
Қара шашты анамен қоштасарда Ақ шашты ана:

  • Қымбаттым, сен өз ұлыңды қалай тәрбиелегеніңді айтшы? Сен бақытты екенсің, ал мен...

– деп көз жасын төгіп жіберді.

  • Мен саған шындықты айтайын, - деді Қара шашты ана.




  • Сенің ұлыңмен бір күнде туған ұлым қайтыс болған, ал мына балам - асырап алған ұлым! Мен оны үш жасынан асырап алдым. Осы күндері менің қалай қиналғанымды білсең ғой, сен үшін тіпті ауруханадан кеткім келген еді, менің ұлымның әр келгені саған уайым, қобалжу әкелді ғой.

  • Мен адамды жүрегіммен сеземін, ұлыма осыны үйреттім.



Адам болып қалу

В.Сухомлинский.


1. Екі ананың арманы орындалды ма? Қалай?
2. «Қара шашты ананы бақыт айналып өтті» деуге бола ма? Неліктен?
3. Қара шашты ананың тәрбиесіндегі данышпандық неде|?
4. Ақ шашты анаға қалай көмектесуге болады?


Бір күні үнді тайпасының данышпан қариясы өзінің кіші немересімен әңгілесіп отырды.
-Неге жаман адамдар болады?-деп сұрады елгезек немересі.
-Нашар адамдар болмайды-деді көсем. -Әр адамның екі бөлігі болады: ашық және күңгірт. Жанның ашық бөлігі адамды сүйіспеншілікке, мейірімділікке, бейбітшілікке, үмітке, шынайылыққа, қамқорлыққа шақырады. Ал күңгірт жағы өзімшілдікті, қастандықты, қызғанышты, өтірікті, алдауды, бұзақылықты қолдайды. Бұл екі қасқырдың арпалысы. Көз алдыңа елестетіп көрші, бір қасқыр ақ, біреуі қара. Түсінесің бе?
-Түсінемін,- деді, атасының сөзі жан дүниесін дір еткізген бала.
Бала кішкене ойланып қалды да атасынан:
-Соңында қай қасқыр жеңеді- деп сұрады.
Данышпан сәл жымиып:
- Әрдайым сен тамақтандырған қасқыр жеңеді - деді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет