2-ойын «Түсті тап» Мақсаты: заттардың түсін тауып, тани білу іскерлігін анықтау; түстің заттың пішініне, өлшеміне, неден жасалғанына қатысы болмайтындығы туралы білімдерді қалыптастыру; қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту.
Тәрбиешінің белгі беруімен балалар бөлмеден түсі аталған заттар іздейді және сол затқа қолдарын тигізіп көреді. Керекті затты таба алмаған немесе затты ең соңғы тапқан бала ойыннан шығады.
2-ойын. «Заттарды кім көбірек атай алады?» Мақсаты: заттарды айтылған белгілері бойынша таңдау іскерлігін бекіту; есте сақтауды дамыт; қоршаған дүние туралы білімді кеңейту. Балаларды айқын белгілері бар заттарды атауларын сұрайды. (өлшемдері жағынан – жалпақ, жіңішке, биік, төмен; жасалған материалы бойынша – ағаш, шыны металл, резеңке т.б.) әрбір дұрыс жауап үшін фишка береді. Кім фишканы көп жинайды сол жеңімпаз болады.